Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұйрықтың бәрі парызды білдіре ме?

15.09.2020
- Сұрақ-жауап
0
170
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ. Бұйрық райында келген әрбір сөз парыздықты білдіре ме?

Жауап: «Бұйрық райында қолданылған әрбір сөз парыздықты білдіре ме әлде білдірмей ме» деген мәселе усул әл-фиқһ (фиқһ негіздері) кітаптарында жан-жақты талқыланған тақырыптардың бірі.

Мұны білу маңызды. Неге десеңіз, діни мәтіндерде кездесетін бұйрықтың бәрі парыздықты білдірмеуі мүмкін. Ал бұл мәселені дұрыс түсіне алмаған кейбір адамдар парыз емес нәрсені парыз деп санап, өзгелерді парызды атқармады деп кінәләуі мүмкін. Сондықтан осы бұйрық райында қолданылған етістіктердің қандай үкімдерді білдіретіндігін қысқаша баяндай кетейік.

Бұйрық райының қай мағынада қолданылғандығы контекске байланысты анықталады. Бұйрық райының әртүрлі қолданылуына байланысты сол бұйрықтың қай мағынада айтылғанына қатысты ғалымдардың арасында әртүрлі пікір бар. Ғалымдар бұйрық райдың міндеттілік, ынталандыру және кісінің еркіне қалдыру мағыналарымен қатар оның астарлы түрде қолданылатындығына бірауыздан келіседі. Әртүрлі пікірлірдің негізі де осы аталған үш жағдайға қатысты. Енді осыларға тоқтала кетейік:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
  1. Бұйрық міндеттілікті білдіреді;
  2. Бұйрық ынталандыруды білдіреді;
  3. Бұйрық еріктілікті білдіреді;
  4. Бұйрық осы жоғарыдағы осы үш мағынаға да ортақ қолданылады;
  5. (Жалпы, шектелмеген) Талап ету: Егер кесімді болса міндеттілік, кесімді болмаса еріктілікті білдіреді;
  6. Тауаққуф (Үнсіздік): Қай мағынада қолданылғандығын білу үшін күтіп, саралау жүргізу қажет.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, бұйрық міндеттілікті білдіреді, яғни нақты бұйрық рай (бұйрық райдың өзге де формалары фиқһ кітаптарында келтірілген) міндеттілікті білдіру үшін қолданылады.

Ол міндеттілік тура, ал оның тысында ауыспалы мағынада келеді. Араб тілінің ерекшелігіне сай басқа қандайда бір нұсқаушы сөз болмаса, ол міндеттілікке жатады. Ал басқа бір нұсқаушы сөз ынталандыруға нұсқаса, онда оның үкімі ынталандыруға, ал нұсқаушы сөз еріктілік мағынасына келсе, онда оның үкімі еріктілікті білдіреді.

Ғалымдар бұйрық райдың міндеттілікті білдіретін формаларын былайша атап көрсетеді:

  1. «Олай болса, Алла елшісінің бұйрығына қайшы келгендер бастарына (берекелерін кетіретін) бір бәленің немесе жантөзгісіз ауыр азаптың келуінен қорықсын» («Нұр» сүресі, 63).

Бұл бұйрық иләһи пәрмендерге қарсы әрекет жасағандардың жазаға тартылатындығын білдіру арқылы бұйрықтарға мойынсұну қажеттігін көрсетеді. Егер бұйрық берілген іс міндетті болмағанда бұйрыққа қарсы келуде бүлікшілік, азап секілді ауыр жағдайлар жайлы сөз қозғалмас еді.

  1. «Алла және елшісі қандай да бір мәселеге қатысты кесімді үкім айтқанда бірде-бір мүмін ер адам мен мүмін әйелдің өздеріне тікелей қатысы болған сол мәселеде (Алла пен елшісінің үкімін былай қалдырып, басқа үкімді) таңдау құқығы жоқ» («Ахзаб» сүресі, 36).

Демек, Алла мен Оның Елшісі бір істің орындалуына қатысты нақты бұйрық берсе, ол міндетті болып табылады.

  1. «Егер үмбетіме қиындық тудырмағанда, әр намазға дәрет алған кезде мисуақ қолдануды бұйырар едім» деген хадисі бұйрықтың міндеттілігін, яғни уәжіптігін білдіреді.
  2. Ғалымдар Құран мен сүннеттегі мутлақ (белгілі бір шекпен шектелмеген) бұйрық рай формаларының міндеттілікті білдеретіндігін бірауыздан құптайды.
  3. Адам өзінен лауазымы төмен адамнан бір істің орындалуын талап еткен жағдайда егер ол бұйрықты орындамаса бас көтеруші, бүлікші боп есептеледі. Ал енді Алла мен Оның Елшісі басшы болғандықтан олардың бұйрықтары міндеттілікті білдіреді.

Алау ӘДІЛБАЕВ

Таңбалар: Алау Әділбаевүкімшариғат
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Пәтуә беру жайлы

12.08.2025
Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние
Ислам

Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние

26.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кустоны тамсандырған Құран құдіреті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00