Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Акушердің мұсылман болуына себеп болған оқиға

13.09.2019
- Ғибратты әңгімелер
0
252
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Күндердің күнінде АҚШ-тың бір штатында Урифа деген акушер-дәрігер (әйел кісі) болыпты. Бірде оның алдына толғағы келіп тұрған мұсылман келіншек келеді. Оны ары-бері қарап, босанатын уақыты келгенін мәлімдейді. Бірақ, қанша толғақ келгенімен ол күні босанбайды. Ертесіне Урифа мұсылман әйелге:

–Менің қызмет уақытым аяқталды. Қазір басқа дәрігер ер кісі келеді. Сол сізді босандырып алады, – дейді. Мұны естіген мұсылман:

–Жоқ, мен ер азаматтың алдында босана алмаймын. Мүмкін болса басқа әйелді алдыртсаңыз. Біздің дінімізде мұндайға жол жоқ, – дейді табандылық танытып. Мұны естіген Урифа таңданып, келісіп, орнына әйел дәрігерді дайындап кетеді.

Содан бір күн өтіп, Урифа қайта жұмысқа түседі. Келе сала ең алдымен әлгі мұсылман әйелдің жағдайын сұрауға барады. Сөйтсе, ол босанып қойған, демалып жатады. Урифа жақындап, жағдайын сұрайды. Мұсылман Құдайға шүкіршілігін айтып, ризашылығын жасырмайды. Мұндай діндарлығына таңданған Урифа:

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

–Сіз дінді қатты ұстанатын секілдісіз, жаныңызға бөтен еркек жақындатпайсыз, екі сөздің бірінде Құдайға шүкіршілік айтасыз, исламда босанғаннан кейін енді не істеу керек деп қызыға сұрақ қояды. Мұсылман әйел:

–Дін бойынша босанған әйелде кем дегенде 40 күн бойы қан айналымы (нифас) жүреді. Сол уақытта күйеумен жақындасуға болмайды. Бұған қоса, сол аралықта жақсы тамақтанып, денсаулыққа күтіммен қарау керек, – дей бергенде Урифа:

–Иә, білемін. Қазіргі уақытта біздің елде көптеген әйелдер осындай уақытта күтінбестен, жақындасып қойып, артынша түрлі ауруларға шалдығып жататыны бар. Бұл ғылымда дәлелденген, – дейді. Сонда мұсылман әйел:

–Бұл мәселе 14 ғасыр бұрын Құранда айтылып кеткен. Ал, ғылым бұны енді біліп жатыр, – дейді. Урифа таңданысын жасыра алмай:  

–Бұл қалай сонда? – дейді.

–Расымен де, әйел адам ондай уақытта құлшылық жасай алмайды, ораза ұстай алмайды, тазарғанша біршама үзілісте болады, – дейді мұсылман. Сол уақытта Урифа баланы көрейін деп жақындаса, анасы оны оң қырымен жатқызып қойғанын көреді. Сонда Урифа:

–Расымен баланы бұлай жатқызу арқылы жүрек соғысы жеңілдейді және жақсы тыныс алады. Мұны қайдан білдіңіз, – деп таң қалады. Мұсылман әйел күлімсіреп:

–Бұл біздің ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың үйреткен жолы, -деп қысқа қайырады.

Осындай ақпараттардың өзі Урифаны исламды танып-білуге құштар етеді. Содан ол бір айдан соң жұмыстан еңбек демалысын алып, исламды оқуға кіріседі. Ол жерде көптеген медициналық деректерді оқып, исламның ақиқат дін екеніне көзі жетеді. Содан Урифа исламды қабылдап, бүгінде діндегі ғылыммен байланысты ақиқаттарды жазумен айналысып келеді екен.      

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: жалғас асхатұлы
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар

03.12.2021
Ғибратты әңгімелер

Ащыны тұщы ет!

22.10.2019
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Өзге дін өкілі малды шариғат жолымен бауыздаса, етін жеуге бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00