Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құдайсыз қурай да сынбайды

29.07.2019
- Қоғам
0
1.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Төрт жағдай бар, оның азы да көптей сезіледі: кедейлік, қиындық, дұшпандық және от.

Әр атқан таң жақсылық әкелсе екен дейміз. Ниетіміз отбасы амандығы мен берекеті баянды болуы. Өйткені, қиыншылықтың азы да ауыр тиеді. Ендеше, бақыт тұрақтауы үшін не істемек керек? Қиындыққа төтеп берудің қандай тәсілі бар? Мен деген мықтының өзі тығырыққа тірелгенде: уа, Құдай жар бола гөр! демеуші ме еді?! Демек, жалғыз дұрыс тәсіл – Құдайға мінәжат ету. Дұға жасау.

Құдси хадисте:

«Дұғаны Өзім және құлым арасында екіге бөлдім. Құлыма сұрағанын беремін. Пенде: «Әлемдер Раббысына мақтау»,-десе, Хақ Тағала: «Құлым Мені мақтауда»,-дейді. Егер: «Аса Мейірімді, ерекше Қамқор»,-десе, Алла Тағала: «Мені құлым мадақтауда»,-дейді. Егер: «Қиямет күнінің Патшасы»,-десе, Алла Тағала: «Мені құлым даңқтауда»,-дейді. (Тағы бір риуаятта: «Құлым өзін Маған толықтай табыстауда» делінген) Егер: «Саған ғана құлшылық етемін, Сенен ғана жәрдем сұраймын»,-десе, Алла Тағала: «Бұл Менің және пендем арасындағы уәде. Құлыма сұрағанын беремін»,-дейді. Егер: «Бізді тура жолға сал. Нығметіңе бөленгендер жолына, қаһарыңа ұшыраған және адасқандар жолына емес»,-десе, Алла Тағала: «Міне, бұл Менің құлыма. Құлыма сұрағанын беремін»,-дейді[1]».

Бұл риуаят Фатиха сүресінің сырын паш етеді. Сондай-ақ, бес уақыт намазда қайта-қайта оқылуының хикметін ашады.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Дұға жайлы Алексис Каррель:

«Құдайға дұға ету біздің күнімізге дейін ең кең танылған күш-жігердің қуат көзі.  Осылай болып қала бермек. Дәрігер ретінде, дәрі-дәрмектен науқас ем таппай, медицина қауқарсыз қалған сәтте дұға көмекке келгенін көзім көрді. Дұғаның күшімен науқас дертінен айығатын. Бұған көп рет куә болдым. Дұға сәуле шашатын радий іспетті. Радий өз бетінше қуат шығаратын элемент. Адамдар дұғамен өздеріндегі шектеулі күшті қуаттайды. Мінәжат арқылы әлемді басқарушы ұлы күшпен байланысқа түседі. Тіпті, сол бір ғана тілек қуатымыздың артуына жеткілікті. Мінәжат етіп нәтиже көрмеген адам болмаған»,-деп тәжірибесімен бөліседі. 

Құран Кәрімде: 

«(Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, олар да Менің үндеуіме оңды жауап берсін һәм Маған тиісінше иман келтіріп, соның арқасында кемелдену жолына түссін[2]»,-дейді.

Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді. Дұға Жаратушымен байланыстырушы құрал. Қиыншылыққа қарсы қолданатын қару. Дұғаның қос қанаты бар. Бірі тілмен айтылған мінәжат. Екіншісі тірлік оңынан болу үшін жасалған қам-қарекет. Құдайсыз қурай да сынбайды деген атам қазақ.

 Руслан ҚАМБАР

[1] Муслим

[2] Бақара сүресі, 186-аят

Таңбалар: руслан қамбар
Бөлісу33Твитерге21Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Үй мен көлік алуға жаңа бағдарлама!
Видео

Үй мен көлік алуға жаңа бағдарлама!

15.01.2023
Отанды қорғау – асыл міндет
Видео

Отанды қорғау – асыл міндет

30.08.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адам өмірінің ұзақтығы қанша?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00