Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемжелінің әлегі немесе Құрандағы «кірпік» бізге нені дәлелдеді?

18.09.2020
- Қоғам
0
260
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ХХІ ғасыр ашық ақпараттық қоғам екендігі мәлім. Мәліметтердің қолжетімділігінің артуына ғаламтордың үлесі зор. Қажетіңе жарайтын ақпаратты да, қажетсізін де осы ғаламтордан іздейміз. Интернеттен оқыған немесе естіген мәліметтерге қарай өмірімізде де өзгерістер жасаймыз. Бұл қазіргі кездегі қалыпты жағдайға айналған үрдіс. Мұның мысалын 2020 жылы орын алып, қоғамда қызу талқыға түскен оқиғалардан байқауға болады.

2020 жылдың наурыз айында «Құранның «Бақара» сүресі жазылған бетінде пайғамбардың кірпігі бар, соны қайнатып ішсе коронавирусқа ем екен» деген мазмұндағы қисынға келмейтін әңгіме әлеуметтік желіде қатты талқыға түскен болатын. Тіпті, бұл пікірді растаушы адамдар мен бейнематериалдар да ғаламторларда көп таралды.

Бұл мағынадағы хабарларға реакция ретінде дін мамандары мен діни сайттар барынша  дер кезінде жауап беруге тырысқаны бар. Аталмыш ақпаратқа қатысты адамдардың пікірі түрліше болғанын байқауға болады. Бірі бұл «емнің» ақылға сыймайтындығын айтса, тағы бірі не сенерін, не сенбесін білмей абдырап қалды.

Ал, кейбірі мұны растап, сенетіндігін жеткізіп жатты. Осы тұста СОЛ МАТЕРИАЛ мен осы мазмұндағы мәліметтерді ҚАБЫЛДАУЫ мен оны ТАРАТУЫНА ҚАРАЙ адамдарды бес топқа жіктеуге болады:

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025

– ақпаратты мүлде талқылаудан бас тартып, уақытын ысырап қылудан бас тартқандар. Бұл топтағылар қисынсыз, әрі пайдасыз шаруаларға уақытын ысырап етпеуге дағдыланған адамдар. Сыни ойы мен дүниеге көзқарасы біршама қалыптасқан жандар. Өзінің өмірін нақты пайдалы істерге жұмсауға бағыттайды. Мұндай азаматтар әрқашан қоғамға қажет және көбіне еңбегі жемісті болып келеді;

– ақпаратты таратып, өз ойын қосып «хайп» жасауға тырысқандар. Бұл топтағы адамдар әлеуметтік желідегі парақшаларында әрқашанда елді қызықтыруға бағытталған материалдарды бөлісуге жаны құмар қолданушылар. Сол арқылы танымалдылығын арттыруға немесе өзгенің назарын аударуға күш салады. Өзі бөлісетін материалдардың өзгеге қалай әсер ететінін немесе қоғамға зарарын елеп-екшеп жатпайды. Сондықтан бұл топтағы адамдар қоғамға зарарлы ақпараттарды көптеп таратып жатқандығын өздері де байқамай қалады;

– материалды қарап, оны өзгелерге сенбеуді ескертіп, таратқандар. Бұл топтағылар өздерінің дұрыс деп тапқан пікірін өзгемен бөлісуге дайын тұратын жандар. Алайда, өзінің істеп жатқан әрекетінің әрқашан дұрыс бола бермейтіндігін ескермейді. Нәтижеде, жақсы пікірмен қоса зиянды ақпараттардың да таралуына үлес қосады;

– жалған ақпаратқа сеніп, өзгелердің де соған сай әрекет етуін қалайтындар. Жоғарыдағы кірпік жайлы мәліметке сеніп, оны өзгелерге де ем болатындығын дәйектеуге «шын жүректен» тырысқандар. Мұндай, адамдарда сыни ойлау немесе діни сауаты мен логикалық тұжырымдауы төмен. Сондықтан жалған ақпаратқа тез сеніп қалады және оны шын мәнінде тәжірибеде орындауға тырысады. Мысалы, кірпікті ем болсын деп қайнатып ішуі мүмкін;

– материалдарды саяси немесе өзге де жымысқы мақсат пен мүдде үшін тарататындар. Бұл топтағы адамдар басқаларға қандай да бір мақсатты көздеп әсер ету үшін материалдарды таратуға тырысады. Мысалы, өзінің рейтингін көтергісі келетін әлеуметтік парақшалар мен баспа құралдары немесе қандай да бір тауар өткізуді қалайтын компаниялар, тіпті, үлкен ұйымдар болуы да мүмкін.

Дәл осындай елді алаңдатқан ақпараттың бірі карантиндік жағдайда азық-түліктің тапшы болатындығы жайлы мазмұнмен орын алған еді. Бұл, оқиға да 2020 жылдың наурыз айында, карантиндік шектеулер енгізілер тұста ортаға шықты.

«Азықсыз қаласың» деген сынды әлемжелідегі мәліметтер сауда орталығына барушыларды күрт көбейтті. Азық-түлік алуға асыққан тұрғындардың бірі бұл ақпаратқа сеніп жүгірсе, өзгесі «сақтықта қорлық жоқ» деген ұстаныммен қамбасын толтырып жатты.

Тіпті, ресми билік өкілдері елде азық-түлік қорының жеткіліктілігін барлық ақпарат құралдары арқылы мәлімдеп жатса да, сауда орталықтары мен базарлардағы сауданың қарқыны бәсеңдемеді. Алайда, қаңқу ақпараттың жалғандығы кейін өздігінен анық болды. Ресми биліктің мәліметі расталды.

Енді екі ақпаратқа ортақ дүниелерден аздаған тұжырым алсақ:

– жалған немесе қисынсыз мәліметтердің ел арасында дүрбелең салуға немесе адамдарды оп-оңай адастыруға болатындығын айқындап берді;

– ресми мәліметтерді ескермеу қандай да бір мәселе жайлы қате тұжырымды қалыптастыруға жол ашады;

– интернеттегі ақпараттарды сұрыптау қабілеті төмен азматтардың бар әрі көп екендігі байқалды. Нәтижеде, дұрыстығына толық көз жеткізбеген мәліметтерді тарату жиілеуде;

– жалған ақпарат діни сауаттылық немесе қоғамдық мәдениетке кері дүние екенін тағы бір көрсетті. Мысалы, қазіргі заманғы Құрандағы қылшықтың сонау он төрт ғасыр бұрын өмір сүрген пайғамбардың кірпігі болмайтындығы айтпаса да түсінікті. Ал, ондай қылшықтың ем болуы шариғатта мүлде қабыспайтын дүние.

Жалпы, қазіргі кезде әлемжелі мен ғаламтордағы қаңқу ақпараттар біздің өмірімізге тікелей әсер етіп, қоғамды басқарып отырғандай көрінеді. Сол жерден естіген-көргендерімізді өмірімізге енгізуге асықпыз. Алайда, бұл виртуалды әлемдегі әрбір ақпараттың артында не жымысқы ой жатқандығын ойлап бас қатыра бермейміз. Оған көзсіз сене кетеміз.

Осы тұста Елбасының «Интернет кітапты алмастыра алмайды. Жақында мен «Кім кітапты көп оқыса сол интернетте отырғандарды басқаратын болады» дегенді оқыдым. Бұны да ескеріңіздер. Интернетке кіріп кеткендердің, кітап оқуы қалып бара жатқандай» деген сөзі еріксіз көкейге оралады (inform.kz).

Яғни, ақпаратты сынсыз тұтынушыны ақпарат беруші басқаратынын айтқысы келіп тұр. Өкініштісі, бұл мәселе дін саласын да өз құрсауына алуға тырысуда. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде «Шынайы мүмін – бір іннен екі рет қатарынан зиян шекпейді» (Бұхари, әдәб 83; Муслим, зүһд 63) деген өсиеті баяндалған.

Хадистің мағынасы – адам бір қателікті қайталамауы, керісінше әрбір қателіктен сабақ алуы тиіс. Біздің жағдайда әрбір отандасымыздың болашақта жалған ақпараттың арандатуына түспеуі маңызды. Өйткені, алдағы уақытта бұдан да үлкен талқылау мен дүрбелең туғызатын материалдардың интернеттен жарқ етуі әбден мүмкін.

Рахымжан РАШИМБЕТОВ

Таңбалар: ақпаратәлеуметтік желібасты тақырыпҒаламторинтернетРахымжан Рашимбетов
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тілдің зинасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73725 бөлісті
    Бөлісу 29490 Твитерге 18431
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2456 бөлісті
    Бөлісу 982 Твитерге 614
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    541 бөлісті
    Бөлісу 216 Твитерге 135

Соңғы жарияланымдар

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?
Инфографика

Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою