Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саясат пен дін. Радикализмге қарсы тұрудың тәсілдері

20.08.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
215
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі таңда әлемдегі саяси әрі экономикалық текетіресте кез келген рухани ұғымдар құрал болуын жалғастыруда. Соның бірі – дін. Ағымдарды шынайы Исламға қарсы қою арқылы азаматтардың арасында араздық тудыруда. Мұның негізгі мақсаты – ел ішінде бүлік шығару арқылы орталық билігін құлату. Бұл мәселе ешбір елден оқшау емес. Осы бәлекеттің Орта Азияға қатыстылығы туралы сараптасақ.

International Crisis Group – ICG сынды халықаралық дағдарыстық топ Орталық Азия елдері радикализммен шынайы күресіп отырған жоқ деп атап өтеді. Аталмыш сарапшылар қауымдастығы Орталық Азияға қатысты мынадай сипаттама береді:

«Орталық Азияның коррупция жайлаған мемлекеттері радикалдық Исламға қарсы іс жүзінде ешқандай әрекет жасап отырған жоқ. Бұл аймақтағы елдердің билігі керісінше, азаматтардың еркіндігін шектеп, өзгеше ойлайтындарды қуғынға салып, радикалдану процесін жеделдетіп жатыр».

Әрине, бұны біржақты пікір деп санаймыз. Себебі Орта Азия мемлекеттері мүмкіндігінше сыбайлас жемқорлықпен күресіп, сананы өзгертуге, жеке көзқарасқа мүмкіндік беруде.

Бірақ, жеке көзқарастың саясатқа айналып, елдің арасында бүлік салмауына мүмкіндік те бермеу қажет. Себебі еркіндіктің қасында жауапкершілік те бірге тұруы тиіс. Біз сараптап қарасақ, бұл аймақтағы елдердің ғасырлық таным-түсінігімен санасуымыз қажет деп санаймын.

Халықаралық дағдарыстық топ Орталық Азия елдері үкіметтерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жақсартып, діни еркіндікке қатысты заңнамаларды либералдандыруға және жастардың экономикалық жағдайын жақсартуға шақырған.

Астанадағы Назарбаев университетінің саяси ғылымдар мен халықаралық байланыстар бөлімі профессоры Элен Тибо Орталық Азияның діни ахуалын былайша сипаттайды:

«Орталық Азиядағы елдерде дінге ықылас артып келеді. Әрине, Түрікменстандағы жағдайды жақсы білмейміз, өйткені ол елге бара алмаймыз. Жасына қарамастан дінге бет бұрған және дінді уағыздайтын адамдар саны қоғамның барлық топтарында көбейіп келеді. Орталық Азияда секуляризм құндылықтары да мықты. Халықтың көп бөлігі мемлекет дінге араласпауы тиіс (мемлекет діннен бөлек болуы) деген саяси принципті мықты ұстанады.

Бірақ, радикал топтардың шығып жатқаны да рас. Бұрын ондай топтар болмаған. Бұл құбылыс онша көп тарай қоймағанымен, оған назар аудару керек. Қырғызстан мен Тәжікстанда кедейлік деңгейі жоғары екенін рас. Мысалы, Сирия мен Иракқа аттанған Орталық Азия тұрғындарының ішінде мигранттар көп. Олар өзге елден жұмыс іздеуге шалқып өмір сүріп жатқандықтан кеткен жоқ. Олардың көбі – мұқтаж жандар.

Мына бір маңызды жайтты айту керек – олар радикалдар қатарына кедейліктің кесірінен емес, қоғамнан шетқақпай көргендіктен қосылған. Ресейдегі мигранттардың өмірі қандай қиын екені белгілі: жұмыс ауыр, кемсітушілік факторлары көп, мигранттар ол жақта өздерін екінші сұрыпты адам сезінеді. Бұған қоса, олар туыстарынан жырақтап, қоғамнан шеттетіліп қалғандай сезінеді.

Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» радикал ұйымына қосылғандардың ішінде Ислам дінін енді ғана қабылдаған еуропалықтар да көп. Олар да өздерін қоғамнан әлеуметтік шетқақпай көргендей сезініп радикалдарға ерген. Олардың бәрі кедей деуге болмайды. Демек, мұның себебін кедейлікпен қатар, олар тап болған әлеуметтік оқшауланудан іздеу керек».

«Адамның діни сеніміне қысым күшейе берсе, радикализм арта береді. Орталық Азияда бұл жағынан Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерін атауға болады», – дейді Варшавадағы Шығыс зерттеулер орталығының сарапшысы Йозеф Ланг.

Тәуелсіз сарапшылардың сараптамасына назар салатын болсақ, қоғамда, жазасын өтеу орындарында діни сеніміне еркіндік бере отырып, өзара сұхбат негізінде дәстүрлі құндылықтарды, бейбітшілік идеясын саналарына сіңіру қажет деп есептейді.

Сонымен қатар, елдің әлеуметтік жағдайын көтеріп, еркіндік, демократия құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын алға тартады. Азаматтардың санасындағы рухани вакуумға олар өз еркіндіктерімен жету қажет деп есептейді.

Сараптап қарасақ, бұл ұғымдардың маңыздылығы жоғары болғанымен, теріс әрекеттерге итермелейтін идеологияларға әр ел өзіндік ұлттық болмысын қарсы қою арқылы ғана мәселені жеңілдетпек деп санаймыз. Себебі философия, тарих, тағы да басқа ғылымдардың негіздеуі бойынша әр халықтың өз болмысын іздеуінен өзге болмысқа шаталып кететіні ұсынылуда. Яғни, аталып отырған мәселелермен күресте бірнеше бағытты қолдануды қажет ететіндігін бүгінгі тәжірибе көрсетіп беруде.

Мұхаммед ӘЛИ

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026

Таңбалар: басты тақырыпрадикализмСирия
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу12Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Тәурат рас айтты»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121152 бөлісті
    Бөлісу 48461 Твитерге 30288
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Жастарға ұлттық киімнің тарихы мен философиясы туралы айтылды
Жаңалықтар

Жастарға ұлттық киімнің тарихы мен философиясы туралы айтылды

19.03.2026
100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді
Жаңалықтар

100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді

19.03.2026
Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00