Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінбұзарлық басбұзарлықтан да жаман

17.10.2021
- Ағымдар ақиқаты
0
130
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Талай тауқыметті басынан кешірген, толарсақтан саз кешіп, ақын Жұбан Молдағалиев айтқандай: «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының көрмегені кем де кем. Өткен тарихты еске алсақ, қуанып шаттанатын да, қабырғаны қайыстыратын да жайлар аз емес. Ел үшін, жер үшін талай атқа қонып, ұрпақ болашағы үшін досымен араласып, жауымен жағаласып күн кешті.

Кеңес өкіметі кезінде коммунистер атеистік үгіт жүргізіп, кейінгі жас ұрпақты «Құдай жоқ» деп сендірді. «Дін – апиын» деп ұққан кеңестік жастардың қатары артып, ғасырлар бойы Құдайға сенген халықты діннен айырды. Еліміздің аумағындағы мыңдаған мешіт-медреселер қиратылып, имам-молдалар қудаланды. Коммунистерді – ол не мұсылман, не христиан болсын, әуендетіп ағаш табытқа салып жерледі.

Сол заманда КСРО бойынша 150-ден астам халық рухани құндылықтарынан айырылып, ұлт ретінде тоз-тозы шыға бастады. Кейбірі мүлдем жойылып не орысқа сіңісіп кетсе, кейбірі дінінен ажырап, тілі мен салт-дәстүрінің бір бөлігін жоғалтып үлгерді. Соның қатарында біз де бармыз.

Алайда, Алла тағала Өзі қолдап, 1991 жылы егеменді мемлекет болдық. Осылайша, 30 жылдың ішінде Қазақстан деген мемлекетті дүниежүзі таныды.

Діни радикализмнің алғашқы белгілері қандай?

Рухани тәрбие – радикализмге қарсы иммунитет

10.12.2025
Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025

Десе де, тәуелсіздікке дейін, кеңес дәуірінде орын алған біраз келеңсіздіктердің салдары әлі де жоғалар емес. Еліктеуден алдына жан салмайтын жұртымыз жетпіс жылда өзге ұлттардың орынды да орынсыз, жақсы да жаман қасиеттерін бойына жұқтырды. Бүгін ойлап отырсақ, соның жақсысынан жаманы көп пе деп қаласың. Араққұмарлық, нашақорлық, тәнін сату, баланы жетімдер үйіне өткізу, ажырасу, неке тұрақсыздығы, денені жалаңаштап жүру, бейәдеп қылықтар жасау тәрізді шариғатқа кереғар әрі күнәлі көріністерге етіміз үйренді. «Орыс болғың келсе, бірінші қазақ бол» дейтін өзбек ағайындар қазақтың осы тым еліктегіш қасиетін дөп басып айтса керек.

Қазір ең түйткілі көп, күрделі мәселе дін болып тұр. Тәуелсіздік дінімізге еркіндік берді. Енді «тәубе» деп сол жолмен жүрудің орнына, қайдағы бір ағымдардың жетегіне ілесіп, бұра тартып, қоғамымызға іріткі туғызып жүргендер де бой көрсетуде. Бұл егемендіктің қадір-қасиетін мансұқ ету. Алла қолдап өз тізгінімізді қолымызға ұстатқан тәуелсіздікті құрметтеуіміз қажет. «Бояушы, бояушы дегенге, сақалын бояпты» демекші, дінге ерік бергеннің жөні осы екен деп, кейбір жастарымыз сол діннің байыбына бармай жат діндерге кіргені – парықсыздық. Ал дінді сату – Отанды сатқанмен бірдей емес пе?

Қазір қазақтың қаласы мен даласында миссионерлер аз ба? Олардың мақсаты – азғыру мен арбау, өз торына түсіру үшін ақшасын да, басқасын да аямайды. Жат ағымдарды бүркемелеп насихаттайды. Ор қазып, бетін көк шөппен бүркеп қояды. Жастарымыз сол орға қалай омақасқанын білмей қалады. Олардың жат пиғылдары экстремистік іс-әрекеттерге итермелеп, арамызға іріткі салуға, бүлік шығаруға бейім. Елімізде ішінара бой көрсетіп жатқан келеңсіз оқиғалар осының дәлелі.

Бабаларымыз: «Би екеу болса, дау үшеу болады», – деген ғой. Дін – біреу, оны бөлшектеушілер көп. Осыдан сақтану керек. «Ислам халифатын құрамыз» деушілердің де пиғылы жат. Жат ағымдардың жанамалап, дінімізде «бүйректен сирақ шығарып» жүргені көзге бірден түседі.

Ислам діні дәстүр-салтымызға ғасырлар бойы сіңісіп кеткендіктен, ол басқа жамауды қажетсінбейді. Дінді догмаға айналдырып, фанаттық көзқараспен қарау жақсылыққа апармайды. Бұл жөнінде күнделікті өмірден көптеген мысалдар келтіруге болады. «Арабтарға ұқсап адамды қайтыс болған күні жерлеу керек. Адам баласы бұл пәниден кеткен соң, бақи өмірде жүргендіктен мүлдем ұмыту керек. Құран оқудың қажеті жоқ, бейітінің басына бару дұрыс емес. Жетісін, қырқын, жылын өткізу, ас беріп, еске алу ағаттық», – деген сияқты қисынға келмейтін ақыл айтушылар шыға бастады. Олардың алдын алмаса, елді арандатуға себепші болуы мүмкін.

Ислам – ең соңғы дін. Алла тағала адам баласына 4 кітап түсірген: Забур Дәуітке (ғ.с.), Тәурат Мұсаға (ғ.с.), Інжіл Исаға (ғ.с.) және ең соңғы кітап Құран Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсті. Сондай-ақ, Алла тағала адам баласына қаншама пайғамбар жіберді, ең соңғысы Мұхаммед (с.ғ.с.). Алла тағала бәрін берді. Жүретін түзу жолды көрсетті, харамнан сақтандырды. Соған қарамастан пендешілікпен адасуымызға не жорық?! Дінбұзарлық басбұзарлықтан да жаман.

Қазақтың әу бастан ұстанғаны – Исламның Ханафи мәзһабы. Соны берік ұстанайық! Өздерің ғана шатаспай, өзгелерді де адастырып жүргеніңді ұқсаң етті?! Мұндай бейбастық әрекетке тоқтау салу керек. Алла тағала көрсеткен Құран кәрімнен даңғыл жол бар ма? Елбасы Н. Назарбаев: «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік», – деп текке айтпағаны белгілі.

Сөздің түйіні, Мұқағали ақын айтқандай: «Дін – ғылымның анасы», оның құпиясы да, тылсым сыры да шексіз. Мұсылман баласы Алланы жүрекпен сүйіп, ар-иманын таза сақтап, жат ағымдардан бойын аулақ салғанда ғана оның өмірі де, көңілі де нұрлы. Қазақ: «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» деп тегін айтпаған.

Қ. МАКИН

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдарсалафизмсекта
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақтөбе: Имамға автокөлік уақып етілді
Жаңалықтар

Ақтөбе: Имамға автокөлік уақып етілді

09.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сәдуақас қари ОЛЖАБАЕВ: Мұсылманға аят-хадистен артық мотивация жоқ

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00