Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламда қабір намазы бар ма?

21.04.2020
- Қоғам
0
889
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бақилық болған бір мұсылманның жуылуы, жаназа намазының оқылуы және көп күттірілмей жерленуі мұсылмандарға парыз кифая (бір мұсылман істесе жеткілікті). Бақилық болған адамды тәртібіне сай жерлеу діни міндет. Қабір бақилық адамның ақыреттке дейін күтетін мекені.

Хадистер әдебиеттерінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) осы тақырыпқа ұқсас бір хадис риуаят етілген: «Алла елшісі үтір намазынан кейін отырып екі рәкағат намаз оқитын» кейбір риуаяттарда «аяқтарын жинап отырып (молдасоқынып)» деп берілген. Хадис жинақтарымен танымал Әбу Бәкір Ахмад б. Әл-Хусайын әл-Бейхаки (ө. 458/1066): «Түнгі мезгілде он үш рәкағат намаз оқитын, соңғы екі рәкағатын орнынан тұрмай отырып оқитын. Соңғы отырып оқитын екі рәкағатта, «Кәфирун» және «Зилзала» сүрелерін оқитын»[1] деген руаят бар.

Ислам әлеміне Инбнул Қайуум Әл-Жаузи лақабымен танымал, Әбу Абдиллах Шамсуддин Мухаммад б. Әби Бәкір б. Әйюб әз-Зурай әд-Димашқи әл-Намбали (ө. 751/1350) бұл хадисті жорамалдағанда мынадай тұжырымдама жасаған. «Пайғамбарымыз түнгі намазды үш түрлі оқитын: 1- Түрігеп тұрып, 2- Қырағатты және рүкүғда отырып оқитын, 3- Қырағатты отырып және қырағаттың аз бөлігі қалғанда орнынан тұрып, бітіргенде рүкуғқа барып намазын аяқтайтын. Бұл үш түрлі оқығаны да дұрыс»[2] деп жорамалдаған.

Алайда Мәлики мазһабының құрушысы Имам Мәлік (ө. 179/795) бұл соңғы екі рәкағат намазды мақұл көрмеген. Ал, Хамбали мазһабының құрушы ұстазы Ахмад бин Хамбал (ө. 241/855): «Мен оқымаймын, алайда оқығанға да қарсы емеспін» дейді. Өйткені, «Соңғы оқыған намаз үтір уәжіп намазы болсын» деген хадис бар. Ислам ғұламаларының бір бөлігі, Пайғамбарымыз бұл екі рәкағат намазды үтір намазынан кейін де намаз оқуға болатынын көрсету мақсатында оқыған болуы мүмкін, деген тұжырымдама айтқан. Сонымен қатар, бұл екі рәкағат, сүннет намазындай деп қарау және түнгі үтір намазының қорытындысы ретінде түсіну керек. [3]

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бұл екі рәкағат намазды оқығандарға бидағат жасады дей алмаймыз. Ахмад бин Хамбалдің айтқанындай: «Мен оқымаймын, алайда оқығанға да қарсы емеспін» дегеніндей пікірде болуы абзал. Оқығандар оқымағандарға қарағанда көп сауап алып жатыр десек те болады.

Алайда бұл екі рәкағат «Қабір намазы» деп нақты айтқан хадис жоқ. Сондықтан да Әбу Ханифа мазһабының фиқҺ және ғылымхал әдебиеттерінде «Қабір намазы» қамтылмаған. Бұл екі рәкағат намазды Ханафи мазһабы «мүстахап» намаздар қатарында деп бекіткен. Бұл намазды қоса алғанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басқа да оқыған намаздары бар. Парыз намазды мұсылмандар оқуы міндет. Ал, сүннет намаздар парыз болған намаздарды күшейту және мінсіздендіру болып саналады. Тәһажуд, Духа, мешіт ақысы және мүстахаб намаздары Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыратын нәпіл намаздар.[4] Уақыты көп мұсылмандар оқыса еш қарсылық көрсетпей, басқаларына оқы деп міндеттемейтін намаздардан болып есептеледі.

Исатай Бердалиев

 

[1] Бейхаки, әс-Сунану л-Кубра 32 және Имам Ғазали, Ихия, I-том 196 бет.

[2] Ибн Қайуум, Зад, I-том, 110 бет.

[3] Ахмад бин Хамбал, Китабу л-Уара, 42 бет.

[4] Есед Мұхаммаед Сайд ес-Сағиржи, Дәлелдері мен Ханафи фиқығы, 186 бет.

Таңбалар: Исатай Бердалиевисламқабірміндетпарыз
Бөлісу21Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Ислам

Исламдағы жастар тәрбиесі

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Арақтың кесірі - адамның өмірі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00