Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құранда неге адам «нәжіс» деп сипатталады?  

11.06.2019
- Қоғам
0
928
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам діні тазалыққа құрылған. Ардақты пайғамбардан (с.ғ.с.) жеткен «Тазалық – иманның жартысы» деген хадис-шәріптің  кез келген мұсылманды тазалыққа жетелейтіні анық. Осыған байланысты Исламды ұстанушы мұсылман тек қана сыртқы дүниесімен ғана емес, бәлки ішкі жанымен де таза болуы шарт болады. Бүгінгі тақырыпқа түрткі болған мәселенің бірі – ол Алла Тағаланың Құранда:«Расында мүшриктер (Аллаға серік қосушылар) – нәжіс» [Тәубе-28] – деген аяттың аясында болмақ.

Адам өз табиғатынан көркем жаратылыс екені мәлім. Бұған Құрандағы: «Расында адамзатты көркем етіп жараттық»[Тин-4], деген аят дәлел бола алады. Егер солай болса, онда ескерілген аяттардағы «нәжіс» деген сөзді қалай түсінеміз? Расында көркем етіп жаратылған адам нәжіс бола ала ма?

Ислам діні адамды өзге жаратылыстан ерекше етіп жаратқанында дау жоқ. Оның бойындағы ақылы мен ойлау қабілеті – Алла тарапынан берілген құнды нығмет. Ислам таза дін болғаны секілді, оны ұстанушылар да таза жүруі тиіс. Мәселен, намазды оқымас бұрыс алдымен дәрет алып бойды тазалау керек. Күнделікті киген киімнің өзі таза әрі барлық нәжіс атаулыдан ада болуы талап етіледі. Бұл туралы көптеген хадистер мен деректер келген. Ислам бізді нәжістен қаншалықты сақтандырған болса, соншалықты біздерге ықтият жүру қажет. Себебі, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар хадисінде: «Мұсылман нәжіс болмайды (яғни, нәжістен таза болуы керек)» – деген.

Құрандағы «Расында мүшриктер нәжіс» деген аяттағы «нәжіс» сөзіне талдау жасайтын болсақ, алдымен, тәпсірші ғалымдардың көзқарасына жүгінуге тура келеді. Танымал тәпсірші Ибн Кәсирдің айтуынша, көптеген тәпсір ғалымдары «мүшриктер нәжіс» деген аят адамның сыртқы денесіне байланысты айтылмағанын алға тартады. Себебі, Құранда Кітап иелерінің (христиандар мен иудейлердің) жайған дастарханын ас ішуге рұқсат етілген мынадай аят бар:

Сөйлеу әдебі жайлы

Сөйлеу әдебі жайлы

26.08.2025
Түйеге ұқсау

Түйеге ұқсау

23.08.2025

«Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап иелерінің (Христиан, Яһуди) тамағы (бауыздаған малдары) халал етілді». Егер расымен де Кітап иелері «нәжіс» болған болса, олардың асын ішуге де тыйым салынған болар еді. Бұған қоса өзге дін өкілдерінен тұрмысқа қыз алуға да қатаң тыйым салынар еді. Керісінше, ислам діні кез-келген мұсылман жастардың дәм-тұзы жарасып жатса, өзге дін өкілдерінен қыз алуына толықтай рұқсат етеді.

Сонымен қатар, берілген аяттағы «нәжіс» сөзін тура мағынада қабылдау дұрыс болмайды. Себебі, «нәжіс» адамның сыртқы бейнесімен емес бәлки ішкі дүниесімен байланысты болуы мүмкін. Демек, аяттағы мейлі ол сыртқы дүниесі таза адам болғанымен, Аллаға қарсы келген адамның ішкі дүниесі, жүрегі қарайғаны соншалықты ол нәжіс секілді жаман атпен ескерілген болуы ықимал. Сондықтан Құранда ескерілген мүшриктің сыртқы келбеті мұсылманға қарағанда таза болуы мүмкін, бірақ, оның ішкі жаны, жұмырдай жүрегі иман исін сезбейінше таза бола алмайды екен. 

Негізгі парадокс – ол мұсылманның да арасында сырты бүтін, таза болғанымен оның жан дүниесі, жүрегі нәжіс болуы мүмкін. Ал, мұндай нәжіс кез-келген мұсылманның жүрегін жаулап алғанда оның бойында ашушаңдық, көреалмаушылық, тәкәппарлық, менмендік және т.б. жаман қасиеттер пайда бола бастайды. Алайда, нәжістің тек ішкі дүниемен ғана байланысты болмайтынын ескергеніміз жөн. Себебі, кез-келген адамның сыртқы келбеті мен ішкі дүниесі ұштасып жақсы әрі таза болса ондай адам нағыз мұсылман әрі Алланың сүйікті құлына айналады. Құранда мұндай адам жайлы: «Расында Алла Тағала тәубе етушілер мен таза болушыларды жақсы көреді» – делінген. Сондықтан біз ұстанған дінімізге, жаратылысымызға лайық қашанда сыртқы, ішкі жан дүниемізді қатар таза ұстауымыз керек. Себебі, бұл – адамның емес, Алланың қалауы.

Қазіргі кейбір ақиқатты ұстанушымын дейтін теріс діни ағымдардың мүшелері білімсіздіктің салдарынан Құран аяттарын тікелей түсініп, берілген аяттағы «нәжіс» сөзін өзге дін өкілдеріне байланыстырып қолданып жатқандары жоқ емес. Мұндай тұжырымнан сақ болуымыз керек. Себебі, Алланың құзырында ертең кімнің дәрежесі жоғары болатындығы бізге беймәлім. Өзгенің сыртына қарап оның айыбын ашуға тырысқанша өзіміздің жан-дүниемізді тазартып алғанымыз жөн. Егер олай болмаған жағдайда жоғарыда келген аяттағы «нәжіс» сөзі өзімізге тиесілі болып кетпеуіне кім кепіл?

Ескере кететін жайт, Алла Тағала аяттағы «нәжіс» сөзін көпше емес жекеше түрде ескерген. Бұл – Аллаға қарсы келгендердің барлығының жан-дүниесі нәжіс бола алмайды деген сөз. Себебі, аяттағы «нәжіс» сөзі жекеше келгендіктен, ол тек белгілі бір адамдарға байланысты айтылған болуы мүмкін. Ал, егер аятта «анжас» яғни, «нәжістер» деп көпше түрде келген болса, онда Аллаға қарсы келгендердің барлығы дерлік түгелдей  «нәжістер» болған болар еді. Бұл өз кезегінде Алланың біздерге барлық адамның жан-дүниесі бірдей жаман болмайтынын ескертіп тұрғандай әсер қалдырады. Қалай дегенде де Алла Тағала анық білуші.

Берілген аятқа байланысты мысал келтіре кетейін. Мәселен, бір ыдысқа нәжіс тиіп кетті дедік. Бірақ, біз ол ыдысты толықтай нәжіс деп айта алмаймыз. Себебі, ол асылында нәжістен жасалмаған. Сондықтан біз ыдысқа жай ғана нәжіс тиіп кеткені үшін оны сумен шайып тазарта аламыз. Адамның да мысалы дәл осылай. Адам өз жаратылысында көркем болғанымен кейде оның бойында жаман қасиеттер байқалады. Осындай толассыз қасиеттердің ұлғаюымен адамның жүрегіне нәжіс яғни, қара дақ түсе бастайды. Ал енді біз жүрегі қарайған адамды «нәжіс» деп айта аламыз ба? Әрине жоқ, себебі, кез келген адам табиғатынан көркем болып жаратылған. Сол көркем кейіпке қайта ену үшін адам жақсылыққа бой алдыруы тиіс.

Сайып келгендн, Алланың аятында ескерілген көркем жаратылыс иесі болу үшін қашан да бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуымыз керек. Ал, ондай жаман қасиеттің бірден-бір емі – ол ықыласпен жинаған әрі оны жүзеге асырған білім. Сондықтан «нәжіс» атаулыдан сақ боламын десек, өзгеге топырақ шашпай алдымен өзіміз білім алып соған сәйкес ішкі, сыртқы жан-дүниемізді сайлап алғанымыз жөн.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

 дінтанушы

Таңбалар: жалғас асхатұлынәжіс
Бөлісу22Твитерге14Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Денеме нәжіс тисе, сумен сүртіп тастауға бола ма?
Сұрақ-жауап

Денеме нәжіс тисе, сумен сүртіп тастауға бола ма?

25.09.2024
Ғибратты әңгімелер

Әбу Ханифаның тақуалығы

04.07.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бай болудың 2 жолы

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою