Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Фэн-шуйдің дінге қатысы бар ма?

13.02.2020
- Қоғам
0
568
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Фэн-шуй – Шығыс халықтарының ежелгі таным-түсініктері мен рухани ілімдерінен бастау алған, нақты бір дінге де, эзотерикаға да қатысы жоқ ілім. Фэн-шуйды зерттеп-зерделеушілер мен насихаттаушылар оны дінмен байланыстырмайды, тек жер мен әлемнің табиғи өрісін, энергия ағынын игеріп, дұрыс пайдалана білу ілімі деп таниды.

Олар энергияны сегіз бағытқа бөліп қарастырады және әр бағыттың өзіне тән ерекше өрісі бар деп пайымдайды. Соған сәйкес бағыттардың әрбірі адам өмірінің белгілі бір саласына әсер етеді деп біледі. Сол бағыттарға өзіне сәйкес келетін күшейтуші элементтерді (мүсіндер, суреттер, символдар, заттар) орналастыру арқылы жақсы энергияны күшейтуге, ал екінші бір заттар арқылы нашар энергияны бейтараптандыруға болады деп санайды.

Мұндай ұстанымдардың кейбірі ешбір қисынға келмейтін жайт секілді әсер етсе, кейбірі халық дәстүрінде бар тыйымдарды еске салады. Мысалы, фэн-шуй бойынша «беті ашық айна тұрған бөлмеде ұйықтауға болмайды, өткені ұйықтап жатқан адамның сұлбасының айнадан көрінуі оны жаны кеткен, өлі дене секілді көрсетіп, оның қуат өрісіне кері әсер етеді» деп саналады. Осы секілді көптеген халықтарда түнде ұйықтар алдында айнаның бетін жауып қою үрдісі бар.

Қазақта айнаға түскен ай сәулесі немесе басқа да бейнелер шағылысып, елес секілденіп, адамды шошытады деп сақтанса, орыс халқында ертеректе айнаны тылсым әлемге ашылатын есік деп қабылдайтын түсінік болған. «Айнаға көп қараған адамды шайтан айналдырады» деген әзіл-шыны аралас түсінік арабтарда да бар.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Ал енді «тиын тістеген құрбақа байлық шақырады» дегенге ұқсас сенімдер, әрине, ислами түсініктермен, жалпы діни ұстанымдармен  мүлде сәйкес келмейді. Ислам шариғаты бойынша адам баласына ризық-несібені беруші бір Алла ғана. Алла Тағаланың 99 есімінің бірі «Раззақ» («Ризық беруші») болуы да соның айғағы. Өз қалауымен, адамдардың іс-әрекетін себепші ете отырып немесе себепсіз ризық-несібені көбейту де, кеміту де ислам сенімінде тек Алланың қолында.

Бір ерекшелігі,  фэн-шуй түсінігі адамдарға таңылмайды, яғни оған сену міндеттелмейді. Көп жағдайда қазіргі замандастарымыз фэн-шуй символдарын оның күшіне сенгендіктен емес, жай ғана қызығушылықтан, сәнге айналған үрдіс ретінде санағандықтан немесе біреулер сыйлағандықтан тұтынып жатады.

Мұсылман қазақ баласы үшін абзалы – дана халқымыздың «Әрекетке – берекет» деген нақылын негізге алып, мүсін мен белгіге емес, адал еңбегі мен тура ниетіне сүйеніп, Аллаға тәуекел ету болмақ.

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мектепте дінтану пәні қалай оқытылады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121135 бөлісті
    Бөлісу 48454 Твитерге 30284
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00