Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ноталардағы «До» нені білдіреді?

29.02.2020
- Қоғам
0
739
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Саз төгеді сан түрлі махаббатты ерте,
Есіміңді атап өткенде.
Сақтаулы тұр жеті әріп, жеті әуен болып,
Жүрек дейтін, нота дәптерде.

Шалқып көңіл шаттық үйілсін,
Әсем әуен тәтті күйімсің.
Көңіліме түрлі ой салған,
До-Ре-Ми-Фа-Соль-Ля-Си-імсің!

Төреғали Төрәлінің орындауындағы тойды бермейтін осынау ән кім-кімге де таныс. Талайымыз оған шаңын шығарып тұрып биледік те. Қайырмасының соңы да тілге сондай орамды, жеңіл, ә?!

Иә, оның соңындағы қайталанып келетін де отыратын жолдар қолданыстағы ноталар тізбесі. Тіпті музыкалық білімі жоқ адамдардың өзі жеті музыкалық нотаны, яғни До-Ре-Ми-Фа-Соль-Ля-Си-ді мүдірмей айтып бере алады. Мұның өте қарапайым және дыбыс үйлесімділігінің кереметтігі соншалық, көңілді әнге өзі-ақ сұранып тұрғандай. Әуенге қоспау, керек десең, күнә. Ең қызығы, бұл ән, дәлірек айтқанда, діни гимн іспетті… бірақ барлығын ретімен баяндайық.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Сіз өміріңізде бір рет болса да осы ноталарды кім ойлап тапты екен деп ойланып көрдіңіз бе, жәнеден неге басқа емес, нақ осы – До-Ре-Ми-Фа-Соль-Ля-Си. Олар музыкалық таңба болудан басқа тағы нені білдіреді? Астарында қандай да бір жасырын мән бар ма?

Айтайық, айтайық: Бір қызығы, бұл бағыттағы музыканың дамуына Еуропадағы шіркеу хоры түрткі болыпты. XI ғасырға дейін әуенді шығармаларды жазу үшін пергаментте невмалар, яғни, шіркеу діни жырларын айту кезінде қандай екпін жасау керек екенін белгілейтін сызықша және нүктелер түріндегі белгілер қолданылған екен. Әрине, мұндай бейберекет жүйенің көптеген кемшіліктері болған. Невмалар арнайы кітап-каталогтарға енгізіліп, онда барлық ырғақты есте сақтау үшін қабатына түсініктемелері де беріліп отырған.

Бірақ бұл жағдай шексіз жалғаспақ емес еді. Қазіргі заманғы музыкалық нотацияның негізі қаланатын да күн туады. Оны оныншы ғасыр мен он бірінші ғасырлардың қиылысында өмір сүрген аты әлемге мәлім флоренциялық тақуа-монах Гвидо Ареццо ойлап тапқан. Яғни ол ноталарды алғаш рет төрт сызықта боялған квадраттар түрінде жаза бастады. Соның құрметі болса керек, бүгінде Италияда оның ескерткіші өзгелерден тым салтанатты болып қасқайып-ақ тұр.

Қош, Гвидо өз заманында әртүрлі храмдарда шіркеу хоры әуені және музыка мұғалімі болып нәпақасын айырған көрінеді. Сондай-ақ, жұмыс барысымен Аппенин түбегінің барлық жағында болып, саяхаттап жүрген. Замандастарының естеліктеріне қарағанда оны сол шақтағы Рим папасы XIX Иоанн қабылдап, бірнеше рет жолыққан.  Жай ғана кездеспей, жалпыға ортақ музыкалық грамота жасау жолында еңбектенген деседі.

Бірде ол өзі де байқамастан бейтаныс әуендерді жаттаудың жеңіл жолдарын іздеп отырып Иоанн Шоқындырушыға (Креститель) арналған дұғаның негізінде сольмизация жүйесін дүниеге келтіреді.

UT queant laxis

REsonare fibris

MIra gestorum

FAmuli tuorum

SOLve pollute

LAbii reatum

Sancte Ioannes

(Латыншадан аударғанда: «О, Әулие Иоанн, бізге дауысымыздың бүкіл күшімен сенің іс-әрекеттеріңнің ғажайыптарын куәландыра алатындай таза ауыз бере гөр» (еркін аударма)

Орысшасы: «Чтобы слуги твои голосами своими смогли воспеть чудные деяния твои, очисти грех с наших опороченных уст, о, Святой Иоанне»)

Біріншісінен басқа ноталардың барлығының атауы дауысты дыбысқа бітеді. Тиісінше, оларды әуенге салу оңай болған. Бірақ бұл да қаншама ғасыр әжетке жарады.

Ut – слогы жабық және оны шырқау қиынның қиыны, керек десең, мүмкін емес. Сондықтан да осы бір октаваның бірінші нотасын ғалымдар ХVI ғасырда Do-ға ауыстырды. Қалай десе де, соншама уақыт аралығындағы Гвидоның өнертабысына қатысты түзету осы ғана деуге болады. Бір ғажабы, мұндағы «Do» латынның «Dominus» – «Құдай» дегенін білдіретін болып шықты.

Сонымен, содан бергі ноталар интерпретациясы мынадай:

Do – Dominus – Құдай;

Re – rerum – материя;

Mi – miraculum – керемет;

Fa – familias рlanetarium – ғаламшарлар тобы, яғни күн жүйесі;

Sol – solis – күн;

La – lactea via – құс жолы;

Si – siderae – аспан.

Мінекей, Гвидоның беделінің арқасында латындық әріптік нотация алдымен Батыс Еуропада қабылданып, кейіннен бүкіл әлемдік стандартқа айналады. Қазіргі таңдағы қолданыстағылар да осы үлгілер.

Бұдан бөлек, Гвидо нотаның хаттық-жазба грамотасының дамуына зор еңбек сіңіріпті. Хор үстінде ол ноталарды алу үшін сол қолын пайдаланып, саусақтарын бүгіп, орындаушыларға белгі беріп отырған. Осылайша, дыбыстарды нотамен белгілеу үрдісі басталды. Латыншадан аударғанда «nota» – «белгі» деген сөзді білдіреді. Солай!

Штрихталған квадратты ноталар төрт параллель линиялардағы ноталық жолға орналастырылды. Қазіргі таңда бұл линиялардың саны беске жетті және дөңгелек түрінде бейнеленеді. Бұған қатысты музыка мамандары Гвидоның енгізген принцптері әлі де жасап келеді дейді. Атап айтқанда, бүгінгі нотация соңғы 10 ғасырдан бері қатты өзгере қоймаған.

Осылайша, біз онша біле бермейтін Тосканадан шыққан «құдай» деген тақуа музыка әлеміне төңкеріс алып келіпті. Көріп тұрғанымыздай, көңілге түрлі ой салған До-Ре-Ми-Фа-Соль-Ля-Си-дің сыры осы екен.

P.S. «Нота» дегенде Әл-Фараби бабамыздың ойға бірден оралатыны бар. Ғалымның музыка саласында да іргелі еңбектер жазып қалдырғаны баршаға мәлім. Тарих беттерін парақтап отырсақ, «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбегі жарық көрген соң-ақ, оны дүние жүзінің барша ғұламалары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп таныған көрінеді. Отандық ғалымдардың деректерінше, 1200 беттен тұратын аталмыш кітаптың екі томын француздың белгілі шығыстанушысы Р.Эрланже 1930-1935 жылдары өз тіліне аударған. Ғұлама бұл еңбекте математикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге әкелген екен. Қазір музыкада жеті нота болса, Әл-Фарабидің еңбегінде нота саны – 12 болыпты. Сол бес нотаны әлі күнге дейін ешкім таппапты. Гвидоны айтқанда да, оның да Әл-Фарабидей ғалымның негіздеген жүйелеріне сүйенгенін атап өтпей болмайды-ау.

Мәдениеттанушы-лингвист
Абылайхан Қалназаров

Бөлісу18Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бала тәрбиесінің маңызы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00