Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жұма күні жеті шелпек тарату шариғатқа қайшы ма?

14.05.2021
- Қоғам
0
6.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқының санасына сіңген салт-дәстүрімізде жұма күні жеті шелпек пісіру және тарату деген бар. Бұл турасында ислам діні, құран және хадистер не дейді?

«Әли Имран» сүресінің 92-аятында «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т.) оны толық біледі», – делінген.

Ади ибн Хатимнен (р.а.) жеткен риуаят бойынша пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жарты құрма болса да беріп оттан сақтаныңдар» дейді. Міне, осы хадисті түсінген ата-бабамыз құрма болмаса да шелпек пісіріп садақа берген.

Енді оның санына келетін болсақ, неге жеті шелпек, неге үш немесе төрт шелпек емес? Бұл қазақ халқының жеті санын қастерлеп, қасиетті ұғымға балағандығынан деуге болады.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Қазақ дәстүрі бойынша ата-бабамыз қасиетті санаған жеті саны ислам дінінде де ерекше сандарға жатады. Құрандағы жеті қабат жер, жеті қабат аспан жаратылысы, аптада жеті күннің болуы, «Фатиха» сүресінің жеті аяттан тұратындығы осыған дәлел. Сондықтан ғалымдардың өзі жеті санында бір хикметтің бар екендігін айтады.

Ал жеті шелпектің жұма күні таратылуы – аптаның ең қасиетті күні жұма болып саналатындығымен түсіндіріледі. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахих хадисінде «Жұма күнінде бір уақыт бар, мұсылман адам сол күні, сол уақытта дұға жасаса, оның дұғасы міндетті түрде қабыл болады», – делінген.

Өмірлік тәжірибесі сан ғасырлық салт-дәстүрімен сабақтасқан дана халқымыздың берер садақасын, яғни жеті шелпекті тілектер қабыл болар уақытқа тура келсін деген ізгі ниетпен жұма күні немесе жұма күнге ауған бейсенбі күні түстен кейін беретіндігі осыдан қалған. Ата дінімізде, шариғат бойынша мұның еш сөкеттігі жоқ.

Керісінше, теріс діни ағымның жетегінде кетіп, санасы қараңғыланған кейбір жандардың жұма күні жеті шелпек пісіріп, ата-бабаға Құран бағыштау дұрыс емес, күнә деп санайтындықтары діни сауатсыздықты білдіреді.

Сондықтан дала философтары саналатын дана халықтың кез келген салт-дәстүрінің негізінде дінімізге де, ділімізге де қайшы келетін тұстары жоқ деп сеніммен айта аламыз. Ал адасып жүрген жамағат хадис, аят, қасиетті сандар турасында білімге бет бұрғаны лазым.

Бекжан ІЛИЯСОВ,

Ақтөбе қаласының Дін мәселелері

және қоғаммен байланыс жөніндегі

орталығының теолог маманы

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдарсалт-дәстүршариғат
Бөлісу157Твитерге98Бөлісу20Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бас имам: Зекет – табысты берекелендіреді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00