Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғұрыппен әмір ету – шариғат талабы

09.11.2021
- Қоғам
0
110
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Тағаланың адамзат баласын түрлі ұлт етіп жаратуында үлкен даналық пен белгі бар. Қасиетті кітабымыз Құранда: «Көктер мен жердің жаратылысы және тілдерің мен түстеріңнің әр алуандығы Оның (Алланың) белгілерінен. Шындығында, осында білушілер үшін, сөзсіз, белгілер бар» («Рум» сүресі, 22-аят) делінген.

Әр ұлттың болмысы мен өмір сүру дағдысына сәйкес дәстүрі мен салты қалыптасады. Ұлттың әдет-ғұрпы көпшіліктің қалауымен өмірге келеді. Әдет-ғұрып деген сөздің анықтамасы мынадай: ақыл-ойдың, логиканың құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер.

Әдет-ғұрып мұсылманның күнделікті өміріндегі кейбір мәселелерді шешуде айғақ ретінде қолданылады. Оны Ислам ғұламалары құптаған. Ханафи мәзһабының кейбір ғалымдары Ислам қағидаларына сай келген ғұрыпты нақты шариғи дәлел ретінде қарастыруға болатынын айтқан. Өйткені, Құранда Алла Тағала: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал» («Ағраф сүресі», 199-аят) деп әмір етеді.

Аллаға шүкір, қазақ халқы – ежелден мұсылмандықты ұстанып келе жатқан ұлт. Біздің ұлттық сана-сезіміміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз асыл дініміздің құндылықтарымен бірге дамыды. Бір-бірімен астасып, ажырамас құндылыққа айналды. Біздің әдептілік, адамгершілік қағидаттарына айналған моральдық принциптеріміз бен даналықты, ізгілікті насихаттайтын сан ғасырлық мұраларымыз Ислам дінінің ажырамас бөлігіне айналды.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Біздің күнделікті жұмысымыз уағыз-насихат істерімен тығыз байланысты болғандықтан халықты құлшылық жасауға шақырумен қатар, қалың бұқараны әдептілікке, жақсы мінез-құлыққа, мейірімділікке, имандылыққа үндейміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымыздың ұмыт бола бастаған асыл құндылықтарын қайта жаңғыртуға үлкен үлес қосып келе жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында еліміздің барлық имамдарына жолдаған бағдарламалық баяндамасында мүфтият 2021 жылы жеті бағыттағы жұмыстарға басымдық беретінін мәлімдеді. Сол жеті бағыт бойынша атқарылып келе жатқан жұмыстың бірі – қоғамға дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау.

Бұл – Діни басқарманың маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Мүфтият бұған дейін «Дін мен дәстүр сабақтастығы» бастамасы аясында бірнеше кітап шығарып, насихат жұмыстарына басымдық берді. Ендігі мақсат – асыл дініміз Ислам мен бабалар ұстанған салт-дәстүрлерімізді халыққа кеңінен насихаттау, дін мен дәстүрдің сабақтастығын келер ұрпаққа жеткізу, дәстүрді дәріптеу арқылы жат ағымның арбауына іліккен жастарды дұрыс жолға бағыттау.

Қанға сіңген қасиетіміздің бірі қанағатшылдықтың асылы дінімізде, әйелдеріміздің ибалылығының негізі де, үлкенге құрмет, кішіге ізет, әдептілік те, обал-сауапты білу, аманатқа қиянат жасамау, ешкімге жәбір көрсетпеуге тырысу, жапа шеккен жанның наласынан, жетім-жесірдің ақысын жеуден қорқу сезімі, ағайынгершілік, адал мен арам ұғымы барлығының негізі дінде жатыр. Сол сияқты туған елге, жерге қатысты отаншылдық, сүйіспеншілік сезімдері де имани сезімдермен астасып жатқан дүние.

Дініміз бен дәстүріміз жұртқа жәбір көрсету былай тұрсын, ала жіпті аттамауға үндейді. Тіпті, қазақ салтында анасына тіл тигізген баланы бүкіл елдің көзінше масқаралап, мазақ қылған. Радикализм, экстремизм деген ұғымдар мұсылман қазақтың санасында болмаған. Халқымызда ата-әже, ақсақалдар институты жақсы дамығанын баршамыз білеміз. Бүкіл ауылдың тыныс-тіршілігінен хабардар болып отыратын олар жесір мен жетімді жылатпай, дін мен дәстүрге қайшы әрекет еткен кісілерді жөнге салып, тіпті жазалап та отырған. Демек, діннен бастау алған ақсақалдар институты – қоғамның тәрбиешісіне айналған. Осындай құндылықтарды қайта жандандыруға имамдар да үлес қосуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған бағыты да ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан діни дәстүрлерімізді жаңғырту, елдің рухани құндылықтарының қайта түлеуіне үлес қосу. Қазақ халқы замана көшінен қалып қойған жұрт емес. Өзіндік мәдениеті, тілі, ділі, салт-дәстүрі, бабалар салып кеткен діни бағыты бар. Ол бағыт Құран Кәрім аяттары мен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне негізделген сара жол. Оның ішінде шариғаттағы іс-амал бойынша Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы, ал діни танымдық мектебі имам әл-Матуриди қалыптастырған жол.

Абдулла ибн Масғұдтан (оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта былай делінген: «Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың алдында жаман».

Аллаға шүкір, біздің дәстүріміз тек жақсылық пен ізгілікке шақырады. Былайша айтқанда, салтымыз бен дәстүрімізде ұялатын ештеңе жоқ.

Айдос ЖАМБЫЛҰЛЫ,
Жаңаөзен қалалық
мешітінің наиб имамы

Таңбалар: әдет-ғұрыпбасты тақырыписламсалт-дәстүр
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сотталғандар сынға түсті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00