Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адамда жаман қасиеттер көп болса да, жұмаққа бара ала ма?

15.03.2020
- Сұрақ-жауап
1
981
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Адамға надан, дүниеқоңыз, сараң, залым, нәпсісінің құлы, жүрегі қара деп айтып жатады. Сонда адам өзінің бойындағы осыншама  жаман қасиеттерімен дұрыс жолды тауып жұмаққа бара ала ма?

Жауап: Расында да адам баласына тән аталған теріс сипаттардың барлығы Құран Кәрімде кездеседі. Адамның жаратылысы сондай болып келеді. Пенденің нәпсісі кәпір болып жаратылған және нәпсі Алла тағаланың жауы, ол тыйым салынған нәрсені жасағаннан рахаттанады. Белгілі ислам ғалымы Раббани өзінің Мектубат атты еңбегінде хадис шарифте: «Жаратушы иеміз,  нәпсіңізге жау болыңыз, өйткені ол менің жауым»–деп бұйырғанын атап өтеді.

Құран Кәрімнің Юсуф сұресінде де  «Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхамет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді (53 аят)»– деп бұйырылады.

Алла тағала нәпсіні азғын қылып жарата отырып оның қасында ақылды да жаратты.  Ақыл – шындық пен ақиқатты жалғаннан ажырататын күш. Егер жүрек ақылға бойұсынып нәпсіні тәрбиелеп нәрлендірсе зиянның алдын алады. Жүрек нәпсіге алданып қалмаса, оған мойынсұнбаса үлкен жихад жасаған болады. Алла тағала нәпсіге қарсы жиһад жасағандарға жұмақта жоғары дәрежелер берілетіндігін хабарлайды.

Қарап отырсақ, нәпсі адамдардың жихад жасағандай деңгейге көтеріп, періштелерден жоғары болуларына себеп қылады.  Көріп отырғанымыздай, біздің нәпсіміз пышақтың екі жағы да өткір жүзі сияқты. Ол күнә жасауы да мүмкін немесе жиһад жасағандай деңгейге шығара алады.

Әлеуметтік желіден діни мәліметтер алуға бола ма?

Әлеуметтік желіден діни мәліметтер алуға бола ма?

23.08.2025
Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?

Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?

22.08.2025

Сондай-ақ нәпсі у қосылған дәрі сияқты. Оны дәрігердің кеңесі бойынша қолдану пайдалы. Шектен артық пайдаланушылар құрып кетеді. Ислам діні нәпсіні жоқ қылып жіберуді емес, оны тәрбиелеуге және одан пайдалануды бұйырады. Егер дұрыс әдісі қолданыла отырып тәрбиелей алсақ келеңсіздіктерді жоюға болады.

Жер бетіндегі, жер астындағы және аспандағы барлық нәрсе адамзат үшін жаратылған. Біз тыныс алатын ауаны бергенге шүкіршілік ете алмайтындай әлсізбіз. Адам өзін сансыз нығметпен жарылқаса да, Аллаға ризашылық білдірмейді. Бұл туралы Құран Кәрімнің Ибрахим сүресінде:

«Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз. (34 аят)»– деп бұйырылады.

Көптеген аяттарда адамның қанағат етпейтіні білдірмейтіні туралы айтылады.

Әдият сүресінің 8-ші аятында айтылғандай, адамдар дүние-мүлікке өте құштар («Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді» (8 аят). Оның үстіне сараң болып келеді. Исра сүресінің 100-ші аятында Алла тағала рахмет қазыналары берілгеніне қарамастан, адам баласының сонда да сараңдық танытаныны айтылады

(«Мұхаммед Ғ.С.) оларға: Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң де». (Исра 100).

Ғалак сүресінің 6 және 7-ші аяттарында адамдар өздерін мұқтажсыз  сезіне бастаса азғындыққа үйір бола бастайтыны баяндалады («Сөз жоқ, адам баласы әрине азады; Ол, өзін мұңсыз көргендіктен» (6-7 аят).

Әрине, бізді жаратқан Раббымыз бізді бізден жақсы біледі. Жоғарыда адамның кейбір жаман қасиеттері сипатталды. Ауруды жаратқан Алла тағала оның емін қоса жаратты. Алланың бұйрықтары мен тыйымдарына мойынсұнған кезде құтқарылу үмітіміз де артады. Егер, адам тек намаздың өзін дұрыс орындаса, онда ол жоғарыда айтылған барлық жамандықтардан арылады.

Бұл туралы Анкабут сүресінде: « (Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі.» (45 аят) – деп бұйырылады.

Демек, мұндай жағдайда адамға түскені – ақылды тыңдау, нәпсіге бағынбау, күнәлардан аулақ болу және намазды дұрыс орындау.

Балғабек Мырзаев
дінтанушы, Ph.D докторы

Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дін дегеніміз не?

Пікір 1

  1. Дархан жазған:
    5 жыл бұрын

    Дінде кеңшілік көп, тек соны жиі айта бермейтінім жаман. Үнемі қорқыту емес, сүйіспеншілік керек қой

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою