Сенбі, 28 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жүрек – адамның шынайы бейнесі

28.05.2020
- Қоғам
0
3.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» деп дана Абай айтқандай, адам өмірінің көзі осы жүрек екеніне дау жоқ. Адамды ізгілік пен жақсылыққа үндейтін де, қылмыс пен жамандыққа итеретін де – жүрек. Адам жанын бірде қинап, қайғы мен қасірет дәмін тарттыратын, бірде қуанышқа бөлеп, адам көңілін шаттыққа толтарытын да – жүрек.

Адамның ой-пікірі жүрекке тікелей әсер етеді. Өйткені, ой мен пікір үздіксіз жауған жауын тамшысындай тамшылап, жүрекке түседі. Жүрек нені әмір қылса, адам соны орындайды. Жүрек кімді сүйсе, адам соны сүйеді, жүрек нені қаласа, адам соны қалайды, жүрек нені жек көрсе, адам соны жек көреді.

Сол себепті де пайғамбар (с.ғ.с.): «Адамның бойында бір кесек ет бар. Егер ол жақсы болса, онда барлық дене жақсы. Егер жаман болса, онда барлық дене бұзылады. Шынында ол – жүрек», – деп айтқан (Бұхари мен Мүслим).

Сондықтан да жақсы адамды көрсеңіз, онда оның жүрегі дерттен аман болғаны. Егер жаман адамды көрсеңіз, демек, жүрегінің дерті бар.

«Жүрек дерті» деген уақытта біз жүректің анатомиялық немесе физиологиялық дертін айтып отырғанымыз жоқ. Біздің меңзеп отырған нәрсеміз – жүректің рухани дерттері.

Адамның бойында бір мезетте көптеген анатомиялық, медициналық дерттің болуы мүмкін, яғни дәрігер бір адамға бірнеше диагноз қоюы мүмкін. Сол сияқты жүрек те көптеген рухани дерттерге шалдығу ықтималы бар. Бірақ, бұл дерттердің медициналық аурулардан ерекшелігі сол, онымен ауырған адам өзінде дерттің бар екенін байқамайды.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Басқаша айтқанда, медициналық ауруға шалдыққан адам ағзасының ауырғанын сезеді, бойында рахатсыздық пайда болады. Ал енді жүрек дертіне шалдыққан адам бойында мұндай ауру салдарын сезбейді. Ол кәдуілгі сау-саламат адамның күйін кешеді. Өзін бір мазалаған жағдайды байқамайды, сезбейді де. Өйткені, ол медициналық емес, рухани дерт.

Алланың елшісі (с.ғ.с.) «Өлімнен басқа дерттің барлығына дауа бар», – деп айтқандай жүрек дерттерінің де дауасы бар.

Халид әр-Рубғи есімді ғалым бізге жүректің денедегі маңызы жайында мына әңгімені айтады:

«Хабашстандық ағаш ұстасы Лұқман құл еді. Қожайыны оған бір қой бауыздауға әмір қылып:

– Маған оның ең жақсы екі уыс етін алып кел, – дейді. Лұқман қожайыны айтқандай малды сойып, оған қойдың тілі мен жүрегін алып барады.

Кейін бірнеше күн өтіп, қожайыны тағы қой союға бұйрып:

– Маған оның ең жаман екі уыс етін алып кел, – дейді. Лұқман оған тағы да қойдың тілі мен жүрегін алып келеді.

Қожайын Лұқманға:

– Бірінші қойдың ең жақсы екі нәрсесін алып кел дегенімде, сен маған оның тілі мен етін алып келдің. Қош. Сосын екінші қойды сойғанда саған оның ең жаман екі нәрсесін бер дедім. Сен маған тағы да оның тілі мен жүрегін бердің. Мұның түсіндірмесі бар ма? – деп сұрайды.

Лұқман оған:

– Расында, егер ол екеуі жақсы болса, онда бұлардан асқан жақсы нәрсе жоқ. Егер ол екеуі жаман болса, онда олардан өткен жаман нәрсе жоқ, – деп жауап берген екен».

Лұқманның қожайынына берген жауабының даналығы жүректің маңызын көрсетеді. Жүректің жақсы болуы ағзаның, адам болмысының жақсылығын көрсетеді. Жүректің дертке шалдығуы адамның жаман екеніне дәлел. Осы жүректің көптеген дертке шалдығатынын білген Абай атамыз оны түрлі жағдайда әртүрлі атаса керек: «асау жүрек», «асыл жүрек», «ет жүрек», «жау жүрек», «жылы жүрек», «ит жүрек», «мұз жүрек», «сұм жүрек», «ыстық жүрек» деген сияқты т.б.

Демек, жүрек – біздің болмысымыз, шынайы бейнеміз. Егер отбасында, ұжымда, қоғамда және басқалармен жалпы қарым-қатынаста жақсы болуды қаласақ, онда жүрекке көңіл бөлуіміз керек. Жүректің рухани дерті оның физиологиялық дертінен де маңызды болмаса, кем емес. Бұған Құран аяттары мен хадистер және ислам тарихындағы оқиғалар мен ғибратты әңгімелер куә.

Жаратушы бізді жүрек дерттерінен сауыққан пенделерінің қатарынан қылғай.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Жалғас САДУАХАСҰЛЫізгі амал
Бөлісу86Твитерге54Бөлісу11Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сәлемдесіп сауап ал!
Ислам

Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы

07.02.2026
Сұрақ-жауап

Ислам банкі тек мұсылмандарды қаржыландыра ма?

08.12.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ата-анамен қатынасты жақсартатын аяттар мен хадистер

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121784 бөлісті
    Бөлісу 48714 Твитерге 30446
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    524 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    444 бөлісті
    Бөлісу 178 Твитерге 111

Соңғы жарияланымдар

Білім алмайтын екі адам
Видео

Білім алмайтын екі адам

27.03.2026
Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00