Ауғанстанның екі провинциясында арнайы операция нәтижесінде кем дегенде 16 «Талибан» * содыры өлтіріліп, сегізі қамауға алынды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Кундуз провинциясының солтүстігінде жексенбіге қараған түні Ауғанстан ұлттық армиясының арнайы күштері провинцияның әкімшілік орталығы болатын аттас Кош Тапа ауылындағы содырлардың жасырынған жеріне шабуылынан кейін тәлібтердің тұтқынынан бес адам босатылды. Бұл туралы министрліктің мәлімдемесінде айтылған.
«Арнайы күштер тәліптердің жасырынған жеріне түн ортасында шабуыл жасады. Операция кезінде қауіпсіздік күштері жаудың оғына ұшты. Олар өзін қорғау үшін қарсы оқ жаудырды. Атыс кезінде жау тарапынан 12 адам қаза тауып, тағы сегіз адам қамауға алынды,» — делінген құжатта.
Босатылған адамдар мен қамауға алынған содырлар армия лагеріне жеткізілді. Рейд кезінде тәліптердің жасырынған жері жойылып, қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді, делінген хабарламада.
Жексенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында тәлібтердің Над-Али аймағындағы Чахи-Ангирдегі позицияларына ӘӘК-нің жасалған әуе шабуылында төрт содыр өлтіріліп, екеуі жараланды.
«Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым.
Құдай бізді осындай жағдайға түсуден сақтасын. Ауғанстандағы Талибан секілді фанатик топтардың кесірінен мемлекет 50-60 жыл артқа кетті. Елде қырық жылдан бері соғыс тоқтамай келеді. Бұл сабақ алатын жағдай.
Соңғы жылдардың өзінде-ақ Ауғанстанда Талибан содырлары жасаған лаңкестіктерде мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл бүкіл әлем үшін назар аудартарлық жағдайлар.
Таяуда мұсылмандар мен тәуелсіздік іздеген ел үшін жақсы жаңалық айтуды үмітті ел басшыларымен бірлесе отырып, Талибан содырларымен арнайы келісімге отыру керек. 20 жылдан астам уақыт жалғасын тауып келе жатқан соғыс тоқтатылуы қажет!
Талибан самое страшное что произошло в истории Афганистана, из цветущей страны страна почти развалилась. Надо беречь то, что имеем.
Басымыздағы көк аспанға рахмет, Діни фанатизмге беріліп кеткендердің ісі бұл. Барлық нәрседе орта жолды ұстану керек
Ел басына Талибан сияқты діни фанаттарды келтірмеу ерен еңбек! Қазақстанда конфессияаралық келісімнің сақталып тұрғанына қуаныштымын.
Ауғанстан билігіне талибандардың келуімен экономикалық ахуал дамудан артта қалғанына куә болып отырмыз. Бұл талибан қозғалысының пайдасынан зиянының әлдеқайда көп екенінің көрінісі.