Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тарихи мешіттің қабырғасы табылды

08.10.2021
- Жаңалықтар
0
139
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ел шығысындағы Ислам өркениетiнiң тарихы тереңде жатыр. Бұл тақырып әлі де кеңінен зерттеуді талап етеді. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚМДБ «Дархан дала» жобасы аясында XVIII ғасырда Əбiлпейiз хан салдырған «Ханым патша мешiтiнің» орнын іздеу бойынша арнайы экспедиция ұйымдастырды. Археолог ғалымдар, тарихшылар мен өлкетанушылар қатысқан осынау шара нәтижелі аяқталды.

Аталмыш топ Абай ауданына қарасты Әбілпейіз өзенінің сол жақ жағасындағы Әбілпейіз ханның зираты орын тепкен аумақта ұзағырақ аялдады. Бүгінде бұл төбенің түстік беткейінде шикі кірпіштен қаланған ауқымды зираттың орны ғана қалған. Жергілікті көнекөздердің айтуынша, бейітте ханның тек ішкі құрлысы ғана жерленген, ал, сүйегі Түркістанда жатыр.

Ал, ең қызығы сол, тарихи мешіт сол жердегі төбенің басында орналасқан екен. Экспедиция мүшелері ауқымы 5 шаршы метр болатын қоршау мен құбылаға қарайтын есіктің орнын да тапты.

– Қоршаудың іші теп-тегіс, қабір орны жоқ. Қабырғасына қаланған тастар құлап, шашылыңқырап кеткенімен, негізгі пішіні бұзылмаған қалпы сақталған. Бұл мешітті биік, көрнекі жерге тұрғызғанын да аңғаруға болады, – деді бұл ретте аталмыш топ мүшесі, археолог-ғалым Айдын Жүнісханов.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Зерттеушілер мешіт көлемінің шағын, құрылысының қарапайым болуына қарап, Әбілпейіздің осы өңірге алғаш келген кезінде асығыстау салынған болуы керек деген болжам жасауда. Бұл шамамен 1745-1750 жылдардың тұсы саналады. Яғни, халқымыздың жоңғар соғысынан әлі ес жия қоймаған кезі.

-Әбілпейіз салдырған бұл мешітті шарты түрде ғана Шығыс өңірдегі алғашқы мешіт деп атауға болады. Өйткені, «Ханым патша мешіті» XVIII ғасырдың орта кезіне салынған. Ал, қазіргі қолда бар тарихи деректер бойынша еліміздің Шығыс өңірінде мешіттер салу негізінен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастау алады, – дейді зерттеушілер.

Енді Әбілпейіз хан салдырған осынау мешіт жайлы тарихи жазба деректерге тоқталайық. Бұл туралы Құрбанғали Халид «Тауарих хамса» кітабында: «Әбілпейіз Сыбан еліндегі Байғара бидің ауылына келіп қоныстанды. Шыңғыс тауының етегін жайлау етіп, қос өзеннің бойына салдырған мешітінің негізі (фундаменті) 1860 жылға дейін бар болған. Оның имамы Аюб қожа ишан болған, оның әулеті бүгіндері Мұрын елі ішінде. Ал «Ханым патша мешітінің» Қызылшілік деген жерде орны бар» деп жазады.

Өңіріміздегі Әбілпейіз мешіті жайлы осыған дейін жергілікті өлкетанушы Мұхаметбек Асылбеков өз зерттеу еңбектерінде тұшымды деректер келтірген болатын. Осы орайда Семей аймағы Бас имамы Асқар Әбітайұлы: «Жастарға және келешек ұрпаққа рухани танымы терең болған егеменді еліміздің тарихы, және дін мен ділін білу қара көздерге имани серпіліс берері анық…» Егер зерттеуші ғалымдар дерек пен дәйектерді толық жинастырып, ғылыми тұрғыда нақтыласа, бұл үлкен сенсациялық жаңалық болғалы тұр. Яғни, Шығыс Қазақстандағы мешіттер тарихы  бір ғасыр арыға жылжып, XVIII ғасырдан бастау алады деген сөз.

Тарихшылардың пайымдауынша, мешіттің «Ханым патша мешіті» деп аталуы Әбілпейіздің бәйбішесі, Нұралы ханның қызы Патшайымның атына байланысты қойылса болса керек. Кезінде осы жерде ханның үлкен әйелі отырған орда болған.

Ал, Әбілмәмбет ұлы Әбілпейіз – Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы қарама-қайшылығы мен ұрыс-жорықтары белең алған кезеңінде өмір сүрген көрнекті  тұлға, Жоңғария мемлекеті құлағаннан кейін қазақтардың шығыс өңірге қоныстануын басқарған қайраткер екендігін айта кеткен жөн.

Таңбалар: зерттеумешіттарих
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?
Сұрақ-жауап

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?

24.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Мәйітке үш нәрсе ереді..."

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00