Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кешірім сұраудың жолдарын білесіз бе?

18.08.2019
- Қоғам
0
4.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Массачусетс университетіне қарасты медициналық мектеп деканы Аарон Лазар  «Кешірім сұрау» кітабында былай жазады:

«Адам «Мені кешір» деп кешірім сұрауы қатесін мойындау немесе райынан қайту ғана емес. Мұның арғы жағында тұлғалық қадір-қасиеті мен жеке басына деген сенімнің бекуі тұрады. Соған қарамай, кешірім сұрау ер кісіге де, әйелге де өте қиын. Айта алмайды. Әйел күйеуінен кешірім сұрауға қорқады. Бұл оның абыройына нұқсан келтіреді деп ойлайды. Немесе күйеуінің сенімін жоғалтудан қорқады. Бұған ер кісінің араларындағы қарым-қатынастың нашарлауына кінәлі деп әйелін жазғыра беруі түрткі. Үнемі айыптай беруі кешірім сұрамауға итермелейді.

Ал, ер азаматқа келсек, ол өз қатесін мойындауға қиналады. Өйткені, оның санасында өмірлік тәжірибе мен ақыл-парасаты әйелінен әлде қайда көбірек деген бек сенімде. Ал, кешір деп бір ауыз сөз аузынан шықса, абыройдан жұрдай болатындай сезіледі. Себебі, кешірім сұраумен міндетін лайықты деңгейде орындамай жүргенін мойындау деп қабылдайды».

…Кешірші, артық кеттім. Бір ашуыңды бер. Негізі, ешбір қиындығы жоқ сияқты. Бірақ, айту оңай емес. Кешірім сұрау – кісінің қадірін кетірмейді. Бас иіп қатесін мойындауы – мықтылық. Адамгершілігінің белгісі. Сондай-ақ, кешірім сұраса, қарсысындағы адамға жеңілгендігі емес. Міне, осындай жансақ ой кешірім сұрауды қиындатып жібереді. Ендеше, ерлі-зайыптылар бір-бірінен кешірім сұраудың жолын таппаса оның бірқатар тәсілін айтып көрейік.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Мәселен, ер азаматтарға келсек. Ер кісілерге келіспеушілікті әзіл-қалжыңмен жауып тастаған ыңғайлы. Мұнан кейін түк болмағандай жүре береді. Бұл – еркектің өзінше кешірім сұраған түрі.

Екіншісі, күйеуіңіздің әдетінен тыс үй шаруасына көмектесуі. Бұл оның сізді бағалап, үнемі жаныңызда болатындығын сездіргісі келгені. Мұны кешірім сұрап жатыр деп қабылдаңыз.

Үшінші, күйеуіңіз өзінің арнайы жоспарларының жай-жапсарын айтып, жұмысындағы кейбір мәселелерде сіздің ойыңызды сұрап, ақылдасуы. Бұл оның арадағы реніштен кейінгі татуласуға жасаған қадамы. Сіз де ешнәрсе болмағандай ойыңызды білдіріп, әңгімені жалғай түсіңіз.

Төртінші, беймезгіл телефон соғып, хал-жағдайыңызды және маңызды болмаса да үй шаруасына қызығушылық танытуы. Осылайша өзінің артық кеткенін айтып жатқаны. Ол қатесін жуып шаюға тырысып жатыр. Сіз де «мені кешірші» деген сөзді күтіп, ерегісіп тұрмаңыз.

Бесінші, сыйлық. Кейбіреулер кешірім сұраудың ең жақсы тәсілі – сыйлық беру деп біледі. Кешке сыйлық немесе бір шоқ гүлмен кіріп келсе, сізден кешірім сұрап жатыр деп білгейсіз.

Соңғысы, кейбір ер-азамат әйелінің тамағын, ақыл-парасатын мақтап жатады. Бұған не болып қалды деп таңданбаңыз. Бұл да өзінің кінәлі екенін айтып жатқаны. Мұндайда сіз де ұмытып, кешіріңіз.

Ал, әйелдерге келсек. Кешке үйге кіріп келгенде әйеліңіз сәнді көйлекпен қарсы алса. Сіздің ең сүйікті тамағыңызды әзірлеп қойса. Осы секілді әрекеттермен әйел өзінің кешірім сұрап жатқанын білдіреді.

Тағы бір нұсқасы, әйел үй шаруасына қатысты бір мәселені айтып, ақыл-кеңес сұрап жатса, демек, сіздің жүрегіңізді жұмсартып, пейіліңізді жаулауға әрекет етіп жатқаны. Бұл әрекетін кешірім сұрап жатыр деп бағалаңыз.

Десе де, кешірім сұраудың ең дұрысы әрі төтесі тікелей екі-ақ сөзбен айту. Алайда, «мені кешір» дегеннен гөрі барын салып көңіл ауламақ боп, құрақ ұшқанның кешірімі шын пейілден екені даусыз.

Руслан Қамбар,

исламтанушы

Бөлісу108Твитерге68Бөлісу14Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Білім алмайтын екі адам
Видео

Білім алмайтын екі адам

27.03.2026
Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кітапты мұқабасына қарап сынама!

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121875 бөлісті
    Бөлісу 48750 Твитерге 30469
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    525 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    446 бөлісті
    Бөлісу 178 Твитерге 112

Соңғы жарияланымдар

Білім алмайтын екі адам
Видео

Білім алмайтын екі адам

27.03.2026
Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00