Бейсенбі, 9 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Заңнамамызда «кибербуллинг» термині жоқ

10.08.2021
- Қоғам
0
97
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің дамуы киберкеңістіктегі қылмыстардың көбеюіне алып келуде. Халық көбіне білім саласы, медицина, әлеуметтік салалар, банк жүйесінде түрлі қылмыстың құрбанына айналады,фЯ дейді заңгерлер. Бұл туралы мамандар MEDIA CLUB QAZAQSTAN алаңында өткен кездесуде баяндады.

Халықаралық заңгер, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің аға оқытушысы Дана Мұхамеджанованың айтуынша, еліміздің заңнамасында кибербуллинг термині қарастырылмаған.

«Кибербуллинг түсінігі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған. Құқықбұзушылық пен залалдың нұқсанына байланысты әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жала жабу немесе адамның жеке басына қол сұғу мәселелері, адамға ақпараттық жүйелер арқылы зорлық-зомбылық жасау, қорлау сияқты түрлі қылмыстары үшін жауапкершілік салааралық нормативтік құқықтық актілерде бекітілген.

Өз кезегінде технологиялық компанияларға  қолданушыларын, әсіресе балалар мен жастар сияқты әлеуметтік желілер тұтынушыларын қорғау міндеті жүктелеген. Халықаралық тәжірибеге қарайтын болсақ, кейбір мемлекеттерде киберқорлықтың құрбандары интернеттегі қауіпсіздігін арнаулы органдарға немесе әлеуметтік желілердің әкімдігіне жүгіну арқылы сақтайды. Ол үшін әкімдік қорлайтын ақпарат жіберуші аккаунт иесін уақытша немесе біржолата шектейді не бұғаттайды.

Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат

Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат

03.10.2025
Дархан Қыдырәлі: Әріптестерімді дәйекті деректерге ғана сүйенуге шақырамын

Фейк ақпаратты қалай ажыратамыз?

01.10.2025

Көптеген мемлекетте кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біраз заңдар қабылданған. Соның бірі – 2000 жылғы Children’s Online Privacy Protection Act заңы. Аталған құжаттың аясында виртуалды әлемде балаларды теріс пікірден, зорлықтан, әлімжеттіктен қорғайтын ережелер қарастырылған. Өкінішке қарай, Қазақстанда ондай бөлек құжат жоқ», – дейді халықаралық заңгер.

Кез келген адам кибербуллинг құрбанына айналуы ғажап емес. Психолог Серікгүл Сали ондай жағдайға тап болған адам кибербуллингті қиындық ретінде емес, рухани дамуына жасалған қадам ретінде қабылдауы керектігін айтты.

​«Әлеуметтік желіде кибербуллингке тап болмайтын адам жоқ. Өмірде барлығына ұнау мүмкін емес, виртуалды әлемде де сізді ұнатпайтындар табылады.  Ондай жағдайда адам өзінің жалғыз емес екенін естен шығармау қажет. Жақындарымен сөйлесіп, теріс пікір жазушыларды бұғаттап, қажет болса, бірнеше күн әлеуметтік желіге кіруден бас тарту керек.

Жалпы, мұндай жағдайды бастан кешірген адам сынып қалмай, керісінше, рухани әлемді бекітуге арналған саты деп қабылдауы керек. Кибербуллинг балалар арасында көп кездеседі. Бұл жағдайдан бала өз бетімен шыға алмайды, жаман мен жақсыны ажыратуды білмейді. Сондықтан ата-анасы, мұғалімдері, мектеп психологы көмектесуі керек. Оған үлкендер араласпайынша, буллинг тоқтамайды», – дейді психолог маман.

Заңгерлердің айтуынша, кибербуллингке тап болған адам, ең алдымен,  аккаунтын үшінші тұлға кіре алмайтындай жабуы керек. Сондай-ақ әлеуметтік желі әкімшілігіне балағаттау және қорлау мақсатында жазылған пікірлердің скриншоттарын жіберіп, фактіні растау керек. Бұл әрекеттер тиімсіз болған жағдайда, құқық қорғау органдарына немесе kz-cert.kz компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне өтініш жазу немесе 1400 «жедел желіге» хабарласу қажет.

MEDIA CLUB QAZAQSTAN

Таңбалар: әлеуметтік желібасты тақырыпинтернет
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды

06.10.2025
Пара беру мен жемқорлықтың зардабы
Қоғам

Пара беру мен жемқорлықтың зардабы

01.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Ихсан» сөзінің толық мағынасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті

08.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою