Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам тарихындағы бастапқы негізге оралу идеясы

20.09.2019
- Мақалалар
0
251
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі қоғамдық ортада ислам тарихындағы діннің бастапқы негіздеріне қайта оралу идеясы төңірегінде туындаған әртүрлі идеялық ағымдар туралы көп айтылады. Бірнеше жыл бұрын осы мәселеге қатысты ресейлік материалдар бойынша дайындалған осы шағын мақаланы «Kazislam» порталының оқырмандары назарына ұсынуды жөн көріп отырмын.

Мединада зайырлы, діни және сот билігін толықтай қолына жинақтаған Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) басқарған мемлекеттің пайда болған кезеңі мен тәжірибесі көптеген мұсылмандар үшін исламдағы мінсіз басқару кезеңі ретінде саналып, ислам қоғамы мен мемлекетінің нағыз үлгісі ретінде танылып келеді (622-632 ж.ж.).

Орта ғасырдағы ислам кезеңінде Пайғамбар уақытындағы мұсылмандық құндылықтарға қайта оралуға және солай өмір сүруге шақырған адамдарды дәстүршілдер деп атады. Ал қазіргі күнде мұндай ағымдарды батыстық құбылысты білдіретін «фундаментализм» немесе араб тіліндегі салафизм терминімен анықтайды.

Исламның бастапқы дәуіріне қайта оралуды жақтаушылар «таза дін» принциптерін қайта орнатуды және оларды кейінгі қосылған түсініктерден (идеялардан, дәстүрлерден) арылтуды  көздеп, ислам нормаларын өмірге толық түрде ендіруге шақырады. Олар өз мақсаттары ретінде мұсылмандардың өмірінде Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың және алғашқы төрт (ізгі) халифтың кезіндегі нақты институттар мен нормаларды қайта орнатуды жариялады. Сол замандағы мұсылмандар өміріндегі теңдей ортақтасу принципінің маңызын тым көтере отырып, дәстүршілдер исламның ерте кезіндегі қауымдарды діндарлардың теңдік пен әділдік негізінде біріккен идеалды бірлестігі ретінде көреді.

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

Ресей шығыстанушысы К.И. Поляков бүгінгі әлемдегі исламдық фундаментализмге бірқатар белгілер әу бастан тән деп санайды. а) діннің негізгі құндылықтары негізінде қоғамдық қатынастарды қайта құру мақсатында оның шыққан бастауына үңілу (таза исламды қайта өркендету); б) ислам билігін орнату бойынша белсенді әрекеттер (хакимийа), мемлекеттің заңнамаларын Құран мен суннаның (шариа) ережелеріне сәйкестендіру, қоғамдық өмірдің барлық сферасына пайғамбар мен оның ізбасарларының уақытындағы мораль нормаларын ұсыну; в) идеологиялық қағидаларға сәйкес саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңарудың радикалдық сипаты (ислам революциясы); г) шет елдердегі осы бағыттағы қозғалыстармен бірігуге қол жеткізу бағытында белсенді сыртқы саясатты жүзеге асыру; «ислам қайта өрлеуі» идеясын тарату бойынша халықаралық іс-шаралар өткізу.

«Фундаментализм» термині бастапқыда исламда емес, Құрама штаттардағы евангелистік шіркеудегі консервативтік қозғалысты анықтау үшін қолданылды. Ал қазіргі уақытта жекелеген батыс ғалымдары мен саясаткерлері «ислам фундаментализмі» терминін исламның негізін құрайтын қағидаларға сенімді нығайтуға, Құран мен шариғат заңдарының талаптарын мүлтіксіз орындауға, дәстүрлі исламдық ұстанымдарды өмірдің барлық тұсына қолданатын міндетті норма ретінде ендіруге бағытталған мұсылмандық қоғамдық ойлар мен пікірлер ағымының жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Десек те, қазіргі әлемдегі көптеген ғалымдар мен саясаткерлердің сунниттік исламда орын алып отырған осы процестерге қатысты батыстық «фундаментализм» терминін қолдануды дұрыс деп санамайтынын да айта кету керек.

Исламдағы бастапқы заманға қайта оралу идеясы (ас-салафийя) оның тарихының бастапқы ғасырында пайда болды (ханбалшылар) және ол бүгінгі күнде де әртүрлі формада өмір сүруде: Сауд Арабиясындағы уаххабилық ілім, араб елдеріндегі «Мұсылман бауырлар», Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Индонезия елдеріндегі осы идеяны қолдайтын ұйымдар, посткеңестік Орталық Азия мен Солтүстік Кавказдағы «жаңа уаххабшылар», «салафиттер».

ІХ ғасырда өмір сүрген бағдадтық хадистанушы және факих Ахмад бен Ханбал идеялары ХІ ғасырда діни-құқықтық мектеп ретінде қалыптасты.

Олар өз теориясы мен тәжірибесінде исламды кейіннен қосылған ойлар мен дәстүрлерден тазарту идеясын алға қойып, Құран мен хадистердегі дәйектерге қатысы жоқ ислам сенімі мен құқығына қатысты салалардағы    кез-келген жаңашылдық енгізуді толығымен теріске шығарды. Орта ғасырларда мұсылмандардың ханбалшыларды салафилер деп атағаны осыдан болса керек.

Ханбалшылардың құқықтық және моральдық нормалар жүйесін Ахмад бен Ханбалдың (783-855), оның шәкірттері мен жақтастары Абу Мухаммад ал-Барбахари  (941 ж. қ.б.) мен  Ибн Батта әл-Укбаридің шығармалары құраған болса, догмалық-құқықтық көзқарастарын Ибн ал-Жаузидің (1200 ж. қ.б.) және Ибн Таймийидің (1328 ж.қ.б.) еңбектері толықтырды.

Ханбалшылардың идеологиясы XVIII ғ. исламға кейіннен енген ережелер мен идеяларға қарсы күресудің ханбалшылдық идеясын дамытқан Ибн Абд аль-Уаххабтың (1703-1792) ілімдері негізіндегі діни-саяси қозғалыс арқылы қайта жанданды.

Салафизмнің құрамдас бөлігі ретіндегі уаххабшылдық ілімінде Құранға, абсолютті бірқұдайлыққа (таухид) сөзсіз қайта оралу орталық орынға ие болып, исламды тазарту қажеттігі мен оның бастапқы қағидаларын қайта өркендету алдыңғы қатарға шықты.

Мухаммад ибн Абд аль-Уаххаб негізін қалаған ілімнің идеологиялық серіппесі қатаң бірқұдайлықты (таухид) сақтау идеясы ислам дінінің басты принципі ретінде қарастырылды.

Бірқұдайлық принципін басшылыққа ала отырып, аль-Уаххаб пен оның ілімін ұстанушылар араб түбегінің  бедуиндерінде сақталып қалған исламға дейінгі наным-сенімдердің анық көзге көрінетін қалдықтарымен ғана емес (қасиетті тастар мен орындарды қастерлеу т.б.), сонымен қатар исламда орнығып қалған бірқатар дәстүрлермен де ашық күреске шықты.

Мәселен, уаххабшылар қайтыс болған адамдардың бейітінің үстіне мазарлар орнатуды, бейітке зиярат жасауды, сонымен қатар әулиелік культті (сопылыққа тән) және тіпті, Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарды тым қастерлеуді дінсіздіктің белгісі ретінде санады.

Осы ретте, догмалық және діни-құқықтық тұрғыдан уаххабшылдық исламдағы ерекше ағым болып табылмайды. Ол тұтасынан ханбалшылдық доктринасына – исламның сунниттік төрт мазхабының  (мектебі) бірі – сүйенеді. Ханбалшылдық жоғарыда айтып өткеніміздей Құран және пайғамбар сунналарында рұқсат етілмеген ислам дініне кейіннен енген жаңашылдықтарға төзімсіздігімен ерекшеленеді.

Қазіргі күнде біздің қоғамда әртүрлі атаулармен бой көрсетіп жүрген салафизм идеясы араб түбегінен тыс жатқан мұсылман халықтардың ислам дінімен сіңісіп кеткен мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін терістеуімен сипатталады.

Бірқатар ғалымдар уаххабшылардың дәстүрлі сунниттік мазхабтың ешқайсысын мойындамайтынын, яғни оның трансмазхабты, қандай да бір сунниттік мазхабпен байланысты еместігі туралы айтады. Салафи-уаххабшыларды мазхаб тұрғысынан ханбалшылдарға жатқызғанымен бұл мәселенің бір жағы ғана. Олар Ахмад ибн-Ханбалдың іліміне салафи ретінде ғана мойын бұрады және дінді танудағы оның әдістерін басшылыққа алады.

Аль-Уаххаб ілімі тарихи даму жолында Сауд Арабиясында өз позициясын әлі де сақтап қалып отыр. Алайда уаххабизм Сауд Арабиясының ресми идеологиясы (тіпті «ресми діні») болып табылады деген пікір дұрыс емес, өйткені бұл елдің ресми құжаттарында мемлекеттік дін ретінде ислам жарияланған, және онда қандай да бір екіұдайлықты білдіретін мағына жоқ. Бір мезгілде бұл елде салафилік доктринаға – аль-Уаххабтың ілімі бұл елде осылай аталады – мемлекет тарапынан қолдау білдіріледі.

 

Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы,

Сарапшы

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам жасанды түсік жасатуға қалай қарайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00