Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құрбан айт – бейбітсүйгіш елдің құтты мерекесі

30.07.2020
- Ислам
0
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам дінінде қастерлі екі мереке болса, соның бірігейі және ұлығы – Құрбан айт. Бұл мерекенің негізі сонау пайғамбарлар атасы саналатын Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) әулетінен бастау алады. Тарих мен тағылымды ұштастырған қасиетті мерекенің құндылығы да тереңде жатыр.

Барша мұсылман жамағатына ортақ мерекенің маңызы ерекше. Себебі, 3 күнге созылған бұл айтта мұсылмандар бір-бірімен жақындасып, жанжалдасқандар татуласып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, Исламдағы мейірім мен ізгілік насихатталады.

Дербестікке қол жеткізгеннен бері еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыруымен қатар, рухани және мәдени өреміз де көтеріліп келеді. Осының дәлелі ретінде Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қолдауымен мұсылмандардың ұлық мерекелері әрдайым жоғары деңгейде аталып өтілуде.  

Соңғы жылдары қазақ мұсылмандарының талап-тілегі ескеріліп, Құрбан айт ұлттық мерекелердің мәртебесіне көтеріліп, ендігі жерде мұсылмандар арасында бұл діни мейрам мемлекеттік деңгейде тойлануда. Осындай парасатты бастама халықтың арасында достық мен бірліктің беки түсуіне септігін тигізуде. Біз мұны дәстүрлі дініміз Исламға көрсетілген аса зор құрмет деп білеміз.

Құрбан айттың негізгі мақсаты – Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалу. Бұл мереке қарсаңында миллиондаған мұсылман Арафат жазығында құлшылық етіп, дұға оқиды.

Алайда, биыл әлемді дүрліктірген COVID-19 дертінің салдарынан қажылық маусымы шектелген болатын. Осыған байланысы Сауд Арабиясы ғұламалар кеңесі адамның жанын сақтау бәрінен де маңызды екенін алға тартып, ауыр болса да қажылыққа сырттан мұсылмандарды қабылдамау турасында шешім қабылдаған. Қалай дегенде де, мұндай келеңсіздіктер айтулы мерекені басқа қырынан жан-жақты ұлықтауға кедергі бола алмайды.

«Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал діни терминдік мағынасы «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында шамасы жеткендерге ғана уәжіп, яғни міндет.

Ең алдымен құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Құрбан шалу – Аллаға жақын болу үшін, күнәләр кешірілу үшін, шүкір ету үшін жасалуы міндетті.

Құрбан айт – құрбандық шалумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Барша мұсылман жұртшылығын бір-бірін жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, өзара мейірімді болуға шақырады.

Қалыптасқан ахуалға байланысты, биылғы мерекеде біраз шектеулер бар. Дегенмен, әр отбасы өз  шаңырағында мерекені атап өтуге болады.

Елімізде кез келген діни мерекені жоғары деңгейде атап өтуге барлық жағдай жасалған. Көпұлтты мемлекеттің ұстанымы дін өкілдеріне еркіндік берген. Әркім өз дінін еркін насихаттауға, оның қағидаларын оқытуға және мерекелерін тойлауға толыққанды мүмкіндік берілген. Бұл өз кезегінде Қазақстанның ерекше моделі десе болады.    

Қазақстан елдегі Исламның орнын даралай отырып, шетелдік Ислам өкілдерімен де ынтымақтасып жұмыс істейді. Мәселен, 2003 жылдан бері 6 мәрте өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Түркия, Иран, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі дін тұлғалары қатысты.

Съездің дөңгелек үстелі Исламның ірі лидерлері мен өкілдерін, мемлекеттердің дипломатиялық қарым-қатынастарына, саяси ұстанымдарына қарамастан құрметті тұлғалардың басын қосып, дінаралық диалог аясында пікірлерімен бөлісіп, сұхбаттасуға 17 жыл аясында мүмкіндік тудырып келеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері игі бастамаларын ілгерілету мақсатында 2019 жылы сәуір айында ашылған Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы да бір жылдан артық қызметі аясында Ислам ұйымдары, діни тұлғалармен қарым-қатынас орнатып, бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып, бірлесе жұмыс істеп келеді.

Осы орайда, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Сьезі мен Хатшылығының қатысушыларын, сондай-ақ барлық орталық серіктестерін Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, күллі мұсылман қауымы мен әлем халқына індеттен амандық, бекем бірлік, сабырлық пен жарқын болашақ тілейді.

А. ӘБИБУЛЛАЕВ,

«Конфессияаралық және өркениетаралық

диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы»

КЕАҚ Басқарма Төрағасы

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Таңбалар: құрбан айтқұрбан шалу
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды
Жаңалықтар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды

09.06.2025
Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды
Жаңалықтар

Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды

08.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ: Дін туралы заңды жетілдіру қажет

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00