Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Намаз оқымаған адам кәпір ме?

02.06.2020
- Сұрақ-жауап
0
857
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Исламда адамды мәжбүрлеуге және өзгеге залал келтіруге орын бар ма?

Жауап: Бүгінгі күні радикалды діни ағымдарға ерген бауырларымыздың бойында зорлық-зомбылыққа бейім, мұсылман бауырын кәпірлікпен айыптай салып, намаз оқымаса, ағайын-туыспен қатынасын үзіп, өзі өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңдарын мойындамай, өзімен пікірлес болмағандарды жек көру немесе өзге де қоғам мүшелеріне құрметсіздікпен қарау, басқаларды бүлікке шақыру сияқты зайырлы қоғамға қайшы оқыс мінездері мен көзқарастары байқалады.

Сонымен, Исламда басқа біреуді дінге күштеп шақыру, оны қорқытып-үркіту бар ма? Бұған нақты жауапты Құран Кәрімнің мына аятынан көреміз: «Дінде – күштеу жоқ» (Бақара: 256).

Ислам намаз оқымайтындарға және өзге дін өкілдеріне қалай қарайды? Олардың әрбіріне «Сен кәпірсің» немесе «Сен намаз оқысаң да, оқымасаң да кәпір болдың!» деп айтады ма? Бұлай деуіміз – радикалды көзқарастағы кейбір діни ағым өкілдері өздерін құптамаған және дінді дәл өздері сияқты ұстанбаған адамдардың барлығын кәпірге жатқызып, Алланың орнына үкім беріп қояды.

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

Құранда мынадай аят бар: «Ей, адам баласы! Шын мәнінде, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» (Хужрат: 13). Демек, адамдардың әртүрлі болуы, ұлттар мен ұлыстар, этностық топтар болып бөлінуі – Алланың жаратылысы. Мұнда Алла ешкімді қатыгездікке, дұшпандыққа шақырып отырған жоқ, керісінше, бір-бірлеріңді танып, араласып, тату-тәтті өмір сүруге шақырады. Егер Алла қаласа, онда біздерді ұлттар мен ұлыстар етіп жаратпай, барлығымызды бір үмбет етіп жасайтын еді.

Құранда Алла былай деген:

«(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді» (Һуд: 118).

Сондықтан бір мемлекетте түрлі адамдардың бірге өмір сүруі және олардың алуан түрлі болуы – тағдыр. Ал мұсылман адам тағдыр мәселесінде таласпайды. Өйткені, тағдырға қарсы келу – Құдайдың әміріне қарсы шыққанмен тең.

Олай болса, Исламда барлық адамның құқығы тең. Исламда намаз оқитын және намаз оқымайтын, мұсылман немесе өзге дін өкілі деп ажыратылмайды.

Радикалды көзқарастағы кейбір діни ағым өкілдері: «Басшылық намаз оқымайды. Демек, олар – кәпір, мемлекет кәпірлердің қолында» деген сияқты ұрандарды жиі айтып, дінге жаңа кірген жастарды бүлікке шақырады.

Бір күні Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларға қарап: «Сендерге мәртебесі жағынан ораза, намаз және садақадан да абзал нәрсе жайында хабар берейін бе?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Әрине», – дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ол – ренжіскенді жарастыру», – деп айтады (Әбу Дауд, Термизи және Ибн Мәжа).

Бір-бірімен ренжіскен адамдарды жарастыруды және достық пен сүйіспеншілікті ораза, намаз және садақадан жоғары қойып отырған Ислам қасындағы адамға «Сен кәпірсің» деп айтуға жол бермейді.

Ал енді ата-бабасы мұсылман, қажылыққа барған, садақасын беріп, қолынан келгенше оразасын ұстайтын қазақ баласына «Сен кәпірсің» деп айтудың өзі – күпірлік.

Балғабек МЫРЗАЕВ

Таңбалар: деструктивті діни ағымдаркүпірлікнамазсәләфизмсектатәкфиризм
Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымның артында саяси күштер бар
Видео

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік
Ағымдар ақиқаты

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ: Абай да «Алла» деп жазған

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120822 бөлісті
    Бөлісу 48329 Твитерге 30206
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1532 бөлісті
    Бөлісу 613 Твитерге 383

Соңғы жарияланымдар

Ағымның артында саяси күштер бар
Видео

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Адалдық – мұсылмандық қасиет
Видео

Адалдық – мұсылмандық қасиет

13.03.2026
Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік
Ағымдар ақиқаты

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00