Жұма, 10 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Еуропа бізге қылышсыз бағынуда». Қарт құрлықтағы демографиялық ахуал қандай?

03.06.2020
- Қоғам
0
134
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде әлем демографиясы жедел өзгеру үстінде. Жер басып жүрген адам саны үздіксіз өсумен қатар, демографиялық жағдай ұлттық және діни сипаты жағынан да қатты өзгеріске түсуде.

Мамандардың пікірінше, кез келген ұлт санының өсуі үшін туу көрсеткіші әрбір отбасына шаққанда кемінде 2,11 баладан болу керек. Егер бұдан төмен болса, ұлт біртіндеп азайып, жоғала бастайды. Тарих сахнасында туу көрсеткіші бір жанұяға 1,9 баладан келген ешбір халықтың ғұмыры ұзаққа созылмай, жойылып кетіп отырған.

Қазір Еуропаның түгелге жуық елдері осындай демографиялық ахуалға ұшырап отыр. Мәселен, 2008 жылы Францияда туу көрсеткіші бір отбасына 1,8 баладан келген. Англияда – 1,6, Грекия мен Германияда – 1,3, Италияда – 1,2, Испанияда – 1,1 баладан келсе, орта есеппен алғанда жалпы Еуропада бұл көрсеткіш 1,38-ді құраған. Бұл жергілікті еуропалықтардың біртіндеп жоғалып бара жатқанының анық белгісі. Мамандар бұл ахуалды енді қайта қалпына келтіру, бір әйелге екі баладан артық келетіндей көрсеткішке жеткізу мүмкін емес деп отыр.

Алайда, бұдан қарт құрлықтың халқы азайып бара жатқан жоқ. Керісінше, көбі өсу үстінде. Неге? Өйткені, оларға мұсылман елдері тарапынан үздіксіз иммиграция тасқыны жүріп жатыр. Соңғы жылдардағы көрсеткіштерге сүйенсек, қазір Еуропа халқының 90 пайыз өсімі ислам мемлекеттерінен келетін иммигранттар есебінен толығып отыр.

Енді мұсылман елдеріндегі демографиялық жағдайға назар аударып көрелік. Бұл әлемде бір әйелге шаққандағы туу көрсеткіші мынадай: Палестина, Йемен, Сомали, Судан және Иракта – 4-6 баладан, Мысыр, Сирия және Сауд Арабиясында – 3-4 баладан, Солтүстік Африканың Ислам елдері, Ливан және Иранда – 3 баладан, Ауғанстанда – 7,5 баладан, Пәкістанда – 4 баладан, Еуропаның мұсылман мемлекеті – Албанияда – 2,3 баладан келеді. Тек Түркия мен бірқатар мұсылман елдерінде ғана бұл көрсеткіш 2-ге тең.

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат

Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат

03.10.2025

ТМД мемлекеттерін алып қарайтын болсақ, мұндағы христиандық елдердің бәрінде бала туу көрсеткіші 2-ге жетпейді. Мәселен, бір отбасында Ресейде – 1,37, Украинада – 1,31, Белоруссияда – 1,28, Молдавия, Грузия, Арменияда – 1,7 баладан болса, мұсылман мемлекеттерінде: Қазақстанда – 2,31, Өзбекстанда – 2,29, Әзербайжанда – 2,16, Қырғызстанда – 2,56, Түркіменияда – 2,5, Тәжікстанда – 3,45 баладан келеді.

Сонымен қатар, ислам әлемінде орташа өмір сүру ұзақтығы да жылдан-жылға артып келеді. Қазір араб елдерінде бұл көрсеткіш 67 жасты құрап отыр. Ал 2050 жылға қарай мұсылмандар орташа есеппен 77 жасқа дейін өмір сүрмек.

Дегенмен, халық санының тым көбеюін көптеген ислам мемлекеттерінің экономикасы көтере алмай жататыны жасырын емес. Сондықтан көбінде жаппай жұмыссыздық белең алуда. Мәселен, Иорданияда жұмысқа қабілетті адамдардың 28 пайызы, Тунисте – 31, Палестинада – 39, Алжирде – 43 пайызы екі қолға бір күрек таппай, өзге елдерге, әсіресе, Еуропаға бет алуға мәжбүр. Және бұлардың басым бөлігін тепсе темір үзетін жастар құрайды.

Енді Еуропаға қайта оралайық. Қарт құрлықтың соңғы 20-30 жыл ішінде жедел мұсылман материгіне айналып бара жатқандығы қазір аз айтылып жүрген жоқ. Нақты сандарға көз жүгіртсек, Франциядағы ұлты француз отбасыларында туу көрсеткіші бір әйелге 1,8 баладан келді десек, мұсылман отбасыларында бұл көрсеткіш 8,1 баладан келеді.

Оңтүстік Франция – ықылым заманнан дәстүрлі христиан дінін ұстанатын аймақ. Ал бүгін бұл өлкеде шіркеудің санынан мешіттер саны асып түскен. 20 жасқа дейінгі балалар мен жастардың 30 пайызы – мұсылмандар. Францияның Марсель, Ницца, Париж секілді үлкен қалаларында мұсылмандар жалпы ел жастарының 45 пайызын құрайды.

2027 жылы әрбір 5-ші француз – мұсылман болады.

Мамандардың есептеуінше, 2027 жылы әрбір 5-ші француз – мұсылман болады екен. Егер бүгінгі демографиялық жағдай осылай сақталатын болса, алдағы 39 жыл ішінде Франция ислам мемлекетіне айналып шыға келуі ғажап емес.

Соңғы 30 жыл ішінде Ұлыбританиядағы мұсылмандар саны 82 мың адамнан 2,5 миллионға дейін өсті. Яғни, 30 есе өсім. Бұл елде қазір мыңнан астам мешіт бар болса, олардың басым көпшілігі – бұрынғы шіркеулер.

Ұлыбританияда қазір мыңнан астам мешіт бар болса, олардың басым көпшілігі – бұрынғы шіркеулер.

Голландияда қазіргі күні дүние есігін ашып жатқан барлық сәбидің 50 пайызы – мұсылмандар отбасында туғандар. Енді 15 жылдан кейін бұл ел халқының жартысын мұсылмандар құрайды деген сөз.

Бұл елдің ең ірі қалалары – Амстердам, Гаага және Роттердам қалаларындағы 20 жасқа дейінгі жастардың 60 пайызы – бір Аллаға сенетіндер.

Ресейде қазір 25 миллион мұсылман өмір сүреді. Бұл жалпы ел халқының бестен бірі. Жақын болашақта Ресей әскерінің 40 пайызын ислам дінін ұстанатын жауынгерлер құрайды деп күтілуде.

Қазір Бельгия халқының 25 пайызы және өмірге келіп жатқан нәрестелердің 50 пайызы – мұсылмандар. Мамандарының пікірінше, 2025 жылы жалпы Еуропада дүниеге келетін балалардың 1/3-і мұсылман отбасыларында туылмақшы. Яғни, енді 5-10 жылдан кейін Еуропаның жедел мұсылмандану үрдісі бұған дейін болмаған жылдам қарқында жүрмек.

Неміс үкіметі бұдан біраз жыл бұрын Германиядағы тұрғылықты ұлт санының азаюын тоқтату мүмкін емес екенін ашық түрде жариялауға мәжбүр болған еді. «Егер дәл бүгінгі жағдай өзгермесе, 2050 жылы Германия ислам мемлекетіне айналады», – деп ашық мойындады олар.

Еуропаның мұсылмандануы туралы Ливияның бұрынғы лидері Муаммар Каддафи: «Алла тағала Еуропаны исламға қылышсыз, қарусыз, қантөгіссіз сыйға тартуда. Бізге лаңкестер де, ажалшылдар да (смертник) керек емес. Себебі, алдағы ондаған жыл ішінде Еуропа халқының 50 пайызынан астамын мұсылмандар құрайды да, олар қарт құрлықты ислам континентіне айналдырады», – деп мәлімдеген болатын.

Ливия лидерінің бұл сөзін демограф мамандар да растайды. Олар енді 150 жылдан кейін жергілікті еуропалықтар мүлдем азайып, қарт құрлық 100 пайыз мұсылман континентіне айналады деп отыр.

Дәл қазіргі күні Еуропада 52 миллион мұсылман өмір сүреді. Алдағы 20 жылда бұл сан екі есеге өсіп, Ислам дінін ұстанатындар саны 100 миллионнан асып жығылмақ.

Теңіздің ар жағындағы елдерде де жағдай осындай. Қазір Канада мен АҚШ-та мұсылмандар қатары өте жоғары қарқынмен көбею үстінде. Мәселен, Канадада жергілікті халықтың өсімі – бір жанұяға шаққанда 1,6 баладан ғана келеді. Соған қарамай, 2001-2006 жылдары ел халқы 1,6 миллион адамға көбейсе, оның 1,2 миллионы ислам елдерінен келген иммигранттар болған.

АҚШ-та да бір жанұяға шаққандағы бала саны – 1,6 көрсеткішін көрсетіп тұр. 1970 жылы бұл мемлекетте 100 мың мұсылман ғана болса, қазір олардың саны 9 миллионнан асып жығылды. Яғни жылына 150 мыңдай адамға көбейіп отырған. Бұл тенденция бұдан әрі тағы да қарқын алып, енді 30 жылдан кейін мұсылмандар саны 50 миллион адамға жетеді деп күтілуде.

2008 жылы Католик шіркеуі әлемде мұсылмандар санының католиктерден асып түскенін мәлімдеді. Алайда, Еуропа мен Америка құрлығында жалпы христиан дінін ұстанатындар саны әлі де 1-ші орында. Бірақ, мамандардың айтуынша, егер ислам әлеміндегі қазіргі өсім қарқыны сақталса, алдағы 10 жылда ислам дүниежүзінің басты дініне айналмақ.

Ескендір ТАСБОЛАТ

Таңбалар: АҚШГерманиядемографияеуропаисламКанадамұсылмандарҰлыбританияФранция
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Араб шейхтарының діни еңбектерін пайдалануға бола ма?
Сұрақ-жауап

Араб шейхтарының діни еңбектерін пайдалануға бола ма?

01.10.2025
Исламда арсыздық туралы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда арсыздық туралы не айтылған?

17.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Төрәлі ҚЫДЫР: Алтын Орда – дәстүрлі дініміздің діңгегі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады
Қоғам

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025
Сұрақ-жауап

Қандай жағдайларда ғұсыл алынады?

09.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою