Сенбі, 28 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балаға жақсы есім таңда

11.08.2020
- Қоғам
0
706
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласы жарық дүниеге келген соң, ата-ананың алдындағы бірінші міндеті – баласына дұрыс есім беру. Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады.

Алайда, кейбір ата-аналар салғырттық танытып, балаларына мағынасыз есімдерді қойып жатады. Олар есімдердің адам өміріне ықпалы ететіндігін білуі қажет.                 

Адамзаттың атасы, жер бетіндегі ең алғашқы пенденің есімі – Адам. Бұл Алла тарапынан қойылған. Ол жайында «Бақара» сүресінің 31-37 аяттарында келеді.

Бұл сөздің бірнеше мағыналары бар: Ибн Аббастың айтуы бойынша: «Адам» сөзі  – жер жүзінен сүзілген топырақ өнімі». Аталған көзқарастың ең дұрыс екендігін Құртуби мен Сайд бин Жүбейр есімді ғалымдар да мақұлдаған.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Ал, кейбір ғалымдардың пікірінше оған «Адам» есімінің берілуінің себебі, әртүрлі элементтердің қоспасы болған. Алайда, пікір білдірген ғалымдар да, бұл сөздің нақты мағынасы жердің немесе топырақтың әртүрлі бөліктерінен алынған элементтер екендігін айтқан.

Сахаба Әли «Адам» түсінігі топырақтың түрлі элементтерінен жаратылғандығынан деген. Таберидің кітабында: «Әртүрлі элементтер түрлі адамдардың пайда болуына әкелді», – деп топшылайды.

«Әл-Имран» сүресінің 59-аятында Адамның топырақтан жаратылғанын білдіру арқылы оның аты мен тұлғасы, жарату көзі арасындағы сәйкестік туралы айтылған.                                                                                                                       

Ал, адамзаттың анасы – Хауаның есімін Адам атаның өзі қойған. Ибн Кәсирдің осы мәселеге қатысты түсіндірмесінде келтірілген риуаяттар бар. Атап айтсақ, өзіне жұбаныш болатын бір жұбайы болмай, ол жерде біраз уақыт жалғыз қалады. Бір мезгіл ұйықтап тұрғанша, Алла оның қабырға сүйегінен жаратқан әйелді жанынан көреді. Таңқалып «сіз кімсіз?» – деп сұрайды. Әйел: «Әйел», – деп жауап береді. Әйелден неге жаратылғанын сұрайды. Әйел «Жұп болуға», – дейді. Сол кезде періштелер оларды көріп Адамның білімін тексеру мақсатында әйелдің кім екенін сұрайды. Адам оның Хауа екенін айтады. Не себепті оны бұл есіммен атағанын сұрағанда: «Өйткені, ол жанды нәрседен жаратылған», – деп жауап береді.

Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуы тиіс. Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. Жасыратыны жоқ, халықтардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасының нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір есімдер бір-біріне ауысып жатады. Сондықтан кейбір халықтардың бірқатар есімдері біздің төл есімдерімізге де айналып кеткен.

Балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты деген салт-дәстүрлері бар. Олар мынандай:

  1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Мысалы, Артық, Артықбай, Қосекен.
  2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Мысалы, Жаманбай, Қойшыбай, Тезекбай.
  3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Мысалы, Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
  4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Мысалы, Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл, т.б.
  5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Мысалы, Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
  6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Мысалы, Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай, т.б.
  7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен қою. Мысалы, Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай, т.б.
  8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Мысалы, Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
  9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Мысалы, Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша, Айша.
  10. Қыздарға аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Мысалы, Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар, т.б.
  11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Мысалы, Лекер, Шалабай, Шалабек.
  12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Мысалы, Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
  13. Соңғы балаға ат қою. Мысалы, Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай, Тоқтасын.
  14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Мысалы, Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
  15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Мысалы, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.

Ат қоюдағы осындай игі дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру қажет. Кейбір діни сауаты төмен жандар өз есімдерін арабшаға алмастырып жатады. Жақсы ат қою – Пайғамбардың сүннеті. Ислам тарихында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) мағынасы бар, көркем есімдерді ауыстырмаған. Сондықтан есім қойғанда жауапкершілікпен қарап, үлкендермен ақылдасу керек.

Алмас ҚҰЛЫМБЕТОВ,

Жамбыл облысы әкімдігінің

«Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы

Таңбалар: басты бетсалт-дәстүр
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Әпшу берші..."

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121761 бөлісті
    Бөлісу 48704 Твитерге 30440
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    524 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    443 бөлісті
    Бөлісу 177 Твитерге 111

Соңғы жарияланымдар

Білім алмайтын екі адам
Видео

Білім алмайтын екі адам

27.03.2026
Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00