Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Антропоморфизм сенімін алғаш қандай діни ағым насихаттаған?

24.10.2019
- Сұрақ-жауап
0
325
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Антропоморфизм сенімін қандай діни ағым насихаттаған?

Жауап: ІХ-ХІІІ ғасырларда Аббаси халифаты тұсында антропоморфиз ілімін кеңінен насихаттаған кәламдық ағымдардың бірі – кәррамийа еді.

Бұл діни ағымның Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Кәррам негізін қалады. Ол 806 жылы Сиджистанда туылып, Хорасанның әртүрлі қалаларында соның ішінде Нишапурда, Балхта, Мервте, Гератта оқып, Меккеде бес жылын өткізеді. Ибн Кәррам Меккеден Сиджистанға қайтып келе жатып, Иерусалимге соғып, сол жерден ханака тұрғызады. Ол Қорасанға келіп, уағыз-насихат айта бастағанда, оның діни ілімі жергілікті билеушілерді айтарлықтай алаңдатты. Ибн Кәррам қауіпті діни пікірлеріне байланысты 857-865 жылдар аралығында түрмеге қамалады. Түрмеден босап шыққаннан кейін көп ұзамай 869 жылы қайтыс болады.

Ибн Кәррам қайтыс болғанымен, оның ізбасарларының саны өте көп еді. Мутәкаллимдердің айтуына қарағанда Қорасан мен Палестинада кәррамийаның жиырма мыңнан астам мүшесі болған.

Х ғасырдың екінші жартысында кәррамилер әжептәуір саяси-әлеуметтік күшке айналады. Ғазнауи билеуші әулеті тарапынан, соның ішінде Махмуд сұлтанның сеніміне ие болады (998-1030). Дегенмен, келе-келе олардың идоелогиялық және саяси ықпалы әлсіреді. Олар Гиасаддин мен Муазидин (ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы) билік еткен тұста, Ғазанда ғана ықпалды саналды. Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін кәррамилер саяси беделінен айырылып, олардың діни-идеология сахнасында ешбір беделі қалған жоқ.

Абдулкааһир әл-Бағдади өз шығармасында кәррамилердің негізін қалаушы Мұхаммед ибн Каррамның өз пікірлерінің негізінде Нишапурда өзіне жақтастар тауып, осында өз діни қозғалысын жасағанын баян етеді. Және оған ергендердің теріс пікірлерін жіктеуге келмейтінін жеткізеді. Себебі, олардың бұзық діни пікірлерінің соншалықты көп болғандығын айтады.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Ибн Кәррам өзінің соңынан ергендерді Алла Тағаланы заттан тұрады деп түсінуге шақырды. Оның бұл пікірі дуалистердің пікіріне ұқсайтын. Сондай-ақ, ол христиандар секілді Ұлы Жаратушыны атомнан тұрады деп те білді. Бұл туралы «Китабу Азабил-Кабр» (Қабыр азабы кітабы) атты шығармасында былай дейді: «Алла Тағаланың Затының бірлігі – атомның бірлігі. Бүгін мұны мойындағандар халық өздерін келемеждейді деп, айтуға қорқады. Оны заттан тұрады немесе атомнан тұрады деп айта алмауы, Рафизиден Шайтан ат-Такидің «Ұлы Жаратушыны адам суретінде» деп, Оны заттан тұрады деп айтудан бас тартқанына ұқсайды».

Ибн Кәррам өз еңбегінде Ұлы Жаратушының аршы мекені болғандығын жазды. Оның пікірінше Ұлы Жаратушы аршының (тақ) үстінде отырады. Ол атомнан тұрады. Ол аршта отырады немесе арштан түседі. Кәррамилердің кейбір өкілдерінің пікірінше, Алла арштың бір бөлігінде отырды. Кейбірінің пікірінше арштың өзі Алланың Өзімен қамтылған. Кейбірінің көзқарасы бойынша, арш бір тегіс болып орналасқан. Алла оның үстіне жайғасқан.

Кәррамилер Құран-Кәрімдегі: «Ол Рахман, аршыны меңгерді» (Таһа, 20/5) деген аятқа түсіндірме жасауда, әртүрлі көзқарастарда болды. Кейбір кәррамиийа өкілдері: «Бүкіл арш Оның мекені. Егер, Ол аршқа паралель тағыда арштар жаратар болса, арштардың барлығы Оның мекені болатын еді. Өйткені, Алла олдардың бәрінен де үлкен» деген пікірде болды. Олар бұл пікірімен Алла Тағаланың ұлылығы мен алыптығының ұшы-қиыры жоқ екендігін айтпақшы болған еді.

Кәррамилер Ұлы Жаратушынының аса ауыр, салмақты деп сипаттады. Бұған Құран-Кәрімнен: «Көк жарылған сәтте» (Ынфитар,82/1) деген аятты дәлел ретінде алды. Олар «көктер Алла-Тағаланың ауырлығын көтере алмай жарылады» деп білді.

Каррами өкілдерінің өз арасындағы тартыстарының бірі Алланың  шектеулі немесе шексіздігі турасындағы пікірлері болатын. Олардың ішінен Алланың төменгі жағы шектеулі дегендер болған еді. Келесі бір өкілдері бұл пікірді қолдамай, Алланың шексіз екендігін алға тарты. Кәррамийа өкілдерінің көпшілігі Алла Тағала аршты түгел қамтиды. Ол, барлық жағынан шексіздікке ие және Оны Ұлылардың ұлысы деп білді.

Кәррамилер Алла Тағаланың затында болған негіздерді екіге бөліп қарастырды:

а) Жарату кезіндегі көрінген іс-әрекеттер.

б) Жаратуға қатысы жоқ негіздер.

Кәррамийа өкілдері: «Алланың ешкімде болмаған қолы мен жүзі бар. Және Хақ-Тағаланың бүкіл мекендердің үстінде болған мекені бар» деп түсінді. Кәррамилердің кейбір пікірлері муғтазалилерге қайшы болғанмен дін келместен бұрын да адам ақылымен Алланы тануы тиіс деген пікірі муғтазалилердің пікірлерімен бір-тін.

Жалпы, кәррами сенімі Алланың заты мен сипаттарын жаратылғандарға ұқсатумен ерекшеленді. Осы мәселе бойынша өз ішінен абиди, тәбни, зәрини, исқақи, уахиди, хәйсани секілді тарауларға бөлінді. Әш-Шахристани өз еңбегінде кәррамиден тарайтын осы ағымдарды надан адамдар негізін қалағандықтан, оларға жеке-жеке тоқталуды жөн көрмегендігін айтады. Яғни, кәлам ілімінде кәррамийа пікірлері асылық сенімге шақыратын ақида болып табылады.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ» рухани тұғырнама

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00