Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұзатын – дін, бұзақы – мұсылман ба?

22.08.2019
- Қоғам
0
442
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жуырда Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Қазіргі таңда, кім бұзақы – мұсылман, кім есірткіні өсіреді – мұсылман, кім содыр – мұсылман…» деген ойымен бөліскен болатын.

Оқи отырыңыз: Кім бұзақы, кім содыр…?

Әрине, ащы да болса шындық осы. Бүгінгі мұсылманның бейнесін бейнелеп бергендей. Бұл айтылған уәжге келісесіз бе, келіспейсіз бе, ол өз қалауыңыз?!.

Қоғамда мұсылманның атына кір келтіріп, «мұсылман» деген қадірлі ұғымды қор қылатындардың көбейгені өкінішті-ақ…

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

 Мұсылман деген кім?

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) «Нағыз мұсылман – өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян келтірмеген адам» деген.

Ендеше бүгінгі мұсылман неге мейірімділіктен зұлымдыққа, жақсылықтан жамандыққа, мейірмандықтан қатыгездікке, байлықтан кедейлікке, әділеттіліктен әділетсіздікке бой алдыруда? Ислам тұтас зұлымдыққа қарсы емес пе еді? Бүгінгі мұсылман неге зұлым болып барады? Иә, ислам адамдарды атақ пен даңқына емес, әдебі мен тақуалығына қарап бағалаушы едіғой…. Әлде мен қателестім бе?

Әз пайғамбар мұсылман түгілі бүкіл адам баласын сүюші еді. Сондай ұлы тұлғаның сүйіспеншілігі біздің бойымыздан неге көрінбейді?!

Ислам діні – бейбітшіліктің, татулықтың, бауырмалдықтың діні деуші едіғой бізге дейінгі естілер. Қайда сол бейбітшілік, қайда сол татулық?.

«Дін деген не?» сұраққа екі дүниенің сәруары Мұхаммед пайғамбар үш рет «Дін – көркем мінез» деп жауап қатқан екен. Қане сол көркем мінез?

Сұрақ көп, бірақ жауапты кімнен аламын? Жауап беретін жан болса жанына барып, шәкірт болып, қолын сүйер едім…. Бұл менің ғана емес, жанымда жүрген талай жанның үні.

Осы орайда біз бір жерден емес, бірнеше жерден қателік жіберіп жатқан секілдіміз?!

 Көркем мінез…

Көркем мінез – адам бойындағы ұлы қасиет, әдемілік пен ұнамды әрекет. Ол пайғамбарлар мен шыншылдардың, ізгі жандардың мінезі.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағала иманды жаратқанда, иман Алладан «маған қуат бер» деп сұрайды. Сонда Алла Тағала оны жақсы мінез-құлықпен және жомарттықпен қуаттандырады. Ал күпірлікті жаратқанда, ол да Алладан өзін қуаттандыруын сұрайды. Алла күпірлікті жаман мінез-құлықпен және сараңдықпен қуаттандырады», – дейді. Сондықтан діннің мақсаты – мұсылман мінезінің көркемдігінде екен.

Кезінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең алдымен ісі, мінезі көркем еді. Құранда Алла Тағала оның мінезін бірнеше жерде еске алған. Сондай көркем мінездің нәтижесінде сахабалардай абзал буын қалыптасты. Олар мұсылман деген атқа, діндеріне кір келтірмес үшін нәпсілік қалауларынан бас тарта білетін жандар еді. Осылайша көркем мінездің көрінісі әлемге жайылды емес пе?!

Көркем мінез туралы көп жазып, көп айтып қайтеміз, егер ол өз бойымыздан табылмаса?!.

Осы ретте Ермек қажы Мұқатай «Біз үмбетке ақида, фиқһ, хадис, тәпсір үйретіп, бірақ адам болуды, яки адамгершілік жасауды үйрете алмай жүрміз» – деген өкініші де орынды.

Адам болу, яки адамгершілік…

Атақты төрт халифаның бірі хазреті Омар (р.ғ.): «Адам бойында болмысынан келе жатқан он мінез бар, оның тоғызы – жақсы, біреуі – жаман.  Жаманының басын бос қоя берсең, басқаларын бұзады», – дейді. Омар халифа айтқан мінездің жақсысы не? Жаманы не?… Оны ислам ғалымдары жамағатқа түсіндіре жатыр.

Ғұламалар барлық нәрсенің құндылығы бар, ал адамның құндылығы – білімі, ихсаны және әдебі деген екен. Осы үш нәрсе адамды адам ететін, адамның адамгершілігін арттыратын құндылықтар.

Тағы да оқи отырыңыз: Көркем мінезге жетелейтін 5 әдет.

Ал Абай атам «адам – ақылдылық пен еңбек, сүйіспеншіліктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы» деген түсінікті айтқан.

Абай ақынның «бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап айтқандары адамды аздыратын сипаттар екенін де естен шығармайық.  

Не істемек керек?

«Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта қалуларының, көптеген саяси ойындардың құрбанына  айналуларының, экономикалық күйзеліске ұшырауының бірден-бір себебі –сауатсыздық, кедейлік пен ішкі алуыздық.

Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз дін соқырлыққа тең.

Сондықтан мұсылмандар үшін ең қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі, біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды былай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауатты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың дамымай артта қалуларының негізгі себептері» – дейді исламтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлы өзінің мақаласында.  

Түйін

«Алла Тағалам! Жаратылысымды әдемі қылып жаратқаныңдай, мінезімді де көркем ет» деп үнемі Алладан жалбарынып сұрайтын кім еді?. Әрине, ол көркем мінез иесі болған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.).  

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Мен хақылы бола тұрып та, яғни өзінікі жөн болғанда да тартысуды қойған кісі үшін жаннаттың ауласында бір сарай және қалжың да болса, өтірік айтудан бас тартқан кісі үшін жаннаттың ортасында бір сарай және де мінезі көркем болған кісі үшін жаннаттың ең биік жерінде бір сарай берілуіне кепілмін» деген екен.

Ендеше бүгінгі мұсылман үшін көркем мінез жетіспей тұрған секілді?! Халқымызда «Бүкірді көр ғана түзейді» деген тәмсіл бар, ал мінезіңді өзің ғана түзейсің. Дін бар болғаны көркем мінезді болуға шақырады. Жаратушы Алла баршамызға көркем мінезді болуды  нәсіп еткей!

 Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: көркем мінезТұрар Түгелұлы
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

7 сауал үшін 700 шақырым жол жүрген

04.04.2025
Көркем мінез жайында
Ғибратты әңгімелер

Көркем мінез жайында

17.03.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сіз қаншалықты толеранттысыз?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00