Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәдени жұтылу немесе псевдосәләфизмнің қауіптілігі

30.07.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
230
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам – жан мен тәннен құралған жаратылыс. Тәннің қалауы хәкім Абайша: «ішсем, жесем, құшсам» деген қалаудан тұрады. Данышпан тәнді ешқашан тоймайтын жаратылыс дейді. Хош делік. Тәннің шаруасын осымен тәмәмдасақ.

Бүгінгі әлемді ұлардай ұлытып отырған псевдосәләфилер бірінші «ударды» адамның жанына жұмсайды. Яғни, пенденің ең әлсіз жандық болмысынан ұрады. Мұндай адам жанының нәзік тұсы әрдайым құлақ түріп тұрады. Қазақ бұды «буынсыз жерге пышақ ұру» деген.

Бірақ, бір қызығы адам жанына нәпсі, яғни тән қажеттіліктері де әсер етеді. Себебі адам мына екі құбылысты үнемі қалап тұрады: жан мен тән азығы.

Антик заманының ойшылы Сократ: «Адам – құбылыс», – деген. Яғни бейімделгіш. Псевдосалафилердің ұйымшылдығы адамды сол ортаға бейімдейді. Псевдосәләфилердің еркіндік беру жағдайы мен ортақ топқа психологиялық байлауы, олардың мүшелерінің ыдырамауына әсер етіп отыр.

Сонымен қатар, олар өздерін діни азшылық ретінде өз орталарында көрсету мен діни оппозиция санауы, олардың өз орталарында бір-біріне тартылуына әсер етуде. Ал содан кейін өз орталарында ұлттық мәдениетке шабуылы жүйелі түрде жалғасады.

О понятии и признаках религиозного экстремизма

Экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны

22.01.2026

Жастар діни манипуляцияға қалай беріледі?

20.01.2026

Ғылымда «нигилизм» деген термин бар. Ол: идеалдарды, құндылықтарды жоққа шығару ұғымы. Уахабилік тенденцияға ұрынған адам, Аллаға деген қате түсінігімен ұлттық құндылықтарды санасынан біртіндеп өшіреді. Ол үшін тарихи жадылық құндылықтар құнсыз болып қалады.

Тарихи құндылықтарын көз алдында күйреткеннен кейін, енді оған басқа құндылықтар қажет. Себебі адам тарихи тізбекте өмір сүретін жалғыз жаратылыс (бір жануардың ата-бабаларының құндылығын іздеп жүргенін көрмейсің).

Негізгі тарихи тізбектегі құндылықтарынан айырылған адам жаңа тарихи құндылықтарды іздей бастайды. Міне, сол кезде псевдосәләфилер адамға таза тарихи құндылық деп 7-8 ғасырлардағы панарабизмді (араб мәдениетін) насихаттайды. Яғни, адамның санасын сол ғасырларға алып барып, ортағасырлық түсінікке жетелейді. Біздің еліміздегі кейбір жат мәдени мәселелер осыдан туындап жатыр.

Осылайша орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің құндылықтарының құнын жояды. Сәләфилердің ұлттық құндылықтаға мұрнын шүйіріп қарайтын себебі осыдан келіп туындайды. Тарихи-мәдени сана жойылса, отаншылдық сезім жойылады. Себебі адамның діни сенімі мекенімен (отанымен) байланыста болмаса, діндар адам мәдениетті басқа орталардан іздей бастайды.

Философтар мәдениетті 18 бөліктен тұрады және сол барлық бөліктерге діннің ықпалы зор деген (Д. Кенжетай, т.б.). Қазақ мәдениетінде Исламның ролінің жоғары екенінен байқауға болады. Яғни, діни таным қалай қалыптасса, мәдениеттерді де солай түсінігіне ыңғайлап алады немесе жоққа шығарады. Мысалы, қазақ мәдениетіндегі келіннің бетін ашу дәстүрін дұрыс емес дейтін псевдосәләфилердің танымы секілді. Міне, псевдосәләфилік танымның қауіптілігі осында.

Адам псевдосәләфилердің ықпалымен мәдени тарихымыздан, құндылықтарымыздан, идеалдардан айырылғанда, кеуделерінде бос кеңістік пайда болады. Жалған ағым ол бос кеудені өздерінің жалған құндылықтарымен толтырады. Адамды қашанда түсінігі билейді. Ислам философы Ғазали: «Адам не ойласа, соның тұтқыны. Нені таныса, соны сүйеді», – деген.

Сондықтан псевдосәләфилермен жұмыс жасау барысында олардың діни танымына ықпал етумен қатар, мәдени құндылықтарына шабуыл жасау керек. Тарихи сананы (генеология), мәдени қабатты қозғауды қоса ұғындыру керек. Құндылығы аумасқан адасушылардың діни танымы өзгеруге шақ тұрады. Бұл әлемдік психологтардың тұжырымы (Карнеги, В. Франкл).

Адам санасы – құбылмалы жаратылыс. Ол санада ақпараттың әсері мол. Сондықтан оны бір сипатта көру қиын. Яғни, қай мәдениет қаншалықты тартымды насихатталса, соншалықты адамды өзіне құмар етеді.

Бұл тұжырымдардан түйетініміз, біз қазақ мәдениетін ортағасырларға сүйремей, жаңа заманға бейімдеп, көркемділікпен құнды насихатталуымыз қажет. Әр таным көркемділігімен жаулайды, мағыналығымен есте қалады. Себебі адам жанының сұранысы ешқашан өзгермейді, тек құбылады. Жан әрдайым даналыққа құштар. Даналы сөз – жанның азығы.

Әзіреті Әли: «Тапқыр сөздермен рухтарыңды демалдырыңдар. Өйткені тәнің шаршайтыны секілді, рухтар да шаршайды», – деген. Діни таным мәдениетпен ұштасқанда, оның жанның азығы боларын ешқашан естен шығармауымыз қажет.

Kazislam.kz

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдаржарас аханпсевдосалафизмрадикализмсекта
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрбан айт – бейбітсүйгіш елдің құтты мерекесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00