Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әуреті ашық адам имам бола ала ма?

02.02.2020
- Сұрақ-жауап
0
568
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Кейде достарымызбен жиналып футбол ойнаймыз. Сол ойын барысында намаз уақыты кіреді де, үстіміздегі киіммен намаз оқуымызға тура келеді. Осы тұста жеңі қысқа майкамен немесе тізесі қысқа шортимен жүрген кей достарымыз имамдыққа шығады. Мен оларға әуреті толық жабылған адам имам болсын деймін, алайда сөзіме көп құлақ аса бермейді. Мен де сөзіме нақты дәлелім болмағаны үшін у-шу шығармайын деп үндемей-ақ қоя саламын. Негізі имамдыққа шыққан адамның әуреті ашық болмауы керек қой, дұрыс па?

Жауап: Жалпы намаз оқығанда имамдыққа шығушының да, имамға ерушінің де әуретінің жабық болуы керек. Себебі, әуреттің жабық болуы – намаздың сыртқы парызы [ Намаздың сыртқы парызы деген – намаздың шарты, яғни намазға кірместен бұрын орындалуы керек нәрселер].

Ал, әуреттің мөлшеріне келсек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ер адамның әуретін: «Еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің арасы», «Кіндіктің асты – тізеден түскенге дейінгі жерлер» [Ахмад], – деп, ал әйелдің әуретін Әсмаға (р.а.): «Әсма! Әйел балиғат жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Алла Елшісі осы сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат еткен еді» [Әбу Дәуід], – деп нақты көрсетіп берген. Егер бұл жерлер ашық болса, онда ол адамның намазы дұрыс болып есептелмейді.

Сіздің жағдайға келсек, әрине, имамдыққа шыққан адамның жоғарыда айтылған негізгі әурет тұсы толық жабылған болуы керек. Онымен қоса намаз әдебінен болып табылатын тұстары да жабық болуы керек. Мысалы, ғалымдарымыздың көпшілігі намазда екі иықтың жабық болуын мұстахаб амал деп біледі, ал ханбали мәзһабы болса, намаздың дұрыс болуы үшін ең азы бір иық болса да жабық болуы керектігін айтқан.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Ал, енді имамдыққа кімнің шыққаны абзал деген мәселеге келсек, Абдулла ибн Махмуд Маусыли «Ихтияр» кітабында мынаны айтады: «Таза адам [денесінде дәретіне кедергі жасайтын жарақаты болмаған адам] үзір адамның, Құранды оқи алатын адам [қағидасына сай оқитын адам] оқи алмайтын адамның, киімі бар [әуреті толық жабылған адам] адам киімі жоқтың [әуреті толық жабылмаған адам], рукуғ пен сәжде жасай алатын адам ишаратпен оқушының және де парыз оқушы нәпіл оқушының артынан ермейді.

Себебі, ерушінің намазы дұрыс болса да, бұрыс болса да, имамның намазына сүйенеді. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Имам – жауапты» [Ахмад, Ибн Хиббан] – деген, яғни имам өз намазы мен өзіне ерушінің намазына жауапты. Кем нәрсе толық нәрсеге құрыла алады, алайды толық нәрсе кем нәрсеге құрыла алмайды. Себебі, әлсіз нәрсе күшті нәрсеге негіз бола алмайды.

Осыған сүйеніп былай дейміз: таза адамның халі үзірлі адамның халінен күшті, оқи алушының халі оқи алмаушыдан күшті, киімі бардың халі киімі жоқтың халінен күшті, рукуғ пен сәжде жасаушының халі ишаратпен оқушының халінен күшті, парыз оқушының халі нәпіл оқушының халінен күшті…

Сол себепті де халі күштілер халі әлсіздердің арқасында тұрып намаз оқымайды» [Ихтияр].

Айбек Әбдіқадыр

Таңбалар: намаз
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Можно ли совершать намаз перед зеркалом?
Сұрақ-жауап

Намаздың ішкі, сыртқы парыздары қандай?

26.11.2025
Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?
Сұрақ-жауап

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?

24.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бала емізсе, дәрет бұзыла ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00