Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діндар мен діншілдің айырмашылығы қандай?

23.09.2019
- Сұрақ-жауап
0
3.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Діндар пен діншілдің айырмашылығы қандай?

Жауап: Сауал өте орынды. Себебі, дәл қазіргі уақытта өкінішке қарай біздің қоғамда шын діндардан көрі діншілдер көбейіп барады. Әсілі, «діндар» сөзі «дінге шынайы берілген, дінге жан-тәнімен мойынсұнушы, дінді ынты-шынтымен ұстанушы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, діннің бұйрықтары мен тыйымдарын қалтықсыз орындап, діни шарттарды мүлтіксіз ұстанатын, діннің уызы мен мәйегін бойына сіңірген, бар ғұмырын дінмен байланыстырып, діни құндылықтармен жүретін азаматты «діндар» деп айтамыз.

Жалпы, діндар адам әрбір мәселеде діннің құдіретіне бас иеді, әрдайым дінмен санасады, діни құндылықарды ту етіп ұстайды әрі діндардың іші мен сырты боямасыз бірдей болады. Ескі дәуірде діндар атауының орнына «тақуа, дегдар, сопы, захид, пірадар, әулие» және т.б. сөздер қолданылған. Қазіргі ХХІ ғасырдағы жаһандану дәуіріндегі зайырлы қоғамда ондай азаматтарды көпшілік «діндар» деп атап жүр.

Ал, «діншіл» деп – дінді ұстанғанмен оны бас пайдасына жаратуды көздейтін немесе жұртқа дінді ұстанған болып көрінгісі келетін, қоғамдық ортада өзін тақуа етіп танытқысы келетін азаматтарды айтамыз. Нағында, «діншілдік» діннің табиғаты мен феноменологиясын дұрыс түсінбегендіктен, діни құндылықтарды бойға толық сіңірмегендіктен және діннен көрі дүниелік мұратты (атақ-даңқ, ақша т.б.) көбірек ойлағаннан пайда болады. Дінімізде бұлайша көз бояушылық жасауды «рия» деп айтады.

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

18.09.2025

Алла Тағала Құран кәрімде рия жасауды қатаң сынаған:

«Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алад» (Ниса, 142).

«Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне соның мысалы: Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды» (Бақара, 264).

«Олар сондай Аллаға, ақырет күніне сенбей малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жаман сыбайластық» (Ниса, 38).

«Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! Олар намаздарын немқұрайлы оқиды.Олар көрсету үшін оқиды» (Мәун, 4-6.)

Алла Елшісі (с.ғ.с) де: «Үмбетімнің шәхуат және астыртын ширк жасамауын уайымдаймын» дегенде, сахабалар: «Сізден кейін ширк мәселесі тағы шыға ма?» деп сұрайды. Сонда, Алла Елшісі (с.ғ.с): «Иә, бірақ күнге, айға, тасқа, пұтқа табынған сияқты болмайды. Адамдар ғибадатын рия үшін жасайды» (Муснад, IV, 124) және «Ей рия жасаушылар! Бұл дүниеде амалдарыңызды көрсету үшін жасасаңыз, оны іздеңіздер. Көрейік, таба аласыздар ма?» (Муснад, 5/428, 429) деп риякерлерді қатты сынаған болатын.

Түйін: Діншілдік пен діңкештік салтанат құрған ел түптің түбінде орны толмас ауыр апатқа ұшырайды. Оған ұрынбас үшін мұсылман үмбетіне ақида, фиқһ, тәпсір, хадис, мантық, фәлсафамен қатар ислам этикасын да үйретуіміз керек. Бізді риякерліктен құтқаратын һәм қоритын ілім, ол – ақлах (ислам этикасы) ілімі, яғни діни моральдік құндылықтар болып табылады. Онсыз қалған ілімнің бәрі әл-Фараби айтпақшы «тәрбиесіз ілім…» болып шығады.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: діндарлықдіншілдікМұхан Исахан
Бөлісу87Твитерге55Бөлісу11Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діндарлық пен діншілдік – екі ұғым
Видео

Діндарлық пен діншілдік – екі ұғым

09.09.2025
Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мақсат Раманкұлов: Жастар діндарлық пен діншілдікті ажырата білуі қажет

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою