Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Парақорлық – дерт, күресу – міндет

22.11.2021
- Қоғам
0
521
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Сондықтан бұл тақырып үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Сол себепті алдымен пара берудің себептері мен пара алудың жағдайларын зерделеп, оны түп-тамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Пара беру де, пара алу да – пайдалы іске жатпайды, керісінше дінімізде ауыр қылмыс саналады. Асыл дініміз Исламдағы жетпіс үлкен күнәнің бірі – осы жемқорлық.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Араларыңдағы малды (дүниені) жаман жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар», – деп («Бақара» сүресі, 188-аят) ескерту жасаған. Мұның мағынасы «Би мен қазыларға мал-дүние ұсынбаңдар. Дүние беріп, олардың көңілін табуға, пара беріп, біле тұра өзгеге тиесілі мүлікті, игілікті қолды етпеңдер» дегенді білдіреді.

Жемқорлық пен парақорлық Құранда харам және қылмыс ретінде көрсетілген. Олар жайлы Алла Тағала «…өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер…» («Мәида» сүресі, 42-аят) делінген. Бұл аятта пара алып, арам табыспен күнелтетін яһудилер жайында баяндалады.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да өзінің  хадистері арқылы да парақорлыққа тыйым салған. Сахаба Абдулла бин Амрдың (оған Алла разы болсын): «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пара берушіні және пара алушыны қарғыс еткен», – деген риуаяты бар (Әбу Дәуіт, Термизи).

Сыбайлас жемқорлықпен күресте дін қызметкерлерінің де көмегі зор. Дін қызметкерлерінің адамгершілігі мен беделі халықтың сенімін нығайтуға үлкен үлес қоса алады. Себебі қазіргі таңда еліміз бойынша мешіттерде сыбайлас жемқорлықтың дінімізге жат нәрсе екені үнемі насихатталып келеді. Атап айтсақ, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінде 30 шара өтті. Жемқорлық туралы 2 видеоролик түсіріліп, өңір бас имамының тікелей қатысуымен 6 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ Ақтөбе облысының мешіттерінде параға байланысты 22 рет жұма намазында уағыз айтылды.

Ислам ғұламалары бірауыздан пара алудың харам екенін мақұлдаған. Тіпті алдын ала шарт етіп берген сыйлық та пара болып есептеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Уа, мүміндер! Алла Тағаладан қорқыңдар. Әркім ертеңі үшін не жібергеніне қарасын. Алла Тағаладан қорқыңдар. Шәксіз Алла Тағала не істегендеріңді толық біледі. Сондай-ақ Алланы ұмытқан, Алла Тағала оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне, солар – бұзақылар» дейді («Хашр» сүресі, 18-19 аяттар). Осыдан-ақ парақорлықтың қоғамның баяндылығын бұзатын індет екенін түсінуге болады. Өйткені пара жүрген жерде әділетсіздік орнап, адам мен қоғам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылады.

Пара берудің шариғатта үкіміне тоқталсақ. Біріншіден, пара алу мен пара беру және параға дәнекерлік жасау – харам. Сол себепті пара жолымен табылған табыс та харам болып саналады.

Екіншіден, пара ретінде берілген мүлікті не сыйлықты алу харам болғандықтан, оны иесіне қайтарып беру – міндет. Егер алынған зат табылмаса, сол заттың құнына тең басқа зат қайтарылады. Егер мүліктің (параның) иесі табылмаған жағдайда, мұқтаж жандарға таратылады.

Қорыта айтқанда, жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті. Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, ең алдымен азаматтардың бойындағы әділдік, инабаттылық сияқты моральдық қасиеттерді барынша дамыту қажет. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының «Кеселді жалқау, қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас. Сыртың – пысық, ішің – нас, Артын ойлап ұялмас» деген өлең жолдарын әр адам өмір сүру қағидасының басты ұстанымы ретінде қабылдап, әр отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

Серікжан ЕНШІБАЙҰЛЫ,

Ақтөбе облысының бас имамы

Таңбалар: Парақорлықсыбайлас жемқорлық
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Пара беру мен жемқорлықтың зардабы
Қоғам

Пара беру мен жемқорлықтың зардабы

01.10.2025
Пара беріп оқысам, табысым адал бола ма?
Сұрақ-жауап

Пара беріп оқысам, табысым адал бола ма?

05.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Гүлшат БАҚЫТЖАН: Егемендіктің үш негізі – Тіл, Территория, Ата заң

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00