Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам дінін қабылдауыма қайынатамның септігі тиді

19.02.2020
- Мақалалар
0
253
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қиындық атаулыны жеңетін бір күш – бірлік. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келеді. Өзі түгілі өзгені өгейсітпейтін қазақ еліндегі көпұлтты отбасылар да – ұлтаралық татулықтың дәнекері. «Assembly.kz» cайтында жарияланған «Абай» газетінің бас редакторы Гүлнұр Әбеуованың пікірінше, отбасы – шағын мемлекет, осындай мамыражай түсіністік қажеттегі – басы ашық әңгіме.

Отбасындағы шаңырақты шалқытып, өмірлерін ізгілікпен өріп, ұлтына қарамастан, сыйластықтың жібін жалғағандар қаншама десеңізші. Солардың бірі – Қарағанды облысы Құлайғыр елді мекеніндегі Абдрахмановтар отбасы.

Жанұяның тірегі Сағынтай ата мен Рымбала апа алты бала тәрбиелеп өсіріп, болашаққа қанат қақтырған ұлағатты отбасы. Бүгінде бұл әулеттің ұл-қыздары өз ортасына сыйлы, өсіп-өнген жандар. Сағынтай ата мен Рымбала апа балдай тәтті немерелері мен шөбелерінің қызығына тоймай өмір сүріп келеді. Ал осы әулеттің келіні – Инга орыс ұлтының өкілі болса да, қазаққа етене сіңіп кеткен. 18 жасында келін болып түскен жас қызды болашақ ата-енесі табалдырық аттаған сәттен бастап өз қызындай қабылдаған.

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

– Мен де, жолдасым да бір ауылда туып өстік. Өзім мектеп бітірген соң байланысшы мамандығы бойынша техникумда білім алдым. Одан кейін Приозерскіде жұмыс істедім. Тұрмысқа шықтым. Әрине, 18 толған бойжеткен не білуші еді? Келін болып түскен сәттен ата-енем мені туған қыздарындай қарсы алды. Жандары жайсаң, өте жақсы адамдар. Мен туған анамдай болған енемнен көп нәрсе үйрендім. «Білетінім – біреу, білмейтінім – тоқсан тоғыз» демекші, ата-анамдай болған асыл адамдарға әрдайым басымды иемін, – дейді Инга.

Сағынтай ата мен Рымбала апаның ұлы Серік пен келіні Инганың отасқандарына биыл 28 жыл толған. Күні бүгінге дейін ата-енесімен тату-тәтті тұрып келе жатқан келіні Инга ислам дінін қабылдаған.

Келіні Инганың пікірінше, Ислам дінін қабылдап, жұбайым Серікпен некемізді қиып, маған имам Гүлден деген есім берді. Ресми түрде де, мен қазіргі таңда жұбайымның тегіндемін. Бұл туралы құжатым да бар. Ал ата-енем алтын адамдар. Атам – ауыл имамы. Менің ислам дінін қабылдауыма сол кісінің септігі тиді. Атамнан ауыл адамдары, жұртшылық ақыл-кеңес сұрап жатады. Алдына келген адамның ешқашанда қолын қақпайды, бос қайтармайды, сағын сындырмайды. Ол – адамның жанын терең түсінеді әрі қашан да сабырлы, өте білімді, жан-жақты адам. Ата-енем өте мәдениетті кісілер. Әрдайым мені мақтап, өнеге қылып отырады. Әр адамның саған деген жылы сөзі, инабатты қарым-қатынасы алға жетелейді екен. Мені қыздарынан артық көрмесе, кем көрген емес.

Бұл отбасыдағы барлық немерелер қазақы тәлім-тәрбие алуда. Себебі түп-тамыры қазақылықтан ажыраған емес. Инганың ата-анасы біраз жыл бұрын көршілес елге қоныс аударған.

Алайда, Қазақстан – Отаным, ал ауылым – жүрегімнің бір бөлшегі, отбасым – темірқазығым деген келіншектің бүгінде өзі де ене атанып, ұлы Жандос пен қызы Айкерімнен немере сүйіп отырған жайы бар. Құлайғыр ауылдық әкімдігінде табан аудармай қызмет еткеніне 18 жыл толған екен. Қазіргі кезде отбасының шағын шаруа қожалығы бар. Шаруаларын дөңгелетіп отырған еңбекқор жанұяны ауылдастары да ерекше құрмет тұтады.

Ал Инга келін туралы ата-енесі мен ауылдастары өте жақсы пікірде. Қашан да жаны жайдары жүретін жайсаң жан туралы тек жақсылықтар ғана естисің, аузын ашса, жүрегі көрінетін алтын қыздың армандары орындала берсін деген тілекті іштей тіледім.

Жалпы, тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір жандардың өмірлері ізгілікпен нұрлана түскен. «Тірліктің күші – бірлікте, бірліксіз істе береке жоқ». Қазақтың осы бір даналық сөзін жүректеріне мықтап түйген отбасының бақыты мен бағын адал еңбекпен өрген шаттықтарына куә болып, марқайдым.

Таңбалар: дінисламҚарағандыотбасы
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі
Жаңалықтар

Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Асан Омаров: Абайы бар халыққа ұстазды сырттан іздеу жараспайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00