Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемдік тәжірибедегі зайырлылық

16.03.2020
- Мақалалар
0
539
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дін – бұл адамзат өркениетінің дамуында мемлекетпен қатар өмір сүріп келе жатқан қоғамдық сананың бір формасы. Тарихтан белгілі, бірлік пен бөлінбеушілік қағидасы дін мен билікке толығымен таралып, мемлекеттің пайда болуымен дін ресми мемлекеттік сипатқа ие болған еді. Тек Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропада гуманизмнің зайырлы дүниетанымы белсенді түрде бекітіліп, діннің монополиясынан сананы босатуда, рационалистік көзқарастарды таратуда алғашқы қадамдар жасалды.

Шіркеу мен зайырлы биліктің арасындағы бақталастық, нәтижесінде патшалық абсолютизмнің бекітілуі зайырлы дүниетанымның таралуына қолайлы жағдай туғызды. Сол кездегі зайырлы билік ғылым мен өнер саласындағы қайраткерлерден лайықты қолдау таба бастады.  Біртіндеп дін билеуші емес, әлеуметтік қауымдастықтың бір бөлшегіне айналды.

XVII ғасырда Вестфаль бейбіт келісімінен кейін түрлі діндердің қатар өмір сүруі мемлекет тарапынан мойындалып, өзге дінге төзімділік қағидасы енгізілді, бұл өз кезегінде дін ықпалының төмендеуіне әкелді. Сол кезде шіркеудің бақылауында болған территориялардың зайырлы билеушілердің қол астына өтуімен байланысты «секуляризация» (лат. saecularis – діни емес, зайырлы) термині пайда болды.

Саясаттану сөздігінде: «Секуляризация – жалпы қоғам мәдениетін, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен жеке индивидтердің күнделікті өмірін қамтитын және сиқырлы, діни нанымдардың, құндылықтар мен нормалардың маңыздылығын азайтуға алып келетін үдерістердің жиынтығы, олар ұтымды дәлелдермен міндетті түрде негіздеуге жататын идеялармен және ережелермен алмастырылады, бұл «шынайы», объективті білімге қол жеткізу функциясын беретін ғылым беделінің өсуіне ықпал етеді» – деп түсіндіріледі.

Сөйлеу әдебі жайлы

Сөйлеу әдебі жайлы

26.08.2025
Шыдамдылық пен сабырсыздық

Шыдамдылық пен сабырсыздық

25.08.2025

Реформация дәуіріндегі осы  үдерістер діннің мемлекеттен бөлінуімен көрініс алды. Секуляризация түсінігінің қазіргі кездегі ұғымы саяси саланың дін ықпалынан оқшау болуы, саяси институттардың қызметі мен беделі тылсым күштің сипатынан тыс, қоғамдағы қалыпты өмірдің нәтижесінде туындайтын саясат түсінігімен байланысты.

Алайда дін саясаттан ажырағанмен қоғамда маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. М.Вебердің ойынша, дін адамдар өздерінің қызметінде басшылыққа алатын идеалдардың қалыптасуына ықпалын тигізеді, ол ондай идеалдар қоғамдық дамуды ынталандырушы факторға айналуы мүмкін. Э. Дюркгейм, Т Парсонс, Б. Малиновский сияқты ғалымдар «Дін әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған, бұған қол жеткізудің жолы – салт жоралғылар» деп есептейді. Кейбір демократиялық елдер діни жоралғыларды жатсынбайды. Мәселен, Ұлыбританияда христиандық рәміздерді кеңінен пайдаланатын зайырлы дін монарх пен оның отбасының өмірі мен қызметіне байланысты рәсімдерге негізделген.

Кейбір саясаткерлердің діни дәстүрлерді пайдаланғанын кездестіруге болады. Квазидіндік әдістемені пайдалана отырып, сондай-ақ бір мезетте анық дінге қарсы бағыттағы секуляризмнің таралуымен қатар жүретін ерекше саяси-идеологиялық құбылыстар орын алған еді. Бұл құбылыстар «зайырлы дін» деген атауға ие болды. Бұлар көп жағдайда тоталитарлық, диктаторлық саяси тәртіпке тән еді. Көсемдерге, идеологияға, ұлтқа, нәсілге табынушылық – олардың ажырамас бөлшегі, ал табынушылық социалистік елдердегі атеистік насихатпен ұштасқанмен де діни құбылыс болып табылады. Ал социалистік жүйенің күйреуі, жаһандық үдерістер ықпалымен демократиялық құндылықтардың кеңінен етек алуы бірқатар елдерде мемлекет пен дін арақатынасының жаңа үлгісінің қалыптасуына ықпалын тигізді.

Бүгінгі таңда мемлекет пен діннің аражігін түсіндіруде «мемлекеттік-конфессиялық» немесе «мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар» ұғымы кеңінен қолданылады. Конфессия – (лат. confessio — ғибадат, дін жолы) — құдайға құлшылық ету ерекшеліктері мен белгілі бір ұйымдық құрылымы бар, бір дін шеңберінде дінге сенушілердің бірігуі.  Мәселен, христиандық конфессияларға православие, католицизм және протестантизм жатады. Конфессия термині Реформация дәуірінде протестанттық қауымдастықтың католиктерден бөлініп, өздерінің жеке дін жолын қалыптастырған кезде пайда болған.

Жалпы алғанда діни бірлестіктермен қарым-қатынас сипаты бойынша мемлекеттер конфессиялық типтегі мемлекеттер және зайырлы типтегі мемлекеттер болып бөлінеді. Ресейлік зерттеуші М.О. Шахов атқандай: «мемлекеттік «міндетті» дін болмайтын және ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген мемлекеттерді зайырлы типке жатқызуға болады». Конфессиялық мемлекетте шіркеулердің бірі (конфессиялардың) елді басқарады (теократия), немесе билік және басқару органдар жүйесіне кіреді (мемлекеттік дін).

Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлектену принципі жүзеге асқан, ар-ождан бостандығы және діни сенім бостандығы қамтамасыз етілген АҚШ, Португалия, ГФР сияқты бірқатар елдерде зайырлылық мемлекеттің конституциялық сипаттамалар тізіміне кірмеген, олар зайырлы деп аталмайды.

Сонымен қатарзайырлы Түркияда мұсылман имамдары, муфтийлер және дін уағыздаушылары мемлекеттік қызметкер мәртебесіне ие, мемлекеттік мектептерде діни мәдениет пен этиканы оқу міндетті болып табылады. Сондай-ақ зайырлы болып табылатын Франция мемлекет меншік иесі ретінде католиктік (тек қана католиктік) ғибадатханаларды қамтамасыз ету, жөндеу мен қалпына келтіру шығындарын өтейді және қарулы күштер қатарындағы бірнеше конфессиялардың капелландық қызметін қаржыландырады. Капеллан деп әскер қатарындағы дін қызметкерін атайды, бүгінгі күні капелландардың құқықтық мәртебесі тек мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық нормативтік актілерде бекітілген.

Мәселен, 1949 жылғы Женева конвенциясына сәйкес дін қызметкерлері комбатант болып есептелмейді (француз. Combatant — шайқасушы, яғни соғыс жағдайында әскери ұрысқа тікелей қатысатын жауынгер) және тұтқынға түскен жағдайда өзінің мәртебесін сақтап қалады.

Мұндай капеллан қызметі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Польша, Чехия сияқты мемлекеттердің қарулы күштерінде әрекет етеді.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген мемлекеттердің дін саласы бойынша ұстанымдары зайырлылық болып табылады. Зайырлылық – бұл мемлекеттік атеизмнен және бір дінді жалпыға бірдей немесе ресми ретінде мойындаудан бір мезгілде бас тарту арқылы сенім мен ар-ождан бостандығы мәселелерінде азаматтардың толық теңдігін қамтамасыз етуші мемлекеттің сипаттамасы.Бұл дегеніміз мемлекет көпконфессиялы болса, бір дінге ресми түрде басымдық бермейді, заң алдында діни бірлестіктер тең саналады.

Осы тұрғыда бірқатар мемлекеттердің дін саласындағы тәжірибесіне тоқталатын болсақ, Италия елінде дін үш топқа бөлінеді, оның ішінде католик шіркеуі ерекше орынға ие. Италияның Конституциясында мемлекет пен католик шіркеуі арасындағы қарым-қатынастарға арналған 7-інші бап бар, ол бойынша бұл қатынастар 1929 жылы Муссолини үкіметі мен Папа билігі арасында жасалған Латерандық келісіммен реттеледі. Католик шіркеуінен кейін мемлекетпен келісімге отырған діни қауымдастықтар тұрады. Олардың мәртебесі католик шіркеуінің құқықтық жағдайына формальды түрде жақын.

Соңғы, әрі төменгі топты мемлекетпен келісімге келмеген діни бірлестіктер құрайды, олар алдыңғы екі категориядағыларға қарағанда бірқатар артықшылықтардан айырылған. Осыған ұқсас, бірақ діни бірлестіктердің бұдан гөрі күрделі типологиясы Испания мемлекетіне тән. Бұл елде заңды түрде мойындалған төрт топ бар, дегенмен әрқайсысының мәртебесі біркелкі емес:

1) Конституцияда арнайы бекітілген католик шіркеуі;

2) заң бойынша мемлекетпен келісім жасай алатын испандық қоғамға «тереңдеп енуші» шіркеулер;

3) «тереңдеп енуші» мәртебесіне ие емес, бірақ заңды мәртебесі бар шіркеулер мен діни ұйымдар, сондай-ақ діни бірлестіктер тізіміне кірген діни қауымдастықтар мен бірлестіктер;

4) діни қауымдастықтар ретінде заңды мәртебесі жоқ діни топтар, өйткені олар заңның барлық талаптарына сәйкес келмейді, бірақ жеке ұйымдар ретінде заңды мәртебесіне қол жеткізе алады; заңда олар секталар немесе жаңа діни қозғалыстар ретінде көрсетіледі.

Сол сияқты католик шіркеуінің күшті дәстүрлері мен ықпалы бармемлекеттер қатарына Латын Америкасы елдері жатады. Олардың кейбіреулерінің конституцияларында католик шіркеуінің маңыздылығы және мемлекет тарапынан қолдау ерекше атап өтіледі. Мәселен, Аргентинаның (1853) Конституциясының 2 бабына сәйкес федералды үкімет Рим-Католик апостолик шіркеуін қолдайды. Мұндай ережелер Боливия (1967) және Коста-Рика (1949) Конституцияларында қамтылған. Сондай-ақ, мемлекет католик шіркеуіне қаржылай қолдау көрсетеді.

Латвия елінің «Діниұйымдар туралы» заңында «діни конфессиялар» және «дәстүрлі емес діни ұйымдар» деген ұғымдар қолданылады.Діни конфессиялар «әлемдік діндердің тарихи қалыптасқан түрлері, сондай-ақ өз ілімі, (қасиетті жазу, догматика), діни рәсімдер мен ұйымдастыру құрылымының дәстүрлері барұлттық діндер ретінде анықталады».

Ал дәстүрлі емес діни ұйымдар «әлемдік діндердің, ұлттық діндердің конфессияларынан бөлінген ұйымдар немесе догмалық ұстанымдар, діни рәсімдер мен ұйымдық құрылымы олардың қандай да болмасын біреуімен жеткіліксіз дәрежеде сәйкестендірілетін діни ұйымдар болып саналады». Мемлекет пен діни ұйымдардың арақатынасы мәселесінде мемлекеттік органдар зайырлы сипатқа ие, дегенмен діни ұйымдар заңда қарастырылған жағдайларда мемлекеттік функцияларды атқара алады.

Болгария Конституциясы бойынша шығыстық-православиелік діни сенімі дәстүрлі дін болып табылады.Сондай-ақ,Грузия Конституциясының 9-бабы Мемлекет Грузия тарихындағы Грузин православие шіркеуінің айрықша рөлін, сонымен бірге діни сенімнің толық еркіндігін, шіркеудің мемлекеттен тәуелсіздігін мойындайды.

Бірқатар елдерде дін әлі күнге дейін мемлекеттік сипатқа ие. Ең алдымен, бұл ислам мемлекеттері болып табылады. Иранда мемлекеттік билік ірі дін мамандарынан тұратын сарапшылар Кеңесімен тағайындалған елдің саяси және рухани жетекшісінің бақылауында. Барлық құқықтық жүйе исламдық нормаларға негізделген және исламнан басқа дінге ауысу тыйым салынған.

Сондай-ақ,Иранда мемлекеттік ислам дінінен басқа үш діниазшылықбар: олар- зороастризм, иудаизм мен христиандық және олар ислам дініне, Иран Ислам Республикасына қарсы қастандық жасауға қатыспаған жағдайда танылады. Қалған діни қозғалыстар мойындалмаған немесе қуғынға ұшырайды. Ал Сауд Арабиясында Құран мен сүннет елдің ең жоғары заңы болып табылады. Әрине, ислам шығыс елдеріндегі жалғыз мемлекеттік дін емес, сол тәрізді Непал мемлекетінде индуизм діні, басқа дінге ауысу қатаң жазаланады.

Еуропаның монархиялы елдерінде мемлекеттік шіркеу тарихи дәстүр ретінде сақталды деп айтуға болады. Ұлыбританияда діни еркіндіктің бекітілу үдерісі ұзаққа созылып, бүгінгі күнге дейін толық аяқталмады. Англикандық шіркеу ғана заңдық жағынан қорғалған, (мәселен, құдайға тіл тигізу) христиандық мерекелер ғана мемлекеттік болып табылады.Грецияның Конституциясының екінші бөлімі шіркеу мен мемлекеттің қатынасына арналған.

Аталған бөлімде «Грецияда үстемдік ететін дін Шығыс-православиелік Христовошіркеуі болып табылады» және оның ерекше мәртебесіне толық арналады. Заңдар жаңа діндердің пайда болуына тыйым салады және діни азшылық топтардың Құдайға құлшылық ету орындарының санын шектейді.

Ал керісінше осы уақытқа дейін лютерандық дін мемлекеттік болып келген Скандинавия түбегі елдерінде ХХ ғасырдың аяқ кезеңінен бастап дін ресми сипатынан айырыла бастады. 1995 жылы Финляндияда, 2000 жылы Швецияда шіркеу мемлекеттік болудан қалып, шіркеу салығы алынып тасталды. 2006 жылы Норвегияда лютерандық шіркеу мемлекеттен бөлінді.

ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдерде мемлекет діннен тысқары болуға және конфессияның адам мен қоғамнан бөлектенуіне қол жеткізуге тырысады, сондықтан діни ұйымдардың қызметі жеке өмірдің деңгейіне теңестірілген.

Мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының сипатына билікке келетін саяси партиялар мен көшбасшылардың ұстанымдары да әсер ететіні сөзсіз. АҚШ-та сайлаудажеңіске жеткен кіші Дж. Буш мемлекеттің шіркеумен жақындауына басымдық берді.

Мұсылман елдеріндегі мемлекеттердің діни сипаттарына байланысты үдерістердің серпінділігін байқауға болады. 1999 жылы Пәкістандағы әскери төңкеріске дейінгі басшылықта теократиялық үрдістер басым болса, төңкеріс нәтижесінде билікке келген генерал Мушарафф зайырлы ұстанымның жақтаушысы болды. Сол сияқты билікке келген Мұстафа Кемальдің 1928 жылғы саяси реформаларына сәйкес Түркияның Конституциясына зайырлылық қағидалары бекітілген болатын.

Қазіргі әлемдегі мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың формалары әртүрлі. Алайда демократиялық және құқықтық мемлекеттерде қалыптасқан дін саласындағы саясаттың жалпы қағидаттары кеңінен мойындалған деп айтуға болады. Оларға сенім мен ар-ождан бостандығы, мемлекет тарапынан төзімділік пен бейтараптық, діни наным негізінде тең құқықтылық пен кемсітушілікке жол бермеу жатады. Қазіргі кезде бұл қағидаттар халықаралық құқықтың талаптары ретінде көрінеді. Олар 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында жарияланған.

Осылайша, әмбебап, халықаралық біріздендірілген және өзгермейтін «зайырлылық формуласы», мемлекеттің зайырлылық белгілері мен қасиеттерінің нақты және тұрақты жиынтығы жоқ деп қорытындылауға болады.

Таңбалар: Ата заңәлемдін саласызайырлы мемлекетҚазақстан
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстанға Иордания королі келеді
Жаңалықтар

Қазақстанға Иордания королі келеді

23.08.2025
Алғаусыз достықтың алтын көпірі
Қоғам

Алғаусыз достықтың алтын көпірі

22.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дұрыс бағыт пен пайдалы білім маңызды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою