Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұйқы дәретті бұза ма?

19.04.2020
- Қоғам
0
29.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Классикалық фиқһ әдебиеттерінде дәретті бұзатын амалдар – мас болу, ақыл есінен адасу және жыныстық қатынас сынды әрекеттерде бұзылады. Ал «ұйқы» мәселесінде ғұламалар арасында келіспеушіліктер бар.[1]

Ислам ғұламалары ұйықтаған адамның дәреті бұзылып-бұзылмайтыны жайында ең алдымен ұйқыны намаздың ішінде және сыртында деп екіге бөліп қараған. Намазда отырып ұйықтап қалған адамның дәреті бұзылмайды. Ал, намаздың сыртында отырып немесе жатып ұйықтаған адамның ұйықтау жағдайына қарай,  дәреті бұзылып-бұзылмайтыны жайында ғұламалар арасында бірнеше пікір бар. Олар:

  • Ұйқы еш уақытта да дәретті бұзбайды. Бұл пікір Әбу Мұса әл-Ашхари, Саид б. Мусайеб, Әбу Мижлез және Хамидул Араж.[2]
  • Қандай жағдайда болса да, ұйықтаған адамның дәреті бұзылады. Бұл пікір Ысқақ б. Рахуиа, Әбу Убайд әл-Қасым б. Салам және әл-Мүзени, Хасан әл-Басри, Ибн Аббас, Әнас б. Малик пен Абу Хурайра да осындай пікірлер бар.[3]
  • Егер адам бір нәрсеге сүйеніп немесе жатып ұйықтайтын болса, онда дәреті бұзылады. Ибн Аббас, Абу Хурайра, Хузейфа б. әл-Йемен, Омар б. әл-Хаттаб, Абдулла б. Омар, Хамад б. Ыбырайымның осындай пікірлері бар. Бұл пікірді Әбу Ханафи мазһабы қабылдаған әрі мазһаб жүйесіне енгізген.[4]
  • Терең ұйқы, қысқа әрі ұзақ болса да дәретті бұзады. Ал, жеңіл ұйқы қысқа немесе ұзақ болсын дәретті бұзбайды. Алайда, мұндай жағдайда намаз оқитын адамға дәретті жаңарту абзал. Бұл пікірді Зухи, Рабиа, Әузай, Әнас б. Мәлік пен Ахмед б. Ханбел. Мәлики мәзһабы осы пікірді ұстанған және мазһаб жүйесіне еңгізген.[5]
  • Намаз оқып отырған қалай ұйықтаса ұйықтасын дәретті бұзбайды. Бұл Имам Шафиғидің пікірі.[6]
  • Намаздың сыртында жерге толықтай орналасып, шалқалап ұзыннан жатып ұйықтаған адамның дәреті бұзылмайды. Бұл Имам Шафиғидің танымал пікірлерінен.[7]
  • Аяқтарының үстінде отырып және аята тік тұрып жеңіл (қалқып кеткен адамның) ұйықтап кеткен адамның дәреті бұзылмайды. Бұл пікірді Хамбали мазһабы қабылдаған және мазһаб жүйесіне енгізген.[8]

Қазақ қоғамы Әбу Ханифа мазһабын ұстанғаны үшін, алдымен Әбу Ханифа мазһабының түсінігіне, содан кейін Шафиғи, Мәлики және Хамбали мазһабтарының пікірлеріне тоқталатын боламыз.

Әбу Ханифа мазһабында ұйықтаған адамның қандай жағдайда болғанын назарға алады. Ханафи әдебиеттерінде жатып (шалқалап, бір жанымен немесе етпеттеп) немесе сүйеніп отырып ұйықтау дәретті бұзады.[9] Ал, сүйенбей отырып, аяқтарының үстінде отырып немесе аяқтарын тік алға ұзатып отырып, басын тізесінің үстіне қойып, жүріп бара жатып, тік тұрып, рүкүғта және сәждеде жатып ұйықтаған адамның дәреті бұзылмайды.[10] Жалпылай алғанда, ұйықтау дәретті бұзбайды. Алайда, жатып әрі сүйенбей еркін жатып, ұйықтаған адамның жел шығарғанын білмегені үшін намаз оқитын болса дәретті қайта алуы міндет.[11] Намазды жатып оқитындар намаз оқып жатып ұйықтап қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да намазды жатып оқитын адам ұйықтап қалған жағдайда дәреті бұзылады. Алайда, сау адам намазда сәждеде ұйықтаса, дәреті бұзылмайды.[12]

Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойындар, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)

Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойындар, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)

20.09.2025
Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025

Шафиғи мазһабында намаз оқыған адам қандай жағдайда болса да дәреті бұзылмайды. Сонымен қатар намаздан тыс уақытта тік жатып ұйықтаған адамның дәреті бұзылмайды. Алайда еркін жатып ұйықтаған адам, жел шығару қаупін сезінсе ғана намаз дәретін алады.[13]

Малики мазһабында да Ханафи және Шафиғи мазһабында болғандай, ұйқы дәретті бұзатын әрекеттерден емес. Сонымен қатар, ұйқының түрлеріне қарай үкім шығарған. Жоғарыда айтқанымыздай, терең әрі ұзақ ұйықтаған адам жел шығаруы мүмкін болғаны үшін ұйқыдан тұрғанда қайта дәрет алу абзал деген. Ал, жеңіл әрі аз ұйқы дәретті бұзбайды.[14]

Хамбали мазһабында да алдыңғы үш мазһабта болғанындай ұйқы дәретті бұзатын амалдардан болмағаныны дәлелдеген. Алайда, Малики мазһабында болғанындай ұйқыны терең және жеңіл деп бөле қарап, сүйеніп ұйықтаған адамның дәреті бұзылады. Сондықтан, жатып ұйықтаған адам ұйқысынан тұрғанда, намаз оқу үшін қайта дәрет алуы міндеттелген.[15]

Қорытындылай келе, Әбу Ханифа мазһабында дәретті бұзатын амалдардың ішінде ұйқы қарастырылмаған. Алайда, ұйықтаған адам өз еркінен тыс әрекет етуін негізге алғаны үшін, ұйқыдан оянып намаз оқығысы келгенде қайта дәрет алуын құптаған. Намаздың алғышарттары дәретті болу. Намазымыз бен тілегіміздің қабыл болуы үшін дәрет алған абзал.

                                         Исатай Бердалиев

[1] Абдуррахман әл-Жазири (ө. 1941), Китабу л-Фиқһ ала л-Мәзһаби л-әрбағи, Бәйрут 1423/2003, бет 47-81.

[2] Әбу л-Фараж Шамсуддин Абдуррахман б. Мухаммад б. Ахмад б. Әл-Макдуси (ө. 682/1283), әш-Шәрху л-Кәбир, 1-том, 20 бет.

[3] Нәуауи, Мәжмуғ, II-том, 20 бет.

[4] Әбу Бәкір Шәмсу л-Әимма Мухаммад б. Әби Сәхіл Ахмад әс-Серахси (483/1090) әл-Мәбсут, Бәйрут жылы көрсетілмеген, I-том, 78 бет.

[5] Әбу Абдуллах Шәмсуддин әл-Хаттаб Мухаммад б. Мухаммад б. Абдиррахман әр-Руайна әл-Мағриб (ө. 954/1547), Мәуәхибу л-Жәлил ли шәрхи Мухтасар Халил, Бәйрут 1416/1995, I-том, 426 бет.

[6] Нәуауи, Мәжмуғ, I-том, 14 бет.

[7] Нәуауи, Мәжмуғ, II-том, 16 бет.

[8] Әбу Исхақ Бурханиддин Ибрахим б. Мухаммад б. Адбиллах әр-Рамини әд-Димашқ (ө. 884/1479), Әл-Мубди, Шәрху л-Мукни, Бәйрут 1418/1997, I-том, 134 бет.

[9] Кемалуддин Мухаммад бү Абдуллахаб б. Абдулхамид әс-Сиуаси әл-Искандари (ө. 861/1457), Шәрхул Фатху л-Кадир, I-том, 48 бет.

[10] Әбу Бәкір Шәмсу л-Әимма Мухаммад б. Әби Сәхіл Ахмад әс-Серахси (483/1090) әл-Мәбсут, Бәйрут жылы көрсетілмеген, I-том, 78-79 бет.

[11] Әбу Бәкір Шәмсу л-Әимма Мухаммад б. Әби Сәхіл Ахмад әс-Серахси (483/1090) әл-Мәбсут, Бәйрут жылы көрсетілмеген, I-том, 78 бет.

[12] Ибн Абидин, Редду л-Мухтар, I-том, 96 бет.

[13] Әбу Абдуллах Мухаммад б. Идрис б. Аббас әш-Шафии (ө. 204/820), әл-Умм, түсініктеме берген, Рыфат Феузи Абдилматлаб, Мансура 1422/2001, II-том, 35 бет.

[14] Әбу Омар Жамалуддин Жүсіп б. Адбуллах б. Мухаммад ән-Нәмари (ө. 463/1071), Әл-Кафифи фи фиқһ әһли л-мәдинатуи л-Малики, Бәйрут 1413/1992, I-том, 11 бет.

[15] Муафакаддун Ибн Кудама, әл-Муғни, I-том, 235-236 беттер.

Таңбалар: намазпікірлерұйқы
Бөлісу705Твитерге441Бөлісу88Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Әйел кісілердің намаз оқу үлгісі қандай?
Сұрақ-жауап

Әйел кісілердің намаз оқу үлгісі қандай?

15.09.2025
Азан айтуда сауап бар ма?
Сұрақ-жауап

Азан айтуда сауап бар ма?

11.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шариғатта кеден салығы деген түсінік бар ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны
Видео

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025
Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

22.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою