Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қыз – жақсылық, ұл – нығмет

27.02.2020
- Қоғам
0
6.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ел арасында: үш қыз өсірген әке жәннатқа кіреді,-деген сөз бар. Бұл сөз шариғатымыздан бастау алады. Десе де, ұл аңсап «Жаңыл, Ұлту, Ұлболсын» деп қыздарының есімін қойып жатады.

Табиғин ғұлама Хасан Басри (р.а.): «Қыз – жақсылық, ұл – нығмет. Жақсылық үшін сауап аласың, ал нығмет үшін есеп бересің», – деген екен.

Қазақта: қызың қалса – ізің қалғаны, ұлың қалса – өзіңнің қалғаның, – деген нақыл бар. Сахаба Ұқба бин Амирден (р.а.): «Қыздарды жеккөрмеңдер, олар бауырмал әрі қымбат»,-деген хадис жеткен. Хадис Ахмад бин Ханбалдың «Муснад» кітабында келтірілген.

Қыздың әкеге жақын, әрі жанашыр. Аға-інісіне деген бауырмалдығы да мәлім. Перзент сүйіп ана болғаннан сәттен бар мейірімін бала-шағасына төгеді. Қыз – мейірімділік кені іспетті. Хадистегі «қымбат» болуы қыз тәрбиелеудің сауабы өте үлкен. Тағы бір мағынасы, қыз – жұпар иісті болады. Араб халқында қымбат деп ең сапалы иіс суды айтады.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Пайғамбарымыз 35 жасында (с.ғ.с.) төртінші қызының дүниеге келгенін естігенде қатты қуанады. Мұны жақсылыққа балап, Фатима деп әжесінің есімін береді. Кенже қызын – Заһра, яғни Гүлім деп еркелететін.

Қыз тәрбиесі жайлы айтылған хадистер көп.  Фатима анамыздың мінезі, жүріс-тұрысы әкесіне қатты ұқсайтын. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үйіне қызы Фатима кіріп келсе орнынан тұрып, қолынан ұстап, маңдайынан сүйетін. Сосын өз орнына отырғызатын. Фатима анамыз да әкесі үйіне келсе, тұрып қарсы алатын, қолынан ұстап, сүйетін және өзі отырған жерден орын беретін. Міне, бұл әке мен қыздың арасындағы мейірім мен сүйіспеншілік.

Хадис ғалымы Яқұп бин Бұхтан былай дейді: «Менің жеті қызым бар. Әр қызым туғанда еңсем түсіп отыратын. Ахмад бин Ханбал: Ей, Яқұп! Пайғамбарлар да қыздардың әкесі болған»,-деп құттықтап еңсемді көтеріп кететін,-дейді.

Шура сүресі, 49-аят: «…Кімге қаласа қыз сыйлайды, кімге қаласа ұлдар береді» Ғалымы Әлуси «Рух-Мағани» тәпсір еңбегінде: «Кісі бала-шағасына бір нәрсе берсе, ең әуелі қызынан бастағаны құп саналады»,-деген.

Мұса пайғамбардың қиссасында Шұғайып ауылын бас сауғалап барғанда, ақсақал жас жігітке жалшы боп жұмыс істеуді бұйырады. Осылайша, он жылға жуық Мұса пайғамбар қой баққан. Бұл оқиғаның мың хикметінің бірі, Алла Тағала қыздардың әкесіне осылайша құрмет көрсеткен деседі.

Алайда, Исламға дейін араб қоғамында қыз тағдыры өте ауыр болатын. Бұл құбылысты Құран Кәрімде: «Егер, олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара боп түнереді»,-деп суреттейді (Нахыл сүресі, 58-аят).

Қыз маңдайындағы бұл қасірет тек араб қоғамында емес басқа халықтарда жантөзгісіз күйде еді. Әйелге теңдік бермек болған кешегі кеңестік қоғам «әйел еркекпен тең» деп нәзікжандылардың табиғатымен еш санаспай, ауыр жұмысқа жегіп жіберді.

Ер азаматтармен қатар Ғұламалар: «Қызға төрт ер азамат жауапты. Әкесі, аға-інісі және күйеуі»,-дейді. Бұл шариғаттың қамқорлығы.

Дініміз бен дәстүріміздегі әйелдің теңдігі мінсіз. Әбу Сағид Худри (р.а.) риуаяты еткен хадисте: «Кімде-кімнің үш қызы болып, оларға тәрбие беріп, тұрмысқа берсе, әрі жақсылығын тоқтатпаса, оның жәннаты бар»,-делінген. Бұл риуаят Әбу Дауд еңбегінде. Хадис үш қыздың әкесіне қатысты. Оларға қамқорлығы мен жылуын сыйлап, лайықты дәрежеде тәрбие берсе, бойжеткен уақытында теңіне ұзатса, мұнан кейін де қызының хал-жағдайына алаңдап жүрсе, ол әке жәннаттық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызды жаман жерге ұзату қиянат екендігін айтып: «Кім қызын пасыққа тұрмысқа берсе, қызымен (ата-аналық) қатынасын үзгені»,-деп кесіп айтқан.

Қазақ «қыз қонақ, жат жұрттық» деп жатады. Қыз бой жеткен соң, тұрмыс құрып бөтен үйдің түтінін түтетері анық. Алайда, қыздың құтты жерге қонып, бағы ашылуы үшін ата-ана жауапты.

Сонымен қатар, әкесі марқұм болып әпке-қарындасына қамқор болған азаматқа да осы жақсылық бұйырады. Өйткені, қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Қызы бетімен кеткен ұлттың болашағы бұлыңғыр. Қара көз қарындастарымыз темекіні будақтатып, ешбір қысылмай орысшалап былатып сөздер айтып тұрғанын еріксіз естігенде басыңа қойып қалғандай күй кешесің.

Арабтарда: «Әке қызын тәрбиелейді, ал қыз тұтастай ұлтты тәрбиелейді» деген нақыл бар. Әлиұлы Хасаннан (р.а.): «Менің қызым бар. Кімге тұрмысқа бергенім жөн?-деп ақыл сұрап келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немересі Хасан: «Алладан қорқатын жігітке тұрмысқа бер. Ондай жігіт қызыңды жақсы көріп тұрса қадірлеп, сыйлайды. Ал, ашуланса қызыңды ренжітпейді» -деп кеңес берген екен. Айша (р.а.) анамыз: «Неке – тәуелділік. Қыздарыңды қайда ұзатып жатқандарына қараңдар (яғни мән беріңдер)»,-деп айтқан екен.

Ұлттық идеологияда қыз тәрбиесі, ана мәртебесі болуы қажет. Қазақта: «Дау қарындастан», «Жесір дауы» деген мәселелер, әйелдің тағдырына ерекше қарағанын көрсетсе керек. Бала бағып отырған аналарға айлық тағайындау қажет деп білем. Бұдан мемлекет ұтпаса ұтылмайды.

Руслан ҚАМБАР

Таңбалар: отбасыРуслан Қамбаровтәрбие
Бөлісу158Твитерге99Бөлісу20Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ихсан – рухани тәрбие өзегі
Жаңалықтар

Ихсан – рухани тәрбие өзегі

22.11.2025
Отбасы – қоғамның алтын діңгегі
Қоғам

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі

22.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тақлиди иман дегеніміз не?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00