Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көркем мінезге жетелейтін 5 әдет

07.06.2019
- Қоғам
0
1.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Көркем мінез – адамға киім секілді қажет болған асыл қасиет. Ислам діні тән тазалығымен бірге жан тазалығы, яғни, ішкі әлемнің көркем болуын, жайсаң мінезді болуды міндеттейді. 

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мен көркем мінездерді кемеліне жеткізу үшін келгенмін» – десе, Құран Кәрімнің «Қалам» сүресінде Алла Тағала соңғы пайғамбарына:

«Әлбетте сен ұлы мінезге иесің!» – деп, оның мінезін кемелдендірген.

Әрбір адам, әрбір мұсылман баласы көркем мінезді болуды қаласа оған пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінен, оның мінезінен асқан мысал жоқ. Осы орайда пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірін үлгі ете отырып, мына 5 әдет мінезіміздің көркем болуына жетелейді деген сенімдеміз.  

Алладан дұға тілеу

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Дұға – мұсылманның қаруы» дегендей, Жаратқаннан үнемі мінездің көркем болуын сұрап, дұға тілеу керек. Алла елшісі (с.ғ.с.) Құдайға жалбарынғанда және айнаға қараған кезде «Уа, Раббым! Менің сыртқы болмысымды да, мінезімді де көркем ете гөр!» деп дұға еткен.

Кешірімді, мейірімді болу

Сәл нәрсеге ренжіп, адамдарға үнемі шамданып жүру денсаулыққа да, рухани жан-дүниемізге де зиян. «Мейірім етпегенге мейірім танытпайды» демекші, болмашы бір жағдайларда ұрыс-жанжал шығармай, мейірім таныту, ауыр да болса басқаның қатесін кешіру – көркем мінезге жетелейтін жақсы қасиет. Бұған Тайыфқа барып, тастың астында қалып, басы жарылып, меселі қайтқан пайғамбардың (с.ғ.с.) сол адамдарға кешіріммен қарауы дәлел бола алады. Мұны көркем мінездің, кешірімнің шырқау шегі деп баяндаған ғұламалар да бар.

Ашуын жұту (тыю)

«Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дейді бабаларымыз. Ал хадистерде: «Нағыз батыр – соғыста жауын жеңген емес, нағыз батыр – ашуы қатты қысқан кезде өзін ұстай алған адам» – делінген. Ашулану – адамға тән қасиет, бірақ оны ұстау, сабыр сақтау – ақылды адамның ісі, көркем мінезді болудың басты шарттарының бірі.

Шыншыл болу

«Әзілдеп болсын өтірік айтпаған адам жәннатқа кіреді» дейді хадисте. Үнемі шындықты ғана айту адамды сенімді, аманатшыл тұлғаға айналдырады. Мысалы, пайғамбарлық келмей тұрып та Мұхаммед (с.ғ.с.) өте шыншыл еді, оны Құрайыш тайпасы «Сенімді Мұхаммед» деп атап кеткен.

Көп күлмеу және аз сөйлеу

Күлімдеп жүрудің сүннет екенін жақсы білеміз, ал күлуге келсек, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аузын ашып қатты күлмейтін. Дауысы қатты да емес, бәсең де шықпайтын. Өзіне қатысы жоқ нәрсеге араласып, сөз шығындамаған. Сөйлесіп тұрған адамынан ол бетін бұрмайынша назарын басқа жаққа аудармаған.  

Түйін. Көркем мінезді адам деп әр нәрсеге көне беретін, Абайша айтсақ, «көп айтса көнді, жұрт айтса болды» емес, керісінше, ақиқатқа келгенде қара қылды қақ жаратын, бірақ мәселені ақылмен, парасаттылықпен, сабырлықпен шешетін адамды айтамыз.

Сондай-ақ, «баланың өзін тусаң да, мінезін тумайды екенсің» деп кей аналардың сөзіне сүйеніп, мінезді өзгерте алмайсың деуге әсте болмайды. Себебі, Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында өмір сүрген сахабалар иманға, исламға келгеннен кейін жаман әдеттерін тастап, мінездерін түзеп әрі жақсы әдеттерін одан да көркем қыла түскен.

Таңбалар: ДұғаИслам дінікөркем мінезмұсылман
Бөлісу46Твитерге29Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Жатар алдында қандай сүре, дұғаларды оқыған абзал?

25.11.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алғанда айтылатын дұға бар ма?

23.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазіргі әлемдегі діндер эволюциясы

Қазіргі әлемдегі діндер эволюциясы

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00