Қазақстан Ауғанстанмен қарым-қатынасты одан әрі жалғастыра ма? Қазақстандық дипломаттар неге Кабулда жұмыс істеуді жалғастырып жатыр? Қазақстан азаматтары «Талибанның» билікке оралғаны үшін алаңдауы керек пе? Tengrinews.kz тілшісіне осы және басқа да сұрақтар бойынша Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Талғат Қалиев жауап берді.
– Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында «Біз сыртқы күйзелістерге және оқиғалардың нашар сипатта өрістеуіне дайындалуымыз керек», – деп мәлімдеді. Қазақстан қандай жағдайға дайын болуы керек?
– Президент Ауғанстандағы жағдайға өзінің стратегиялық көзқарасын білдірді. Менің ойымша, әңгіме Ауғанстандағы жағдайдың өңірлік және жаһандық ахуалға ықпалы турасында болды. Кейінгі оқиғаларға байланысты, жақсы деңгейден нашар деңгейге дейін түрлі жағдай орын алуы мүмкін.
Ең жаман жағдай қашан да кейінгі әрекеттердің негізінде болады. Әрине, Ауғанстандағы жүйенің өзгеруінің өзіндік салдары бар. Қазір әлем елдері Ауғанстанда не болып жатқанын мұқият қадағалап отыр. Олар Ауғанстанның жаңа билігінің ішкі және сыртқы саясаттары қалай жүретіні туралы мәлімдеме жасауын күтуде. Сонымен қатар жағдай Ауғанстанның жаңа билігі ешқандай шұғыл әрекет жасамайтындығына байланысты, дәлірек айтқанда, бұл ішкі саясатқа, халықаралық, гуманитарлық құқық нормаларына, әйелдер мен балалар құқықтарына, ұлттық азаю, жалпы адам құқықтарын сақтауға қатысты. Бұл – Қазақстанның емес, БҰҰ-ның да пікірі.
– Ауғанстандағы жағдай қазақстандықтарға қауіпті ме?
– Мәселені жан-жақты қарастырған жөн. Кейбір сарапшылардың пікірінше, асыра айтқанда, тікелей қауіп – «Орталық Азияға Талибанның шабуылы». Олардың негізгі қызығушылығы – өз елдерінің іші.
Тағы бір мәселе – босқындарға қатысты. БАҚ-тан байқағанымыздай, Ауғанстан азаматтары әртүрлі себеппен елден кетуге тырысып жатыр. Бұл – үлкен мәселе. Осы туралы АҚШ-та, Еуропада және босқындар барып жатқан көрші елдерде ашық айтылады.
Қазақстанға келетін болсақ, тағы бір мәрте айтқым келеді: Қазақстан өз аумағына ауған босқындарын қабылдауды жоспарламайды және қабылдамайды.
– Алғашқы күндері Қазнетте Ауғанстаннан келген босқындарға арналған лагерь құру туралы ақпарат таралды.
– Осыған байланысты ҚР ТЖМ өз мәлімдемесін жасады. Бұл – әдеттегі жоспарлы, күнделікті жұмыс. Аймақта белгілі бір жағдайға байланысты іс-шаралар орын алды. Яғни бұл тек ауған босқындарына қатысты деген сөз емес. Ол көрші мемлекеттерден келетін босқындарға арналуы да мүмкін. Мемлекеттік органдар жағдайды дамытудың ең нашар үлгілерін де еңсеріп шығады.
– Шымкентте де, басқа қалаларда да лагерьлер құрылмай ма?
– Жоқ, құрылмайды. Бірақ бәрі жағдайдың қалай дамитындығына байланысты.
– Қазақстан Ауғанстанмен одан әрі дипломатиялық қатынастарды жүзеге асыра ма?
– Біз Кабулдағы дипломатиялық қызметімізді сақтаймыз. Біздің елшілік қалыпты режимде жұмыс істейді. Елші жұмыс орнында. Бұл – өте ерекше жағдай, іс жүзінде мемлекеттік төңкеріс болды деуге де болады. Енді Ауғанстанның жаңа билігіне қатысты жағдайды бақылау керек. Өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның 1267 қарары бар, осыған сәйкес Талибан басшылығының кейбіреуі санкцияға ұшырайды.
БҰҰ-ның бұл қарары бірқатар мемлекеттерге арналған. Соның ішінде Қазақстан Талибан қозғалысын террористік ұйым деп таниды және оған ел аумағында тыйым салады. Әрине, біз БҰҰ-ның бағытын ұстанамыз, бұл туралы пікірталастар Нью-Йоркте талқыланып жатыр. Көптеген мемлекеттер «Талибан» ұйымымен байланыс жүргізіп жатыр.
Қазақстанға келетін болсақ, 15 тамызда «Талибан» үкіметі Кабулға кіргеннен кейін елшілікпен байланыс жасады. Әңгіме Қазақстан елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы болды және Талибан тарапынан бұған кепілдік берілді. Бұл бірінші кезектегі міндет. Дипломатиялық бағыттағы кез келген дұшпандық әрекет бүкіл мемлекетке қарсы дұшпандық әрекет ретінде бағаланады.
– Сондықтан дипломаттарымызды сол жерде қалдырдық па?
– Соның ішінде, Кабулдан кетудің белгілі бір қауіпті тұстары бар. Қазақстан ешқашан Ауғанстанға қатысты теріс пікір білдірген емес. Біз әрқашан азаматтық соғыстың аяқталуына және ұлттық татулыққа шақырдық.
– Сіз «соның ішінде» дедіңіз, тағы қандай себептері бар?
– Кету – әрқашан оңай, оралу – қиын. Жағдайды бақылау керек. Оған қоса, Президент этникалық қазақтарды Отанына қайтару туралы тапсырма бергенін ұмытпаңыз. Қазақстан елшілігінің барлық қызметкерлері қазір осы жұмысқа жұмылдырылған. Елшіліктің мәліметі бойынша, онда 13-ке жуық отбасы, яғни 200-ге жуық адам тұрады.
Бұл әрекет уақытты қажет етеді, өйткені ұлтын растайтын құжаттарды көрсетуі керек. Бұл комиссияда қаралады. Мемлекет басшысы барлық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды. Елден кету немесе қалу – әркімнің өз таңдауы. Жақын арада олар Ауғанстаннан шығады деп үміттенеміз.
Ондағы қазақтардың нақты санын анықтау қиын. Қазақ диаспорасының белсенділері елшілік қызметкерлеріне іздеуге көмектесіп жатыр. Қазақтар Ауғанстанның әр жерінде өмір сүріп жатыр. Байланыс пен көлік тапшылығына байланысты бұл жағдай күрделене түсті. Елшілік қазақтарды ғана емес, қазақстандықтарды да табу үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Ақылы рейстер қайта басталады деп үміттенеміз. Қажет болса және мүмкіндік туып жатса, біз борттың жіберілуін қарастырамыз.
– «Талибан» Қазақстанның іс-әрекетіне қалай қарайды? Қорқыныш жоқ па?
– Біздің ақпаратымыз бойынша, Ауғанстанның жаңа билігі бұл жұмысқа кедергі келтірмейді.
– БҰҰ қызметкерлері Алматыға көшірілді. Оларды басқа қандай елдерге көшіру қарастырылды? Олар мұнда қанша уақыт жұмыс істейді? Алматы олар үшін тұрақты жұмыс орны болып қала ма?
– БҰҰ-ның Ауғанстандағы кеңсесінің орын ауыстыруы – еліміздің орасан зор дипломатиялық жеңісі. Мұнда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, кадр дипломатының, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ Еуропалық кеңсесі басшысының беделі басты рөл атқарды. Алматыдағы кеңсені Қазақстанға ауыстыру кездейсоқ болған жоқ, бұл БҰҰ-ның саналы таңдауы болды. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін Қазақстан Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы бастама көтерген болатын.
Қазіргі жағдайда БҰҰ кеңсесі өңірлік орталығын құру біздің күшімізді нығайта түседі. Мұндай орталықтар Еуропада бар, енді Орталық Азияда да БҰҰ орталығын құруға негіз бар деп ойлаймыз.
Кеңсені ауыстырар алдында, БҰҰ штаб-пәтерінде және БҰҰ ресми өкілдерінің Нұр-Сұлтанға ресми сапары кезінде келіссөздер жүргізілді. Осыдан кейін Президент БҰҰ шешімін қабылдауға дайын екенімізді айтты. Жалпы саны екі рейсте Кабулдан әрқайсысы 135 , 108 адам тасымалданды. Бәрі – осы мақсаттағы және БҰҰ-ның басқа агенттіктерінің қызметкерлері. Олардың елде болу мерзімі Ауғанстандағы жағдайға тікелей байланысты. Қаншалықты ұзаққа созылатыны туралы әзір айта алмаймыз. Ауғанстанда жағдай тұрақтанғанда, кеңсе Кабулға оралады. Мүмкін келесі жылы болуы мүмкін. Бұл туралы айтуға әлі ерте.
– Ауғанстаннан келген студенттердің жағдайы қалай, олар оқуға оралды ма?
– Қазақстанда Ауғанстаннан 200-ге жуық студент білім алып жатыр. Олардың бір бөлігі Еуропалық Одақ гранттарында, бір бөлігі Білім министрлігінің гранттарында, қалғандары өз қаражатына 12 ЖОО-да білім алуда. Қазақстандық жоғары оқу орындары ауған студенттері арасында танымал. Бұл жағдай оларды таң қалдырды.
Президент ауған студенттеріне барынша көмек көрсетуді тапсырды. Ең алдымен, визаларды ұзарту туралы туралы тапсырма берілді. Кейбіреуі қазақстандық жоғары оқу орындарын бітіреді. Оларда виза мерзімі аяқталып жатыр. Біз визаларды ұзартамыз, оларға елде қалуға және қалаған жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береміз. Жағдайға байланысты біреу Қазақстанда қалуы мүмкін, біреу Қазақстаннан кетуі мүмкін немесе басқа елге кетуі мүмкін. Бұл шешімді студенттер өздері қабылдайды. Бірақ көпшілігі қалып, оқуды жалғастырғысы келеді.
Биыл 100 шақты жаңа студент қабылданды. Оларға оқуды бастау үшін виза беріледі. Бір сұрақ бар: жаңа билік оларға елден кетуге мүмкіндік бере ме? Біздің білуімізше, жаңа министрлер, бөлім басшылары тағайындалып, жаңа мемлекеттік құрылымдардың қарқынды қалыптасуы жүріп жатыр. Нақты ресми хабарландыруды күтудеміз.
– Ауғанстанмен сауда жалғаса ма?
– Адамдар күнделікті ішіп-жеуі керек. Билікке басқа күштер келгендіктен, халық сауда-экономикалық жағынан зардап шекпеуі қажет. Ауғанстанмен сауда көлемін қалай сақтауға және ұлғайтуға болатыны туралы белгілі бір шешімдер қабылданады, өйткені бұл ел – қазақстандық ұнның негізгі тұтынушысы.
– Ауғанстанның бұрынғы президентінің әрекеттеріне баға бере аласыз ба?
-Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ғанидің Талибанның билікке келуіне дейінгі іс-әрекетіне баға беру қажет. Шынында да, қарсылық болған жоқ. Бәрі тез болды. Қорғаныс күштеріне, қауіпсіздікті және армияны дайындауға үлкен қаражат жұмсалғанына қарамастан, Гани бастаған Ауғанстан үкіметі елді қарсылықсыз тапсырады деп күткен жоқ.
– Тағы бір мәртt анықтап сұрайын: қазақстандықтар Ауғанстандағы жағдайға алаңдауы керек пе?
– Жақсы сұрақ. Қазақстандықтар Президенттің таяудағы Жолдауында белгіленген жайттарға назар аударғаны жөн. Мен қазақстандықтарды Сыртқы істер министрлігі және басқа да мемлекеттік мекемелер азаматтарымыздың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанына сендіргім келеді.
Әңгімелескен Ботагөз Айтжанова