Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қиындыққа сабырлықпен қарау

31.03.2020
- Қоғам
0
1.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде әлемнің көптеген елдері коронавирусқа байланысты карантин жариялап отыр. Дәл қазіргі қиын сәтте сабырлық пен шыдамдылық таныту аса маңызды. Осыған байланыста ислам діні қалай қарайтынын имамдар мен дінтанушылар өз ойларын ортаға салды.

Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттерінің бірі.  Жалпы, сабырлық сөзінің мағынасы «шыдамдылық ету» дегенді білдіреді. Шариғаттағы мағынасы  Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету. Алла  Тағала Құранда мұсылмандарға тән сипаттың бірі – сабырлық деген.  Сабырлы болу адам бойындағы ең ізгі тамаша қасиеттердің бірі.

Атақты ғұлама Ибн Кәсир  Алла Тағала бізге шүкіршілік жасаумен бірге сабырлы болуды да бұйырып, сабыр мен намаз арқылы көмек сұраудың жолын көрсеткен. Сондай-ақ Алланың құлы бір жақсылық көрсе, шүкіршілік қылып, ал, қиын жағдайға тап болса, оған сабыр етуі қажет екендігін айтады.

Алла Елшісі бір хадисінде:«Мұсылман адам не көрсе де әрдайым қанағат етеді. Себебі, Алланың көрсеткенінің бәрін қайырлы деп түсінеді. Егер жақсылық көрсе, шүкіршілік жасап, оны Алланың жасаған иһсаны (жақсылық) деп есептейді. Ал, тауқыметке тап болса, сабыр етіп, оны да өзінің мүддесі үшін қайырлы деп біледі. Ауыртпалыққа төзіп, сабырлық танытып, намаз оқып, Алладан жәрдем сұрайды. Сондықтан да Алла Тағала «сабыр және намаз оқу арқылы көмек сұраңдар», – деп бұйырған, – дейді.

Осы жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ел басына түскен қатерге төтеп беріп, өтпелі сынақ сәтінде үмітсіздік пен күйзеліске бой алдырмай, Аллаға жақындауымыз қажет дейді.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Аллаға жақындау дегеніміз – Оның жер бетіне орнатқан заңдылығымен жүру. Адам баласының Аллаға деген нық сенімі, яғни иманы оны кез келген тығырықтан алып шығады. Иман шартын жүрегіне бекіткен мүмін жақсылық пен жамандық – Алладан деп қабылдайды. Нығметке кенелсе – шүкір етеді, қиындыққа тап болса – төзімділік танытады. Алла тағала қасиетті Құранда: «(Мұсылмандар) Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар» («Әли Имран» сүресі, 139-аят), – деп мұсылман баласын сүйіншілеген. «Аққа Құдай жақ» дегендей, осы сынақ кезеңінен ақ адал ниетімізбен аман-есен өтуді жазғай», – деп тілек етті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлының пікірінше,  өмір – сынақ, жақсылықпен қоса қиындық та қатар жүреді.

– Сол қиындықтарға мойымай сабырлық таныту – біздің міндетіміз. Кезінде шариғи ілімнен нәр алған бабаларымыз қанша қиыншылық көрсе де, сорақы-зұлматтарға сабыр етіп, сол қиыншылықтан өту жолдарын іздеп, қиындықтың арты жақсылық болатынына үлкен үмітпен Жаратушы Хақ тағалаға сыйынып, бойындағы имандылықтың нәтижесінде сабырлықтың үлгісін көрсете білген екен,-дейді бас имам.

Қандайда бір қасыретке тап болған адам сабыр етсе, Алла тарапынан ақыретпен қатар осы дүниеде де лайықты бағасын алады екен. Бұл туралы Құранда: «Егер сендер сабыр етсеңдер және тақуалықты ұстансаңдар, олардың (мұнафықтардың) қастық істері сендерге ешбір зиян қылмайды» (Әл-Имран сүресі, 120-аят). Бұл сабырлық жайлы Құранда келтірілген аяттар.

Енді сабырлықтың құндылықтары жайлы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде айтып кеткен уағыздарға тоқталайық.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Мұсылманның қандай да бір ісі таңғаларлық. Қандай іс болсын, ол өзіне жақсылық деп біледі. Егер оған бір жақсылық жетсе, ол Аллаға шүкіршілік айтады. Сол шүкір айтқаны үшін оған Алладан жақсылық болады. Ал егер оған бір қиындық жетсе, сабыр етеді. Сол сабыр еткені үшін оған Алладан жақсылық болады», – дейді (Имам Мүслім, 2999-б).

Осы орайда дінтанушы Ерғали Алпысбаев қиындықтарға сабыр ету үлкен жақсылыққа кенелуге себеп болса, сары уайымға салынып, сабырсыздық таныту үлкен бақытсыздыққа жол ашпақ дейді. Сабырсыздық – әлсіздіктің, дәрменсіздіктің белгісі. Кейде ол пендені жаман жолға түсуге, тіпті тағдырға налып, Жаратқанға тіл тигізуге итермелейді екен.

«Бүгінде кейбіреулер басына келген қиындыққа сабыр етіп, ұстамды болудың орнына дәрменсіздік танытып, ауыртпалығын сәл болса да ұмытпақ болып шайтан судан ұрттап, соңында ішкілікке салынып кетіп жатады. Енді біреулері өз-өзіне қол жұмсап, жанын қияды. Сондай-ақ өлім-жітім кезінде өрескелдікке барып жағаны жыртып, шашты жұлу, бақырып-шақырып жылау, «не жаздым саған?» деп Ұлы Жаратушыға кінә артушылық та кездесіп жатады. Бұл іс-әрекеттердің үлкен күнә екенін, тіпті діннен шығаратын ауыр іс екендігін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз»,- дейді дінтанушы.

Иә, имамдар, дінтанушы ғұламалар қазіргі қиын жағдайда күнәлі істерден аулақ болып, сабырлылық танытуға шақырып отыр. Егер, сабыр етуге тырыссақ, Алла тағала жәрдем береді. Бір хадисте «Кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Алла оған сабыр береді. Адам баласына сабырдан артық қайырлы әрі үлкен сыйлық берілмеген» (Бұхари, Мүслим). Күллі әлем жұртшылығының қазір жаппай жайлаған індет кезінде нақ ислам дініне бет бұруы асыл дініміздің осындай ізгі қасиеттерін, тұшымды уағыздарын мойындаудың айқын көрініс екені даусыз.

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: исламСабырлықтөтенше жағдай
Бөлісу32Твитерге20Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Ислам

Исламдағы жастар тәрбиесі

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ауыртпашылықтан қашып жалғыз өмір сүру дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00