Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Теріс пиғылды діни ағымдардың белгілері қандай?

13.01.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
4.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Деструктивті діни ағымдар – үстемдігін күшейту үшін өз жақтаушыларын пайдаланып, діни, діни-саяси, психотерапиялық, денсаулық сақтау, ағартушылық, ғылыми-танымдық, мәдени және басқа да іс-шаралар арқылы өздерінің ниеттерін жасырын насихаттайтын авторитарлық ұйым.

Дін атын жамылған ағымдар қатарын жаңа мүшелермен толықтырып, олардан түскен ақпараттарды бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, бейэтикалық тәсілмен жеке тұлғаны бағындырып, психологиялық қысым көрсету, қорқыту арқылы мүшелерді ұйымда ұстап қалудың әр түрлі жолдарын қарастырады.

Олар осылайша адамның тұрмыс қалпын, еркін, ақпарат пен дүниетанымды таңдау құқығын бұзады. Заңсыз әрі мамандандырылмаған медициналық қызметпен айналысып, сенушілерінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірген теріс пиғылды ағымдар да бар.

Бұл ағымдар ұйым мүшелерінің құқығын бұзып, «сананы бақылау» әдісі арқылы денсаулығына, психикасына зиянын тигізеді. Көптеген миссионерлер жергілікті халық көп шоғырланған елдімекендерде тұрып, қызметтерін табысты атқару үшін сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын жеткілікті деңгейде зерттеп, үйренеді.

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026

Жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани күйзелісте жүргендер, жеке басы мен отбасының психологиялық қиындықтарына төзе алмағандар, дәстүрлі діндерді терең білмейтіндер, әсіресе өмірлік ұстанымдары қалыптаспаған жастар теріс пиғылды ағымдар идеологиясына тез арбалады.

Дін атын жамылып, дүнияуи мақсаттарды көздеген, прозелитизммен белсенді айналысып, сенушілерді дәстүрлі діндерден ажыратуды мақсат еткен теріс пиғылды жат ағымдар жүргізген идеологиялық шабуылдардың бірі – қазақ ұлтын христиандықпен ежелден етене байланысқан ел секілді көрсетіп, мәсіхшілікті ата діннен айырғысыз етіп дәріптеу, Тәурат пен Інжілдегі Құранмен сәйкестіктерді өз мақсаттарына пайдаланып, исламды христиандық конфессиялардың берісі – көшірмесі, арысы бұрмаланған нұсқасы ретінде танытуға тырысу әрекеттеріне бағытталуда.

Дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекетінің салдарынан дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтар күйзеліске ұшырап, ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Осы типтегі ағымдар діни бірлестік ретінде тіркелмей идеологиялық тәсілдерді пайдаланатындықтан, оларға қарсы күрестің негізгі жолы да идеологиялық ағарту шаралары болып отыр.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен басқа да заңнамаларының нормаларына қайшы іс-әрекет жасаған, ел азаматтарының ар-ождан бостандығы мен діни сеніміне нұқсан келтіріп, өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, отбасының бұзылуына себепкер болған, тағы басқа заңға қайшы іс-әрекеттер жасағаны анықталған теріс пиғылды діни ағымдардың ел аумағындағы қызметіне сот шешімімен тыйым салынады.

Бөлісу101Твитерге63Бөлісу13Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Зайырлылық – өркениетті қоғамның тұғыры
Видео

Зайырлылық – өркениетті қоғамның тұғыры

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діннен шықса, неке бұзыла ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121621 бөлісті
    Бөлісу 48648 Твитерге 30405
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1602 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    522 бөлісті
    Бөлісу 209 Твитерге 131

Соңғы жарияланымдар

Зайырлылық – өркениетті қоғамның тұғыры
Видео

Зайырлылық – өркениетті қоғамның тұғыры

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды
Жаңалықтар

«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00