Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Олег ЧУГУНКОВ: Қазақ елінде туған кез келген азамат қазақ тілін білуі керек

21.07.2021
- Сұхбат
0
264
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде «Nur Otan» партиясының аумақтағы филиалының өкілдері түрлі ак­циялар мен іс-шаралар өткізіп, апта сайын ел ішін аралап, жұрт­шы­лықпен кездесулер өткізіп жүр. Халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс са­пасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар да оң нәтиже беріп жатыр. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы бойынша қандай жұмыс атқарылғанын білу мақ­сатында «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орын­басары Олег Чугунковты әңгімеге тартқан едік.

– Республика бойынша партия өз құрамын біршама жаңартып, қоғамдағы өзекті мәселені шешуге ықпал ететін маңыз­ды жоспарлар құрды. Өңірдегі пар­тия құрамы қаншалықты жаңарды?

– Шығыс Қазақстан облысы бойынша прай­меризге 1 054 адам қатысты. Нәтижесінде пар­тиялық тізімге 542 кандидат енді. Облыс бойын­ша «Nur Otan» партиясының жаңадан сай­ланған депутаттық фракциясы 243 депу­таттан тұрады, бұл депутаттардың жалпы са­нының 83,8 пайызы. Партия басшылығы мен Мемлекет басшысы қойған міндеттерді то­­лығымен орындадық деп айта аламын, өйт­кені сайланған депутаттардың 30 пайыз­дан астамы – әйелдер, ал 20 пайызы – 35 жасқа дейін­гі жастар.

Айта кетерлігі, партияны қайта жаңғырту ба­ғытындағы тапсырмасына сәйкес, аумақтық фи­лиалдар, бастауыш партия ұйымдары пар­тияның жұмысын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Партиядан 35 мыңға жуық мүше шығарылып, праймериз кезінде партия қатары басқа белсенді тұлғалармен толықты.

Президент: Түрлі дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз

Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?

23.01.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

05.01.2026

Тағы бір маңызды жайт, Президенттің «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын басшылыққа ала отырып, депу­тат­тық фракциялардың, сайланбалы және кон­сультативтік-кеңесші органдардың жұмыс тәсілдері мен әдістерін түбегейлі өзгертіп, «Ар­да­герлерді ардақтайық», «Кедергісіз келе­шек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» және «Жастар – Отанға» партиялық жобаларына тың серпін бердік.

Жаһанды жайлаған панде­мия кезінде партия бірінші болып қиын жағ­дайға тап болған тұрғындарға көмек қолын соз­ды. BIRGEMIZ республикалық акциясы ая­сында көмекке мұқтаж жандарға, атап айт­сақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сол кісілерге қарайласып отырған отбасыларға, ата-анасынан айырылған балаларға, көп­ба­лалы және аз қамтылған отбасыларға, тыл еңбек­кер­леріне, жалғыз тұратын қарттарға 50 000 теңге көле­мінде қаржылай көмек көрсетілді.

– «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты – еліміздегі жас­тар­дың басын қосатын бірден-бір саяси күш. Шығыс жастарының саяси белсенділігін арттырып, елдің ертеңі үшін жұмылуына партия қандай мүмкіндіктер жасап отыр?

– Иә, дұрыс айтасыз. Жастармен жұмыс – партиялық жұмыстың басым бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуел­сіз­дік бәрінен қымбат» атты мақаласында жас­тардың болашақта атқарар рөлін, мем­ле­кет үшін маңызы орасан екеніне баса мән бер­ген болатын.

Біз өскелең ұрпақтың жасампаздық әлеуе­тін дұрыс арнаға бағыттап, оны тиімді пай­да­лана білуіміз керек. Қазір «Jas Otan» Жастар қа­­натының қатарында 8,5 мың жас бар. Об­лыс­қа қарасты әр қала мен ауданда жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Бұл кеңестердің жұмысына мәслихат депу­тат­тары, студенттер, бизнес-құрылымдардың, аза­­­маттық сектордың өкілдері атсалысады.

Оған қоса, өңірде жас депутаттар корпусы инс­титуты құрылды. Оның құрамына 53 жас кірді (оның ішінде 5-і – облыстық мәсли­хат­тың, 13-і – қалалық, 35-і – аудандық мәс­ли­хат депутаттары).

Тағы бір айта кетерлігі, осы жылдың сәуір айында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанынан «Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңес» құрылды. Кеңестің мақсаты – қоғамда жастарды толғандыратын өзекті мәселелердің ше­шімін табуға тырысу, партияның сай­лауалды бағдарламасындағы жоспарға сәйкес, жастарды жұмысқа орналастыру, сапалы біліммен, баспанамен қамтамасыз ету. Мұның барлығы жуырда бекітілген «Jas Otan» Жастар қанатының «Жастар – Отанға» жол картасы ар­қылы іске асырылатын болады.

– Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сіздің мем­лекеттік тілде еркін сөйлейтініңізді біле­міз. Осы орайда қазақ тілін қалай мең­гер­геніңізді әңгімелеп берсеңіз? Жалпы, сіз­дің ойыңызша мемлекеттік тілді үйренуге біздің елде жағдай жасалған ба?

– Мен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ау­да­нының Жарбұлақ ауылында дүниеге кел­дім. Бала күнімнен қазақ балалармен бірге ой­нап, бірге жүрдім. Өзім туып-өскен Жар­бұлақ орта мектебінде қазақ тілінде оқыдым. Жоғары оқу орнын да қазақ тобында, нақ­тырақ айтсам, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пә­ні­нің мұғалімі мамандығы бойынша оқып бі­тір­дім.

Еңбек жолымды Семей қаласындағы №32 мектептен бастап, сосын Өскемен қа­ласындағы №38 мектепте қазақ тілі мен қазақ әде­биеті пәнінен сабақ бердім.

Бар айтарым, қазақ елінде туған кез келген аза­мат қазақ тілін білуі керек. Қазір көп ұлт­тан тұратын тәуелсіз елімізде қай тілді мен­гере­мін десе де, еш кедергі жоқ. Жастардың көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін мемлекет барын­ша қолдау көрсетіп жатыр. Ең бастысы, Қазақстан азаматының тіл үйренуге деген ние­ті болуы керек, ниет болса мемлекеттік тіл­ді меңгерудің еш қиындығы жоқ.

Сұхбаттасқан
Бейбіт ТОҚТАРБАЙ

Таңбалар: қазақ тілімемлекеттік тіл
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды
Жаңалықтар

Тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды

08.01.2026
Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді
Сұхбат

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді

14.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Соғыс аймағынан келген балаларға туыстарымен кездесуге тыйым салынды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00