Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуразияда бейбіт және тұрақты болашақ қалыптастыруда зор серпіліс керек – Тоқаев

17.09.2021
- Жаңалықтар
0
104
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дәсүрлі қонақжайлылығы мен Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді, сондай-ақ, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді туған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы биыл ұйым үшін ерекше жыл екенін және осыдан жиырма жыл бұрын тарихи қадам жасалғанын, яғни ШЫҰ-ны құру туралы Декларация қабылданғанын атап өтті. Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының еуразиялық кеңістіктегі халықтардың қауіпсіздігі мен өсіп-өркендеу жолындағы тиімді ынтымақтастыққа деген ұжымдық ерік-жігерін бүкіл әлемге танытқанын айтты.

Ортақ күш-жігердің арқасында ШЫҰ әлемдегі табысты әрі беделді өңірлік бірлестікке айналды. Аталған ұйым жауапкершілік тұрғысынан зор демографиялық, қаржылық, шикізат ресурстарына, сондай-ақ, қуатты технологиялық әлеуетіне сүйенеді. Ауқымды нормативтік-құқықтық базасы қалыптасып, барлық деңгейдегі ықпалдастықтың тиімді тетіктері жолға қойылған. Ұйымның халықаралық байланыстары жылдам кеңейіп келеді. Үндістан мен Пәкістанның қосылуы ШЫҰ-ның күшеюіне ықпал етіп, оның жұмысына трансеуразиялық сипат бергені сөзсіз. Иранды толыққанды мүшелікке қабылдау рәсімінің басталғаны туралы шешім, сонымен қатар, Мысыр, Сауд Арабиясы және Қатар елдеріне диалог бойынша серіктестер мәртебесінің ұсынылуы Ұйымның Таяу Шығыстағы беделін одан әрі арттыра түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұның бәрі «Шанхай рухы» ынтымақтастығының өзектілігін және бірегейлігін нақтылай түседі.

Бұл – халықтардың «құқық күштінің жағында» дегенді жоққа шығаратын, теңқұқықты ынтымақтастыққа және жаһандық күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселе бойынша тиімді ықпалдастыққа негізделген ұжымдық рух. Бірлікті көздейтін осы рух дамудың түрлі моделіндегі және әлемдегі ахуалға қатысты негізгі мәселелер жөнінде әртүрлі көзқарас ұстанатын елдерді ұйыстырады. Сонымен қатар, ол ортақ игілік үшін бірлесе жұмыс істеуге, халықтардың тарихи және саяси дәстүріне, олардың тұрмыс-салты мен менталитетіне қарамастан, жасанды стандарттар мен критерийлерді тықпалауға қарсы шығуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ әрдайым ашық әрі транспарентті құрылым болып қала береді деп санайды. Оның қызметі өзге елдердің мүддесіне қарсы бағытталмаған. Қазіргі уақытта Ұйым дамудың мүлде жаңа кезеңіне аяқ басқалы отыр. Бұл қадам халықаралық жүйенің ауқымды өзгерістерімен тұспа-тұс келеді.

Әлемдегі деструктивті үдерістер коронавирус пандемиясы басталғалы бері күшейе түсті. Бұл жер шарындағы адамдардың денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, әлемдік экономикалық және саяси жүйенің негізіне зиянын тигізді. Ауғанстандағы кезекті жағдай көптеген елді, ең алдымен, көршілес мемлекеттерді жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет қалдырып, өңірдегі ахуалды бірден өзгертіп жіберді. Мұндай жағдайда біз жаһандық өзгерістерге жақсылап дайындалуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

Таңбалар: тұрақтылық
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ішкі саясат іргетасы – бірлік пен тұрақтылық
Сұхбат

Ішкі саясат іргетасы – бірлік пен тұрақтылық

14.11.2025
Видео

Зайырлылық – тұрақтылық тірегі

05.12.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Камиль МУЛЛАШЕВ: Рухани кемелденудің қайнары – Көркемөнер

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121101 бөлісті
    Бөлісу 48440 Твитерге 30275
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00