Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зұлымдықтың үлкен-кішісі жоқ

15.04.2020
- Ғибратты әңгімелер
0
377
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

13-14 жастағы жеткіншек мектепке барар жолда көше бойынан әмиян тауып алды. Жүрегі кірленбеген бозбала затты лезде полиция бөлімшесіне апарып табыстады. Полиция қызметкері әмиянды ашып, зат қаладағы ең бай кісілердің біріне тиесілі екенін анықтады. Телефонына хабарласып, жоғалған затын полиция бөлімшесінен алып кетуіне болатынын айтты.

Бай бөлімшеге кірер-кірмес қаһарын төгіп ақша түгел емес, мынау ұрлаған, деп баланы жер-жебіріне жеткізіп, алғыс айтудың орнына түгін қалдырмай балағаттады. Байғұс бозбала: Ағатай, мен әмияныңызды ашқаным да жоқ. Тапқан бойда бөлімшеге алып келдім,-деп ақталды.

Кісі баланың сөзін құлақ асар емес. Баланы сілкілеп қалтасындағы бір лирасын да қағып алады. Оқушы бала: Ағатай, бұл менің төрт күндік түскі асымның ақшасы, алма!,-деп өксіді. Полиция да қаланың танымал тұлғасынан мұндайды күтпесе керек: Жарайды, мырза! Затыңыз табылды сіздер бара беріңіздер. Қажет болса шақыртамыз,-деп екеуін шығарып салудан басқа амалы қалмады.

Рахмет естімек тұрмақ жала жабылып, қалтасындағы бар ақшасынан айырылған бала еңсесі түсіп мектепке жүріп кетті. Сабаққа да кешігіп келді. Тәрбие бойынша директор орынбасары да оқушының басынан сипай қоймады. Бұл балаға жығылған үстіне жұдырық болды. Жақсылық жасаймын деп жазаға тартылды. Сабақ бітіп, бозбала үйіне қайтты. Көше бойында келе жатқан. Кенет қарсы алдында біреудің жаназасы оқылып жатыр екен. Бала күтіп тұрып қалды. Кенет, полиция бөлімшесінің қызметкері анадайдан баланы байқап жанына шақырып:

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

-Келе ғой, мына кімнің жаназасы екенін білесің бе?

-Жоқ, танымаймын,-деді бала.

-Таңертең сенімен тартысқан әмиян иесінің жаназасы,-деді.

Неден қайтыс болды екен деп бала абдырап қалды. Жаназадан алшақтап бара жатып еріксіз екі кісінің әңгімесін құлағы шалды. Бірі серігіне: Шіркін, байлығының есебі жоқ бай адам еді. Құдайдың құдыреті осыншама, дәулеті бола тұра, ажалы бір лиралық кофеден болды. Кофеге шашалып өлгенін қарашы!,-деді. Ата-бабамыз кісінің ала жібін аттама деуші еді. Алла Тағала ешбір адамның ақысын біреуге жегізіп қоймайды.

Руслан ҚАМБАР

Таңбалар: байруслан қамбар
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Үй мен көлік алуға жаңа бағдарлама!
Видео

Үй мен көлік алуға жаңа бағдарлама!

15.01.2023
Отанды қорғау – асыл міндет
Видео

Отанды қорғау – асыл міндет

30.08.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құранды ұстазсыз оқып үйренуге болады ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00