Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жақсыға жаман жолдас бола ала ма?

20.02.2020
- Қоғам
0
873
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Студент кезімде Ыстамбұл университетінде беделді әрі танымал профессорымыз үлкен аудиторияға жиналған студенттерге дәріс оқып, өз білгенімен бөлісіп, әдеттегідей сабақ бітпестен он бес минут алдын «сұрақ барма» деп сұрайтын. Осы уақытты күтіп отырғанда аудиториядағы бір жігіт қол көтеріп рұқсат сұрап, «профессор бүгінгі дәріске тікелей қатысты болмасада, сізден бір сұрақ сұрағым келіп тұр» деді.

Аудиторияны көзімен бір сүзіп шықты да, «сұраңыз» деді. Жігіт «Жақсы адам мен жаман адам дос бола ала ма?» деді. Дәрістің бітуіне аз уақыт қалғанда жинала бастайтын студенттер «профессордың бұл сұраққа не деп жауап берер екен» дегендей барлығымыз профессорға қарап қалдық. Профессор аудиторияның тыныштығын сезді ма білмеймін, терең бір демін ішіне алып жаймен шығарып, қолындағы қаламын столының үстіне қойды да, студенттерге қарап тұрып сөзін бастады:

Жаман кім, дос кім? Біздің ойымызша жаман адам нәпсінің құлы болған, мінезі жаман, әдепсіздік жасаған немесе адамдарға жамандық жасайтын адам. Енді сіздер бұл қандай адам деп сұрайтын болсаңдар. Олар: Жүрегі қарайған, жақсы ойдан аулақ, шірік, менмендік, көрсе қызар, өшпенділік, кекшіл, өзінен басқасын менсінбейтін, мақтаншақ, ұрлықшы және ақша құмар, пасық сияқты амалдарды бойына жинаған бір адамға айтамыз. Ал, жақсы адам болса, бұларды әдетке айналдырмаған адам.  Бұған қоса, жаман адаммен мәжбүр болмайынша бір дастарханда отырмайтын адам. Дос дегеніміз ол сеніміңе кірген адам. Осы сөздерінен кейін, Жәләл әд-Дин Румидің Мәснауи еңбегінен «Қарға мен тырна» қыссасымен жалғастырды:

Мен шөл далада қарға мен тырнаның дос болып тұрғанын көрдім. Бұл мені таң қалдырды, бір тырна неге қарғамен достассын деп ойланып тұрдым. Оларды жақыннан көрейін деп, қастарына келіп қарасам екеуі де ақсақ екенін байқадым. Сол сәтте мен бұлттар арасында самғап ұшып жүрген тырна, бір әлсіздігінің салдарынан қап-қара қарғамен достасып жатқанын түсіндім[1].

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Оқиғаны түсіндіріп болған соң, алдымен рафик [2] (жақсы жолдас) осыдан кейін тариқ [3] (жол/жарық жұлдыз) деп, дос таңдағанда бірге қызмет еткен адамдарға мұқият болыңдар деп ескерту беріп, дәрісті тәмамдады профессор.

Сұрақ сұраған жігіттің не түсінгенін, жауап оны қанағаттандырды ма білмедім, бірақ мен бұл оқиғаны ешқашан ұмытқан емеспін. Қазақта бір мақал бар «Адамды тану үшін оның айналасындағы адамдарға қара» деген. Осыдан кейін, мен өте жақсы адам деп айтылған адамды көрсем, оның достары мен қасында жүрген адамдарға қараймын, содан кейін барып өз ішімнен шешім шығарып жолыма жалғастыратын болдым.

Ислам тарихында бұған қатысты Хз. Омардың қыссасын да айтуға болады. Хз. Омарға келіп бір кісі танысын мақтай бастайды, сонда Омар оны тоқтатып «Сен онымен сауда саттық жасадыңба?»,  «Ол сенің көршіңба?», «Сен онымен ұзақ жолға шықтыңба?» деген сұрақтар сұрағанда, әлгі кісі барлық сұрақтарға «жоқ» деп жауап берген. Сонда Хз. Омар оған «Сен ол адамды әлі танымайды екенсің» деп жауап берген екен.

Жәләл әд-Дин Румидің «Қарға мен тырна» оқиғағаcындағы кейіпкерлердің мазмұнына қайта оралар болсақ, дос дегеніміз – сезімдері мен ойлары бірдей, қуанышта да, қайғыда да қасыңда болатын адамға айтамыз. Біздің қандай адам екенімізді білгің келсе, жанымызда жүрген досымызға қарасаңыз болғаны. «Досыңмен таныстыр, мен сенің кім екеніңді айтайын» деген мақал осы мақсатта айтылса керек.

Қарға мен тырнаның ақсақтығы олардың кемшіліктері мен ұяттарынан. Екі түрлі ақсақтық бар. Біріншісы метафоралық тұрғыдан біздің аяғымыздың ақауы. Ал екіншісі – бұл бізді игі істер жасауға кедергі болған руһани ақсақтық. Ең жаман болғаны, осы екінші ақсақтық.

Бұл жерде шөл деп өмірдің қиындықтары мен ауыртпашылықтарын айтуда. Ал, білімді адам – білімінің қандай іске жарап, жарамайтынын білетін, ақылды, әрі тәжірибелі руһани кемеңгер адам. Тырна ақылды әрі мәдениетті, білімді әрі білікті, тәртіпті әрі тәрбиелі адам кейпінде. Ал қарға болса, сөзі мен амалы үйлеспейтін, нәпақасын адалынан іздемейтін, жамандықтың құрығына іліккен, сақалы ағарсада күнәлі істерден арыла алмаған адам кейпінде. Ал, екі кейіптегі пенденің бір арнада тоғысуы, олардың ортақ кінәраттарынан.

Ұлтымыздың бір туар азаматтарынан жақсы мен жаманға қатысты «Жақсы  адам қартайса, көкірегі хат болар, Жаман адам қартайса, бықсып жанған от болар» немесе «Жақсы қария белгісі, жанып тұрған шоқ болар. Жаман қария белгісі, қайран боп қалған сал болар» деген өсиет қалған.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,
Ислам құқық ғылымдарының докторы

[1] Жәләл әд-Дин Руми, Мәснауи «Қарға мен Тырна» бөлімі.

[2] Ниса сүресі 69.

[3] Тариқ сүресі 1-3.

Таңбалар: Бердалиев Исатайдосжолдас
Бөлісу21Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дос кім, дұшпан кім?
Қоғам

Жаманмен дос болған жанның өкініші

16.05.2024
Ғибратты әңгімелер

«Досымның жағдайынан неге хабарсызбын…?»

25.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дін ұстану еркіндікті шектей ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00