Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
- Сұрақ-жауап
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

«Аққастың» мағынасын ертеректе бір естіп, өзіміз қолданбайтын сөз болған соң, ұмытып қалғаным бар еді. Жақында бір басқосуда әріптесіміз Мұқан Исахан «аққастың» «қасың ағарғанша ұзақ өмір сүр, аман бол» деген мағынада айтылғанын есіме салды.

         Адам қартайғанда қасы ең соңынан ағаратын көрінеді, сондықтан халқымыз ең ұзақ өмір сүру мөлшерін ақ қасты болумен анықтаған екен.

         «Аққастың» мәнісін этнолог Нұрсан Әлімбай да: «Қасың ағарып қартайғанша денің сау болсын, жамандық көрме, қайғы-мұңсыз өмір сүр» деген мағынаны білдіреді» деп таратыпты.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

         Түшкіргенде айтылатын басқа тілек сөздерге тоқтала кетсек, «мұңсыз болдың» мәнісі айқын; «сау болдың» бертінде орысша қолданыстың аудармасы ретінде қалыптасқаны белгілі. Ал «бер Тәңіріні» айтқанда халқымыз «Түшкіру – Рахманнан (Алладан), есінеу – шайтаннан» деген Пайғамбарымыздың хадисін ескеріп, түшкіруді Алладан ишарат ретінде қабылдап, сондай сәтте игі тілек тілеп қалуға тырысса керек. Осы үрдіспен біреу сөйлеп жатқанда екінші біреу түшкіріп қалса, сөйлеушінің «сөзім шын екен» деп ырымдап жататыны, «ақ сөйле!» деп тілек айтатыны да бар. Мұндай әдеттерге «Сөйлеп жатқанда түшкіру – сөздің дұрыс екендігінің белгісі», «Дұға етіп жатқанда түшкіру дұғаның қабыл болатынының белгісі» деген хадистер негіз болған.

         «Жәрекімалланың» мәнісін білмейтіндердің есіне сала кетелік, бұл арабтың «йархамукаллаһ» сөзінен шыққан. Мұсылмандық әдеп бойынша түшкірген адам: «Әлхамдулиллаһ» («Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ») десе, оған жауап ретінде жанындағы адам: «йархамукаллаһ», яғни «саған Алла рақым етсін», «Алла жарылқасын» деген мағынадағы сөзді айтады. Бұдан әрі түшкірген адам тарапынан «йәһдина уа йәһдикумуллаһ», яғни «Алла бізді де, сізді тура жолға салсын» деп жалғастыру үрдісі де бар.

         Қазіргі парапсихология ілімінің дәлелдеуінше, адам ағзасының әрбір өзгеріске ұшыраған сәті оның көкейкөзінің сол сәтте тереңірек ашылуына септесетін көрінеді. Сондай өзгеріс сәттерінде ойлаған ойдың жүзеге асу ықтималы (дін тұрғысынан алғанда – айтылған тілектің қабыл болу мүмкіндігі) жоғарырақ болатын көрінеді. Яғни отыру, тұру, жүру, ас ішу, босағадан аттау, үйден шығу, үйге кіру, көлікке отыру секілді әрбір қимыл өзгерісі болған сәтті парапсихологтар осындай оңтайлы сәтке балайды.

         Әрине, мұндай көзқарастарды қабылдау-қабылдамау – әркімнің сана еркіндігіндегі іс. Дегенмен осындай өзгеріс сәттерінің бәрінде Алла есімін ауызға алуды құп көретін дініміз бен сол діннің жазғанынан жазбаған дәстүрімізде бүгінгі ілімгерлер енді ашып жатқан жаңалықтың хикметі бағзыдан тұнып тұрған деп пайымдасақ, ақиқаттан алыс кетпейтін тәріздіміз.  

А.Әбдірәсілқызы

 

Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу25Твитерге16Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

Зайырлылық пен діндарлық бір-біріне қайшы ма?

21.09.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ақпаратты ақылмен пайдалан

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00