Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Халифа Алтайдың немересі: Норвегияда аз ғана қазақ тіліміз бен дәстүрімізді сақтап отырмыз

20.08.2021
- Сұхбат
0
161
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Көпшілік Еуропада туып-өскен қазақтар, әсіресе жастар қазақ тілін білмейді деп ойлайды. Бірақ Нор­ве­гия астанасы Ослода туып-өскен Мехмет Алтай бұ­­лай ойлау қате екенін алға тартады. Мехмет – Құ­ран­ды қазақ тіліне тәржімалаған ғалым, дін және қо­ғам қайраткері, жазушы Халифа Алтайдың не­мересі. Шетте туса да, қазақ тілінде еркін сөйлеп, мә­­дениетін ұстанатын Мехметке хабарласып, әң­гі­ме­ге тартқан едік.

– Еуропада тұратын қазақтардың ба­сым бөлігі әр жылдары Түркиядан қо­ныс аударғаны белгілі. Сол секілді сіз де Норвегияға Түркиядан көшіп келдіңіз бе?

– Жоқ, мен 1986 жылы Норвегия ас­та­на­сы Осло қаласында дүниеге келгенмін. Әкем 1970 жылдары Түркиядан Норвегияға қо­ныс аударған. Анам Сәния екеуі сонда қа­лып жұмыс істеуді ұйғарған. Алайда 1993 жы­лы әкем «Норвегияда осы тұрғанымыз же­тер. Туыстар жаққа қайтайық» деп бізді Түр­­кияға көшіріп әкетті.

Түркияда мектепті бі­тірген соң, Стамбұл техникалық универ­си­­тетіне инженердің оқуына түстім. 2006 жы­лы әкем қатты сырқаттанып қалды, сөй­­тіп, дұрысы ол кісінің Норвегияда ем-дом алғаны жөн болар деп, отбасымызбен Норвегияға қайта көштік.

Расписание времени поста и намаза по городам Карагандинского региона

Ең ұлық амалдар

25.11.2025
Мейірім бар жерде береке болады

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025

Сосын 20 жа­сымда Тронхейм қаласында орналасқан Нор­вегия ғылым және техникалық уни­вер­ситетінде электронды инженерия маман­дығы бойынша білім алдым. Кейіннен м­а­гистратура бөлімінде оқыдым.

Қазір Ослода Silicon Labs деген америкалық компанияда аға инженер-электроник болып жұмыс іс­теймін. Әпкем Дилек те осында мемле­кет­тік қызмет атқарады. Өзім Гүлжан есімді Түр­кияда туып-өскен қазақ қызымен шаңы­рақ құрғанмын.

– Түркиядан Қазақстанға біржола қоныс аударып, ислам дінін уағыздап, оның ел арасында таралуына айрықша үлес қосқан атаңыз Халифа Алтай қайтыс болғанда он жеті-он сегіз жаста бол­ған екенсіз, есептеп қарасам. Ол кісі туралы есте қалған естеліктер көп шы­ғар…

– Иә, атам қайтыс болғанда он жеті жас­­­та болатынмын. Әлбетте, біраз нәрсе есім­де. Ең есімде қалғаны, бәрімізге үнемі уа­­ғыз-насихат айтып, біздің бола­ша­ғымыз­ға қатты алаңдайтын. Норвегияда немесе Түркияда болсақ та хабарласып, барлы­ғы­мызбен әңгімелескенді жақсы көретін. Тіпті қайтыс болардың алдында да бізбен сөй­лесті.

Халифа атаның төрт ұлы, атап айт­сам, Әбдулсаттар, Әбдулсамет, Әбдірайым мен Аднан және Шәкира, Шәкура, Мәшкура мен Әйтен атты төрт қызы бар. Мен ол кісі­нің үлкен ұлы Әбдулсаттардың баласымын. Атам­ның менен бөлек, он алты немересі бар. Сол немерелерден тараған шөберелер қан­шама. Олардың барлығы атаның қандай ғұ­лама, ғалым болғанын жақсы біледі.

Атам­ның мыңдаған аударма жұмысынан бө­лек, қызық деректерге толы бірнеше туын­дысы бар. Мысалы, «Атажұрттан Ана­долыға дейін» атты туындысында ол кісі Алтайдан Гималайға, сосын Үндістан мен Пәкістанға, ақыр соңында Түркияға келіп тоқ­таған қазақтардың көшін сипаттап жаз­ған.

Ал «Естеліктер» деген шығармасында ба­ла кезінен түртіп жүрген ерекше есте­лік­тер­ді тізіп шыққан. Одан бөлек, «Қазақ түрік­­терінің шежіресі» атты тамаша туын­ды­сы бар.

– Көпшілік Халифа Алтайды «Құ­ран­ды қазақ тіліне аударған ғалым» деп біледі ғой?

– Қазақтар атамды молда, ғалым деп та­­ныса, ол кісі біз үшін немерелері десе жа­нын төсеуге әзір жан болды. Жоғарыда ай­тып өткенімдей, ол кісі бізбен әңгіме-дүкен құр­ғанды жақсы көретін.

Әлі есімде, жасы жет­піске таяса да, бізбен бірге жас балаша ой­найтын. Сондай-ақ, қалжыңмен қағытып, әсер­лі әңгіме айтып, бізді үнемі күлдіруге тырысатын.

Тағы бір есімде қалғаны, атам мені Құран курсына ертіп апар­ған болатын. Сол кезде жиналған көп­шілікке «Мына бала – менің немерем!» деп мені ерекше мақтанышпен таныс­тыр­ғаны есімде.

Сондай-ақ, Түркияда, Норвегияда оқып жүрген немерелері емтихан тап­сырмас бұрын атамның олар үшін дұғада болуын сұрайтын. Атам көпшіл кісі еді ғой. Бар­лығына бірдей қарайтын, ешкімді бөле-жар­майтын.

Түркия қазақтарымен қатар, Қа­зақстандағы қазақтардың исламға бет бұруына септігін тигізу үшін тынбай еңбек етке­нін білетін боларсыз. Ол қазақ халқы­ның ислам жөніндегі түсінігі дұрыс қалып­тассын деген мақсатты берік ұстанды. Атамның айтқан насихатын біз де әлі күнге дейін жадымыздан шығармаймыз, ол кісі­нің айтып кеткен өсиетінің мән-мағынасын енді түсініп жатқандаймыз.

– Сұхбат басында «Қазақша сөз­де­рім­­­ді түсінбей қалсаңыз, қайта сұрарсыз. Қазақшам онша емес» дедіңіз. Бір­ақ қазақша тәп-тәуір сөйлеп тұрсыз…

– Біз үйде қазақша сөйлесеміз. Дегенмен Түркияда өсіп-өнгендіктен, түрік тілін ара­лас­тырып сөйлейміз. Арасында ағыл­шын тілін де қосып қоямыз. Сосын, әлбетте, Норвегияда тұрып жатқан соң, норвег тілін де араластырып сөйлейміз.

Ал бірақ толы­ғы­мен қазақ салтын ұстанамыз. Қазақша ет әзір­леп жейміз. Тойда беташар жасаймыз. Қо­наққа бас тартамыз. Кәдеге толы түйін­шек таратамыз.

Осы ретте біздің ата-ана­лары­мыздың ерен еңбегін айта кеткен жөн. Өйт­кені олар ана тілін, төл мәдениетті ұмы­тып қалмасын деп, әркез бізбен қазақ­ша сөйлесіп, салт-дәстүр, мәдениет туралы бар білгенін бізге түсіндіріп отыратын. Со­ның нәтижесінде Ослода туып-өссек те қа­зақ тілінің мәртебесі жоғары, қазақ мәде­ниетінің орны бөлек екенін білеміз.

Менің­ше, қазақ тілін үйренемін деген адамға аса қиын­ болмайтын секілді. Түркияда тұратын жас қазақтар Қазақстанға барып, бір ай тұ­рып келсе, қазақ тілінде емін-еркін сөй­лесіп кетеді.

– Норвегияда аз қазақ тұрса да, жиі бас қосатын секілдісіздер.

– Иә. Жаңылыспасам, Норвегияда жүзге жуық қазақ тұрады. Олардың басым көп­ші­лігі әкем мен анам секілді 1970-1980 жыл­­дары Түркиядан көшіп келген. Қазақ­стан­нан келген қазақтар да бар. Сондай-ақ осын­да университетте оқитын қазақ студент­тер де бар.

Әзірше көбісімен дұрыс та­ны­са алмай жүрмін. Бірақ далада қазаққа ұқса­ған біреу көрсем бірден қасына барып «Сен осы Қазақстаннан келген жоқсың ба? Қа­зақ емессің бе? Мен өзім қазақпын» дей­мін. Танымасам да, жақын тартамын.

Деген­мен Халифа Алтайдың ұрпақтары екені­міз­ді біліп, сый-құрмет көрсететін қазақтар баршылық. Бірде Норвегиядағы Қазақстан ел­шілігінде жұмыс істейтін Ілияс ағамыз үйіне шақырып, бізді қонақ қылды. Ол кісі­нің жолдасы Бибігүл әпкеміздің (Жексенбай – ред.) мамандығы журналист екен, екеуіміз қа­зақ тілі, Қазақстан туралы біраз әңгіме­лестік. Осындай отырыстарда қазақ тілі мен мәдениеті туралы әңгімелесетін сәт туын­дайтынына ерекше қуанамын.

– Білуімізше, атаңыз 1992 жылы Қа­зақстанға біржолата көшіп келген соң, артынша кенже балалары да осын­­да қоныс аударған. Ол кісілер қа­зір де Қазақстанда тұра ма? Елде туыс­тарыңыз бар ма?

– Иә, атамның кенже балалары Әб­ді­райым мен Аднан ағам Алматыда тұрады. Екеуі Қазақстанға 1995 жылы біржолата кө­шіп кеткен болатын. Ал үлкен ұлдары жұ­мысы, жанұясы, балаларының оқуы бол­ғандықтан, шетелде қалған. Ал кенжелері атаның соңынан қалмаймыз деп, елге ба­рып тұрақтаған.

Одан бөлек атажұртта атам­­ның бауырының балалары да тұрады. Атам­ның екінші ұлы Әбдулсамет ата Фран­цияда тұрады. Ал қыздары Стамбұлда тұра­ды. Менің әкем 2013 жылы қайтыс бол­ды.

– Өзіңіз Қазақстанға келіп тұратын боларсыз?

– Қазақстанға үш мәрте келдім. Алғаш рет 1995 жылы Семейде Абайдың жүз жыл­дығы тойланған кезде ата-анаммен еріп бар­ғанмын. Сол кезде Алматыда бір ай уа­қыт тұрдық. Ол уақытта тоғыз жастағы ба­ла болған соң көп нәрсе есімде жоқ, бірақ Се­мейге барғаным есімде қалып қойыпты.

Екін­ші рет Нұр-Сұлтанда өткен дүниежүзі қа­зақтарының бесінші құрылтайына Нор­вегиядан келген делегат ретінде қатысқан­мын. Сосын 2017 жылы атамның Құдай қос­қан жары, әжем Бибәтіш қайтыс бол­ған­да барғанмын.

Жол түссе, тағы да барармын. Негізі, елге барған сайын, таңғалудан жа­лықпаймын. Өйткені ірі мегаполистер ерек­ше қарқынмен дамып, бүкіл әлем қы­зыға қарайтын орынға айналған.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Таңбалар: басты тақырыпқазақ тілішетелдегі қазақтар
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ресейде "халал" шошқа еті сатылуда

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00