Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алла сендерді жарылқасын!

18.06.2020
- Ғибратты әңгімелер
0
701
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жамандық қылғандарға кешіріммен қарау және жақсылықпен қайтару – шынайы мұсылманға тән сипат. Бұл жөнінде Құран Кәрімде келген ең керемет мысалдың бірі – Жүсіп (ғ.с.) пайғамбардың өз бауырларына көрсеткен мәмілесі.

Хазіреті Яқуб (ғ.с.) пайғамбар он екі ұлының ішіндегі Жүсіпті қатты жақсы көретін. Бұл оның басқа ұлдарының жүрегінде қызғаныш сезімін тудырған еді. Қызғаныш пен көре алмаушылықтың өршігені соншалық бауырлары бала жастағы Жүсіпті өлтірмек болып, айдаладағы құдықтың ішіне тастап кетеді.

Бірақ, Алла Тағаланың қалауымен Жүсіпті сол маңнан өтіп бара жатқан керуеннің адамдары шығарып алып, Мысырға апарып құлдыққа сатады.

Алланың қалауымен хазіреті Жүсіп көптеген ауыр сынақтарды басынан кешіргеннен кейін Мысыр билеушісіне дейін көтеріледі.

Мешітті нұрландырған сахаба

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026

Сол жылдары қатты қуаңшылықтан қысылған бауырлары Мысыр билеушісіне азық сұрауға келеді. Бірақ, олар Мысыр билеушісінің бауырлары Жүсіп екенін білмейді. Хазіреті Жүсіп кек алудың керемет сәті түсіп тұрса да, өзіне тән пайғамбар сипатымен оларға көп жақсылық жасайды.

Тіпті оларды көрген кезде, қаншама жылғы сағыныш жүрегін елжіретіп, кек алу былай тұрсын, оңаша бөлмеге барып егіліп жылап алатын. Олар бұл билеушінің көрсеткен кең пейіліне қатты риза болады. Артынан бұл мейірбанның баяғыда өздері зұлымдық қылған інілері Жүсіп екендігін білгенде олар: «Сен Жүсіп екенсің ғой! Алла шын мәнінде сені бізден артық қылып жаратқан екен», – деуге мәжбүр болып жүректері езіліп, жылаған еді.

Сонда Жүсіп (ғ.с.) пайғамбардың берген жауабы: «Бүгін сендерге кектену жоқ. Алла сендерді жарылқасын. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі!» («Юсуф» сүресі 92-аят).

Бауырларының ұяттан жерге кіріп бара жатқанын сезген Жүсіп олардың көңілін көтеру үшін: «Ол кездері арамызға шайтан кірді» деп, кішіпейілдік танытып, өзінің ізгі әдебін тағы да көрсете білді.

Мінеки, шынайы мұсылманға тән көркем мінездің сипаты. Жазалауға күші жетіп тұрса да ақыретте сауап алу мақсатымен бауырларын кешіре білді.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратты әңгімеТұрар Түгелұлы
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

7 сауал үшін 700 шақырым жол жүрген

04.04.2025
Зина жасауға рұқсат беріңіз!
Ғибратты әңгімелер

Зина жасауға рұқсат беріңіз!

23.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Айдар ӘБУОВ: «Білім алуға мүмкіндік мол, бірақ талпыныс жетіспейді»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121045 бөлісті
    Бөлісу 48418 Твитерге 30261
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00