Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Гив ойнату туралы үкім

23.11.2021
- Қоғам
0
617
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!  

Гив (giveaway) – ағылшын тілінен аударғанда «беру», «тарату» деген мағынаны білдіреді. Бұл инстаграм әлеуметтік желісінде тіркелушілер санын көбейту мақсатында өткізілетін ұтыс ойыны.

Негізгі шарты – инстаграмдағы бірнеше парақшаға тіркелу, сондай-ақ «хабарламаларды қара», «репост жаса», «пікір қалдыр» деген сияқты басқа да талаптар болады.

Гив ойындарын ұйымдастыру әрі оған қатысудың шариғаттағы үкіміне келсек, оны төмендегі екі жолмен қарастыруға болады:

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

13.03.2026

1. Ойынға қатысу үшін тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса немесе бір өнімді (кітап, т.б.) сатып алуды шарт қойса [1], ол құмар болып саналады. Ал шариғатта құмар ойындарына тыйым салынған.

2. Егер парақшаға тіркелушілерден ешқандай кіру жарнасы алынбаса әрі ұтыс демеушілер тарапынан қойылса, онда рұқсат етіледі [2].

Бірақ төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

– Репост жасау керек болған парақшада шариғатта тыйым салынған нәрселер (сурет/видео/мәтін) болмау;

– Ұтыс сыйлығы харам зат болмау;

– Демеушілердің беретін қаражаты мен ұйымдастырушының алатын ақысы анық әрі нақты болу;

– Ұйымдастырушы тарап қанша адам жазылатынын нақты әрі ашық айту;

– Уәде етілген тіркелушілер санын жинап бере алмаса, жиналған адамның санына қарай қаражатты демеушілерге қайтарып беруі керек. Себебі келісімшарт нысаны дау тудырмайтындай анық әрі нақты болуы тиіс. Қайшы жағдайда келісімшарт дұрыс болмайды [3];

– Конкурс өткізуде алдап-арбау, алаяқтық сынды әрекеттер және тіркелушілерге қиянат жасалмауы тиіс.

ҮКІМ:

1. Гив ойынында парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса немесе бір затты сатып алу шарты қойылса, ондай конкурсқа қатысуға тыйым салынады. Одан тапқан табыс шариғат бойынша харам болады.

2. Тіркелушілерден кіру жарнасы алынбаса және ұтыс демеушілер тарапынан қойылса, шариғат бекіткен шарттар толықтай орындалса, ол ойынға рұқсат етіледі.

Ескерту: Қазіргі таңда көптеген ұтыс ойындарында шариғат бекіткен шарттар толық орындалмайтынын ескерген жөн. Сондықтан мұндай ойындардан сақ болу керек.

[1] Кейбір кәсіпкерлер біршама айлакерлік танытып, белгілі бір соманы төлеуді емес, белгілі бір өнімдерді сатып алуды шарт етеді. Мұндай конкурсқа қатысудың рұқсат етілуі не тыйым салынуы қатысушы адамның ниетіне байланысты. Егер тауарды ұтысқа қатысу мақсатында сатып алса, онда шариғатта тыйым салынады. Ал сатып алушы өзіне қажетті тауарды сатып алу барысында ұтысқа қол жеткізіп жатса, оның оқасы жоқ.

[2] Әл-Мағаиру әш-Шарғия, 1287-бет.

[3] Әл-Фәтәуа әл-Һиндия, 4/411.

Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мәуліт мерекесінде 2 отбасы баспаналы болды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120906 бөлісті
    Бөлісу 48362 Твитерге 30227
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00