Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажылыққа барған алғашқы қазақтар кімдер?

12.08.2019
- Сұрақ-жауап
2
216
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Қажылыққа барған алғашқы қазақтар кімдер?

Жауап: Тарихи деректерге назар салсақ, түркі бабаларымыздың VII ғасырдың аяғымен VIII ғасырдың басында-ақ Хақ дінді қабылдай бастағанына көз жеткіземіз. Қорасан әміршісі Құтайба ибн Муслімнің 705-7014 жж аралығында Мәураннахрға жасаған фатх жорықтарында мыңдаған бозбаланы тұтқындап әкетіп, ислам дініне мойынсұндырған. Талас ғазауатынан (751) кейін Түркістан өлкесінде ислам дінінің таралуы үдей түсті. Мысалы, «Насабнама» нұсқаларында 770-шы жылдары Ысқақ бабтың Сырдария жағалауы мен Қаратау өңірінде хақ дінді насихат қылғандығы айтылады. Түркілер исламды қабылдай салысымен халифаттың маңызды істеріне белсене араласты. Тіпті, түркілер дербес квази мемлекеттер де құрды. Мысырда құрылған Толуни (874-905), Ихшид (935-969), Иран жерінде құрылған Сажи (890-929), Мәураннахрдағы Самани (875-999), Қарақан (944-1211), Ғазнауи (971-1030), Селжұқ (1035-1155) және т.б. мұсылман-түрік мемлекеттері тарих сахнасына шықты. Аталған тарихи кезеңдерде хақ дінді қабылдаған ата-бабаларымыздың шама-шарқынша қажылық парызды өтегені күмән тудырмайды.

Дегенмен, алғаш рет нақты кім қажылыққа барды деген сауалға жауап берер болсақ, Алтын Орда билеушісі Берке ханның (1258-1266) бәдел* қажылық жасағандығы туралы тарихи мәліметті көрсетуге болады. Алтын Орда хандығы туралы мәліметтер (СМИЗО) жинағында ибн Әбдузаһир мен Нубайри 1263 жылы Мысыр сұлтаны Бибарыстың Алтын Орда билеушісі Берке ханның атынан Мекке-Мәдинада бәдел қажылық миссиясын жүзеге асырып, Алтын Ордаға аттандырған елшісі ибн Дая Хажиб Сажаддин арқылы Берке ханға тәбәрік ретінде арнайы хат пен зәмзам суын жібергендігін баяндайды (Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. 150, 320 стр). Сондай-ақ, осы мәтінде Сұлтан Бейбарыстың Мекке мен Мәдина мешіттерінде құтпада өзінен кейін Алтын Орда билеушісі Берке ханға дұға мен мадақ айтылуын бұйырғандығы жазылған.

Бұл тарихи деректе Берке ханның бәдел қажылығын сұлтан Бейбарыстың ұйымдастырғандығы айтылған. Алайда, бәдел қажылық жасауға Берке хан да ниетті болған деп ойлаймыз. Себебі, Әмин әл-Холи өзінің шығармасында Алтын Орда билеушісі Берке ханның кубравия тариқатының шейхі Әл-Бохарзидің мүриті болып, Шыңғысхан ұрпақтарының ішінде Хақ діннің жоқтаушысына айналғанын жазады (Әмин әл-Холи. Силат байна ән-Нил уа әл-Вулга. 71 б). Берке хан тұсында Алтын Орда астанасына Ислам діні ғұламалары шақыртылып, көптеген мешіттер мен медреселер тұрғызылды. Алтын Орда империясының астанасы Сарай-Беркенің сәулеті мұсылмандық нақыштағы қалаға айналған еді.

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

18.09.2025

* Бәдел – қажылық жасауға материалдық мүмкіндігі бар мұсылман келесі бір мұсылманға (келісім арқылы) өсиет ету арқылы қажылық парызды орындайды.

Мұхан Исахан

Таңбалар: қажылықҚазақМұхан Исахан
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәдени байланыстарды дамыту мәселесі тақыланды
Жаңалықтар

Мәдени байланыстарды дамыту мәселесі тақыланды

25.08.2025
Мүфтият қажылық орындарын алу бойынша конкурс жариялады
Жаңалықтар

Мүфтият қажылық орындарын алу бойынша конкурс жариялады

18.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ашуымызды басқара білеміз бе?

Пікір 2

  1. Айна Тәжібай жазған:
    6 жыл бұрын

    Осындай танымдық материалдар көп болғай!

  2. Ермұрат Назарұлы жазған:
    6 жыл бұрын

    Елбасы айтқандай тарихымызда біз ұялатын іс жоқ! Бабаларымыз батыр әрі дана болған.

Соңғы жарияланымдар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады
Жаңалықтар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

19.09.2025
Отбасы – ұлттың ұстыны
Видео

Отбасы – ұлттың ұстыны

19.09.2025
Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат
Сұхбат

Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою