Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Таза ақылмен таппаған дін…

17.02.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өкініштісі, «балам жасаған тамағымды жемей қойды», «қайын ағам харам деп тойыма келмеді», «намаз оқымағаным үшін «кәпірсіңдер» деп ұлымыз бізден іргесін бөлді» деген сөздерді бүгінде жиі естіп жүрміз.

Иә, қазақ болмысына жат мұндай құйтұрқы әрекеттер қайдан кірді арамызға? Талай шаңырақтың берекесін алып, құтын қашырған қандай дерт? Талай туысты бір-біріне дұшпан еткен қандай күш?

Салмақты оймен сараптаған кісіге осы сұрақтардың бәріне ортақ бір жауап бар. Демек, бұлар «артық қыламын деп, тыртық қылып жүргендердің» ісі. Бір сөзбен айтқанда – әсіредіншілдік.

Екі дүние Сұлтаны Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өзі ескерткен дінжде шектен шықпау мәселесі бүгінгі қазақ қоғамы үшін де өзекті тақырыпқа айналып келеді десек артық айтқан болмаспыз.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

«Дүмше молда дін бұзар», «Көп асқанға – бір тосқан», «Өлтіретін «молда» бар, өртейтін кітап бар». Мұндай мақалдар қашаннан бері айтылып келе жатқанын қайдам. Десе де, атам қазақ дін мәселесінде де «Былшығын шығарам деп, қылшығын шығаратын» дүмшелердің қауіпті екенін ертеден білсе керек.

Қазақ даласында қадым замандарда әсіре дін ұстап, ұшқары кеткендердің болған-болмағаны бір Аллаға аян. Бір білеріміз, өмірін өнегеге толтырған Мұхаммед (с.ғ.с) үмметім деп өмір кешіп, дін мәселесінде де сабырлы, салмақты болғаны. Олай дейтініміз қазақ даласын осыған дейін «діни алауыздық болыпты» деген сыбыстың елесі кезбеген. Адамдар дін ұстануды өмірдің өзіндей қабылдап, салт-дәстүрі мен мәдениетіне айналдырып үлгірген еді.

«Әуелі  аят-хадис – сөздің басы» десек, Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде «Біз сендерді орта жолды ұстанатын қауым қылдық…», «Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!(де)» деп әмір етіледі.

Аталмыш аяттарда адаспай шектен шықпай жүретін бір жолдың (сиратулмустақим) бар екенін, оны Алла сүйетінін аңғарамыз. Пайғамбарымыздың да (с.ғ.с) діншілдік мәселесінде де шектен шығып кетуді құптамайтындығын, байыпты, байсалды дін ұстануға насихаттаған мүбәрак хадистерден байқауға болады.

«Дінде шектен шықпаңдар! Дінде шектен шығу құрдымға кетіреді», «Еш нәрсеге, тіпті дінге де шектен тыс берілмеңдер. Сіздерден бұрын өткен көп қауым дінге шектен тыс берілгендіктен өкініште қалған».

Осы орайда, діни сананы қауіпті діни уәждерден қорғап, Ардақты Елші (с.ғ.с) салып кеткен сара жолмен жүріп, «әлхамдулилла мұсылманбыз» деген ұлттық дүниетанымымыз, дала данышпандарының рухани ілімдері Ислам діні насихаттайтын «Сиратулмустақимді (тура жолды)» меңзейді.

Шын дін мен «жын» діннің ара жігі, діни әрі рухани ілім мен танымдағы ауытқушылық, діни негіздерден көз жазып қалу, діни көрсоқырлық пен ұшқарылық жайында Шәкәрім қажының «Тура жолда қайғы тұрмас» деген өлеңінде жақсы айтылған:

«Таза ақылмен таппаған дін,

Шын дін емес – жындылық.

Қарамалаған бір соқырсың,

Өлген ой мен көз, құлақ»,-десе тағы бірде діни бұрмалаушылықтың белең алғаны жайында ой толғап:

«Таза діннің шын негізін,

Ұстаған бір пенде жоқ,

Дүние толған көп шатақ дін,

Бәрі бірдей шатпырақ»,-дейді.

Сәдуақас Ғылмани да «Бейімбеттің өлеңі ұстасаң оразаны шын ораза ғып ұста, болмаса құр ашығудан не пайда деп кесібке қыздырған. Ол сөз нағыз орынында айтылған сөз ғой.

Мұхаммет Пайғамбар (с.ғ.с) өз сөзінде: «Талай ораза ұстаушылар бар. Олардың оразасы шөлдеу мен қарны ашудан басқа табары болмайды» деген ғой!» деп білімсіз, надандықпен жасалған құлшылықты сынаған Бейімбеттің өлеңін құптайды. Пайғамбар сөзімен қуаттап бекітеді. Демек, діншілдікті біліммен байланыстыру дала данышпандарының еңбектерінде көптеп ұшырасатын көзқарас екенін аңғару қиынға соқпайды.

Бұл осы заманғы діншілдер үшін де аса өзекті. Білімсіз жастардың діни мәтіндерді дұрыс түсінбеуінің салдарынан қаншама жастарымыз теріс пиғылды жат ағымдардың жетегінде жүр. Ендеше, қазақтың діншіл болмысында да білімсіз дін ұстану діншілдікке жатпайды. Сондықтан дала тағылымгерлерінің асыл сөздері мен байырғыдан келе жатқан дәстүрлі діни сананы жаңғыртудың рөлі айырықша.

Әсіре діншілдік мәселесінің алдын алу жайлы сөз қозғағанда ең әуелі идеялогиялық кешенді жұмыс жүргізу арқылы қоғам мүшелерін терроризм, экстремизм және радикализммен саналы түрде күресетін, сақтануға мейілінше қабілетті рухани иммунитет қалыптастыруымыз керек. Жалаң ұран мен формалды істер тақуалықтың белгісі бола алмайтынын түсіне отырып, нақты нәтижелерге ұмтылуымыз керек.

«Құдай – бір, Құран – шын, Пайғамбар – хақ» деп иманның үш тұғырына берік жармасқан қазақ даласында діни алауыздық болмады десек, бүгінде әсіре діншілдердің салдарынан халықтық санаға талас басталғандай. Олар алдымен өзіне, сосын қоғамның береке-бірлігі мен тыныштығына, ел тұтастығына қиянат жасайды. Бұл мәселені ел болып ойланып, жұрт болып толғанып, азаматтар санасына шам жағатын кез келген сыңайлы.

Оразбек САПАРХАН

Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Деструктивті ағымдарға кімдер ереді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00