Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пандемия кезіндегі пайдакүнемдік

30.07.2020
- Қоғам
0
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қасиетті Құранда: «…Араларыңнан кейбіреулер Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жерді шарлайтынын, енді біреулердің Алла жолында жаугершілікке шығатынын…[1]», – деген аят бар.

Байқасаңыз, аятта сауда-саттықпен айналысу жиһадтан бір дәреже жоғары тұр. Аталмыш аяттың мағынасына қатысты тәпсір ғалымы Ибн Касир: «Аят кәсіппен айналысу және сауда-саттық жасау жайында», – десе, Суюти: «Бұл аят – сауда-саттықтың негізі», – деп баға берген.

Әз-Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жас кезінде сауда-саттықпен айналысқаны белгілі. Әбу Бәкір, Омар, Абдурахман бин Ауф сынды бірқатар сахабалар сауданың қыр-сырын жетік білген.

Ал, Әлуси тәпсіріндегі: «Табыстың оннан тоғызы – саудада», – деген риуаят көп нәрсені аңғартады.

Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойындар, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)

Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойындар, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)

20.09.2025
Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025

Алайда, сахаба Абдурахман бин Шибл (р.а.) жеткізген хадисте:

«Ақиқатында, саудагерлер – арсыз адамдар», – дейді. Сонда: «Уа, Алла елшісі! Алла Тағала сауда-саттықты адал етті емес пе?» – деп көпшілік ішінен біреу мұның мәнін сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине, адал етті. Бірақ, ол саудагерлер аузын ашса өтірік айтады, ант-су ішіп күнә жасайды[2]», – деген екен.

Тауардың сипаттамасына қатысты толық ақпарат беру – сауда-саттықтағы басты қағидат. Түрлі айла-тәсіл айтып, ант-су ішіп, нашар тауарды қымбат бағаға сату – үлкен қиянат.

Муслим хадис кітабында:

«Тек күнәһар адам ғана жаппай сатып алады (монополия етеді)[3]», – деп жалпылама айтса, сахаба Әбу Умәмә (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) азық-түлікті монополия етуге тыйым салды[4]», – деп ең қажетті тауар жөнінде айрықша риуаят жеткізген.

Аталмыш хадистерге байланысты имам Науауи: «Бұл риуаят монополияға қатаң тыйым салынғанын айқын көрсететін дәлел. Ғалымдар: «Монополия – тыйым салынған іс. Ал, азық-түлік мәселесінде арнайы тыйым салынады», – дейді. Мұның көрінісі – қалыпты жағдайда азық-түлікті саудаға шығармай сақтап, сұраныс күшейген кезеңде бағасын көтеріп қымбат сату», – деп жазады.

Монополияға қатаң тыйым салуының сырын жалпы жұртшылыққа келетін ауыр салдарының алдын алу мақсатында деп түсіндіреді.

Сонымен бірге, дін ғұламалары бірауыздан: «Жұрт қиын жағдайға тап болып, ішерге ас таппай қалған уақытта дағдарыстан шығу үшін қоймада азық-түлік сақтап отырған кісі тауарын сатуға міндеттеледі», – деген.

Саудагер – берекет табады, баға көтеруші (монополист) – қасірет көреді. Бұл ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзі. Әдеткі сауда-саттықпен айналысқан адам кәсібінде берекет көреді. Ал, жұртқа аса зәру болған шақта азық-түлік, дәрі-дәрмек сияқты қажетті тауарлардың бағасын әдеткіден әлденеше шарықтатып сату – күнә. Онсыз да қиналып жатқан елдің қалтасын қағып тапқан ақшада ешбір берекет болмайды. Міне, хадис сол жайында.

Қала берсе, мұндай табыс адамға қасірет әкеледі. Сонымен бірге, азық-түлік деп айтылғанымен кез келген қоғамда қажеттілігі туындаған тауардың бағасын көтеруге тыйым салынады. Елде дағдарыс немесе оба сияқты дерт жаппай жайлаған кезде бағаны аспандату жұрттың бүйіріне ауыр соққы боп тиеді. Сындарлы шақта шама-шарқына қарай қолдау білдірудің орнына, жығылғанға жұдырық болады. Бұл тек ар алдында емес, сонымен қатар, экономика және қоғам алдындағы да қылмыс.

Кәсіпкер ертеңгі күні клиентін жоғатпау үшін жай күннің өзінде маусымдық жеңілдік жасап, бағаны төмендетеді. Бұл сауда-саттық жүйесінің бір құралы. Әлемдік саудаға үлкен өзгеріс әкелген Джек Ма бір сұхбатында дәулетті адам белгілі миллионын жеке капиталым десе болады. Алайда, қалғаны халықтікі деп айтқаны бар.

Ондағы айтпағы, адамның байлығы қоғам игілігіне жұмсалса ғана көбейеді. Байлықтың философиясы осы емес пе? Бұл адами көзқарас.

Кәсіпкерліктің бес қағидасының біріншісі – клиент (сатып алушы) құндылығы. Бұл дегеніңіз, бизнес өрлеу үшін сатып алушыға сапалы және қолжетімді тауар ұсыну. Ал, жан алқымға келген адамның соңғы ақшасын қалтасынан қағып алу имандылық былай тұрсын рационалды кәсіпкерлік тұрғысынан да өрескел қателік. Кәсіби сауатсыздық.

Бүгін қиналып жатқан жұрт – ертеңгі сіздің клиентіңіз. Бүгін оның жанынан табылуыңыз, сіздің табысыңызды азайтар. Бірақ банкротқа ұшыратпайды. Ал, ертеңгі күні табысыңыздың еселенуіне және имиждіңізге үлкен пайдасы бар емес пе?

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаздан шықса, жұрт алыс-беріс жасап саудаласу үстінде екен. Сонда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, саудагер қауымы!» – деп дауыстайды. Жұрт бір сәт саудасын тоқтатып бұрыла қарап қалады. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Саудагерлер қиямет күні арсыз және күнәһарлармен бірге тіріледі. Мұндайдан тек Құдайдан қорыққан, ізгі және шыншыл болғаны ғана аман қалмақ», – деп ескерту жасайды[5].

Иә, көзін тапса, сауда – табыс әкелетін кәсіп. Бірақ, адалдық пен адамилық қағидатын басшылыққа алу қажет.

Мұхаммед бин Хасанға жұрт тақуалық жайлы кітап жазыңыз деп өтініш айтады. Сонда Әбу Ханифаның шәкірті: «Сауда-саттық мәселесіне қатысты еңбек жазудамын», – деп тақуалықтың негізі адал табыс пен кісі ақысына қол сұқпау екенін меңзеген.

«Шыншыл саудагер мықты ма, әлде өмірін құлшылыққа арнаған діндар мықты?» – деген сұраққа ғалымдардың бірі: «Мен үшін шыншыл саудагер жаныма жақын. Өйткені, ол үнемі шайтанмен күрес үстінде. Ол сату кезінде үздіксіз шайтанмен алысумен болады», – деген екен.

Руслан ҚАМБАР

[1] Муззаммил, 20

[2] Ахмад

[3] Муслим

[4] Хаким

[5] Тирмизи, Дарами, Ибн Мажа, Ибн Хиббан

Таңбалар: басты тақырыппандемияруслан қамбар
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Татулық пен келісім миссиясын атқарған Астана

20.09.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын

18.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мәдени жұтылу немесе псевдосәләфизмнің қауіптілігі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны
Видео

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025
Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

22.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою