Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ирвин Яломның ақиқат пәлсапасы

30.08.2019
- Қоғам
0
334
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ирвин Ялом – гуманистік психологияның ізбасары. Бұл бағытта жұмыс істейтін дәрігерлер әр пациент ерекше құбылыс деп бағалайды. Ортақ ем жолы жоқ дегенді айтады. Ялом – басыңа күн туғанда жаныңа демеу болатын ерекше нақыл сөздердің иесі. Біле жүріңіз…

Қарым-қатынас туралы

  • Ешкім естімейтін кезде айқайлап ал…
  • Бір нәрсені санамен және жүрекпен түсінудің арасында терең құз жатыр – өте терең құз.
  • Романтикалық махаббат көлеңкеде жайқалады, қадалып қарасаң – солып қалады.
  • Ерте ме, кеш пе кез келген қарым-қатынас аяқталады. Ешбіріне өмірлік кепілдік жоқ.
  • Өзге жанмен толыққанды байланыс орнату үшін алдымен өзіңмен байланысты ретте. Егер адам өз жалғыздығын түсіне алмаса, онда өзгені жалғыздықтан құтылудың амалы деп қана қарастырады.
  • Махаббат әрдайым қайғы аралас болады.
  • Біреуге толық тәуелді болу – бұл бір басқа, ал басқа жанмен тең құқылы өмір сүру – мүлде басқа нәрсе.
  • Досыңды кешіру дұшпанды кешіргеннен қиын.
  • Ешкім ешқашан өзге үшін ештеңе істемейді. Іс-әрекеттің бәрі өзімізге бағытталады. Жасаған жақсылығың – өзің үшін жасағаның. Махаббатың – өзіңе арналған махаббат. Тереңірек қазбаласақ – адам басқаларды сүймейді, сол адамның жанындағы өзі сезінетін тамаша күйге елітеді. Әр адам еліткен сезімге ереді, еліткен адамды сүймейді.

Бақытты іздеу

  • Өмірдің құпиясын ашатын кілтті таптым: біріншіден, қалағаныңды тіле, екіншіден, қалағаныңды сүй.
  • Егер өзіңді құрметтегің келсе, құрметке лайық іс істе.
  • Лайықты өмір сүрсең, өзің де байқамастан жақсылық жасауға бейімделесің.
  • Қабағыңды түйіп, ешкімге пейіліңді бермей, жабырқап жүру – өмір мерекесінде бар қызықтан құр қалу.
  • Арсыздықпен өмір сүргенше абырой-беделсіз қалған оңай.
  • Шахматта — бәрі өмірдегідей: бір партия біткенде барлық тас – бір жәшікке түседі.
  • Біз бір сабақты жақсы түсіндік: өмірді кейінге қалдыруға болмайды, оны қазір сүру керек, демалысты, жексенбіні, сәті түсер шақты күтіп жүре беруге болмайды. Балалар оқуын бітірсін, зейнетке шыққанда істеймін деп бәрін кейінге ысыра берген дұрыс емес. «Ракпен ауырғалы ғана өмірдің қадірін түсіндім, қандай өкінішті» деген сөзді қаншама рет естігенімді білсеңіздер ғой…  

Басыңа күн туғанда еске ал

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025
  • Жалғыздық айналаңда адамдардың барына, не жоғына тәуелді емес.
  • Ең дұрыс ақиқат— өз басыңнан өткен тәжірибеден ет-жүрегіңмен қоса қанын сорғалатып жұлып алған ақиқат.
  • Торығу — бұл адамның өзін-өзі тануына төлейтін ақысы. Өмірдің тереңіне үңілген сайын – торығуды көресіз.
  • Ағаш биік әрі тәкәппар болып өсу үшін дауылға мұқтаж.
  • Кейде тағдыр бізді «дұрыс таңдау – қателік» боп шығатын жағдайға тіреп қояды.
  • Уайымның бәрін қолдан жасап аламыз. Қолдан жасағанның бәрін өзіміз жоя аламыз.
  • Уысқа түскеннің бәрі көбіне өзімізге иелік етіп кетеді.
  • Шыңның бәрінің ортақ қиындығы – ары қарай еңіске түсіретіні.
  • Үндемей жұтып қойған ренішке уланып қалуға болады.
  • Сенімділік – алдын ала құлағдар болуға тура пропорционал.
  • Тәкәппарлық пен дарақылықтың астарында өзіне сенімсіздік, ұят пен өзін кем санау бар.
  • Кей адамдар үшін жетістік – өзгелерден артық екенін көрсету; бөтен адамдар ойын біліп қояды деп қорқады, өзгелер бұдан да зор жетістікке жетіп, кек алады деп үрейленеді.
  • Креатив пен емен-жарқын мінез қайғыдан туады.
  • Өз өміріміз үшін басы бүтін жауаптымыз. Тек әрекет үшін емес, әрекетсіздік үшін де жауаптымыз.
Таңбалар: шынар әбілда
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Отбасындағы өзара үйлесім

23.10.2019
Қоғам

Оның жауабы – үнсіздік…

31.08.2019
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Жеті жарғы» мен шариғаттағы жазалардың ұқсастығы

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00