Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жазушы періштелер

06.05.2019
- Қоғам
0
718
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кирамун Катибун – адамның оң және сол жағындағы амал дәптерін дайындайтын екі періштенің есімі. Құранда айтылғандай:

إِذْ يَتَلَقَّى الْمُتَلَقِّيَانِ عَنِ الْيَمِينِ وَعَنِ الشِّمَالِ قَعِيدٌ

«Оның оңына да солына да екі (сөздері мен амалдарын) байқаушы  отырады».[1] Яғни оң жақтағы періштеге ізгі қайырлы амалдарды сол жақтағы періштеге дініміздің әмірлеріне сәйкес келмейтін түрлі іс-әрекеттерді жазу міндеттелген. Сонымен қоса бұл періштелер қиямет-қайымдағы есеп күні бүкіл жасалған амалдарға да куәлік етеді.

Құранда: «Сендерді (жандарыңнан ажырамайтын) бақылаушылар бар. (Олар) ардақты (бейтарап) жазушылар. Сендердің не істегендеріңді біледі»[2]; «Немесе олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай ма? Әрине періштелеріміз алдарында жазуда»[3] – деп Кирамун Катибун періштелері туралы баян етілуде.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Аллаһ тағала осы Кирамун Катибун періштелеріне: «Егер де құлым жамандық істегісі келсе, оны жасағанша күнә жазбаңдар. Ал жасаса, бір күнә жазыңдар. Ол істі Мен үшін тәрк етсе, бір сауап жазыңдар. Ал жақсылық істегісі келіп, істемесе де бір сауап. Жақсылық істесе, он сауаптан жетпіс мыңға дейін сауап жазыңдар»,[4] – деп бұйырған. Яғни жасамаса да адамның жақсылыққа ниет етуі – сауап, ал жамандық жасалғанда ғана күнә болып жазылуын Аллаһтың құлдарына деген мәрһабаты, рақымы деп түсінуге болады.

Танымал түрік ғалымы Елмалылы Хамди Языр өз тәпсірінде бұл жайында былай дейді: «Аузынан шыққан әрбір сөзін қағазға түсіретін періштелердің бар екенін және Аллаһтың өзіне күре тамырынан да жақын екенін адам баласы ұмытпауы тиіс. Аллаһ тағала адамның ішкі ойларынан да хабардар. Имам Мәлік: «барлық сөз жазылады, тіпті ауырған адамның ыңырсуы да»[5] – деп барлық сөз атаулының міндетті түрде жазылатындығын ұқтырған. Тәпсірші Алуси: «Адамдардың жасаған әрбір (жақсылы–жаманды, біліп–білмей жасаған) амалы мен сөздерін періштелердің жазатындығына сену – уәжіп», – дейді. Іштей айтылған сөздердің жазылмайтынын айтқандар да бар. Бәйһаки, Шуаб Хузайфа ибн Ямамнан: «Сөздің жеті құлпы бар. Егер олардан сөз шықса міндетті түрде жазылады. Шықпаса жазылмайды. Бұлар жүрек, кішкентай тіл, тіл, екі жақ және екі ерін»,[6] – деп риуаят етеді

Бірде хазірет Суфиян ибн Уйайнадан бір адам келіп: «Егер адам жақсы амалға ниеттеніп, оны жасай алмаса, Кирамун Катибун періштелері не жазбақ?», – деп сұрағанда, Суфиян ибн Уйайна: «Адамның жақсылығы мен жамандығын жазатын періштелер ғайыпты білмейді. Бірақ адам ізгі амалға ниеттенсе ол адамнан жұпар иіс шығатын көрінеді. Сол жұпар иісті сезетін періштелер ол адамның ізгі амалға ниеттенгенін біледі. Ал теріс амалға ниет етсе, жағымсыз иіс шығады екен. Ізгі ниетті іске асырмаған күннің өзінде де періштелер сауап жазады. Ал теріс, зиянкес іске ойы кетсе де оны жасамайынша күнә жазбайды. Бұл Аллаһтың бізге деген мейірімділігі», – деп жауап берген екен.

Аллаһ тағала біздің қандай амал жасайтынымызды жақсы біле тұра, періштелерге осындай істерді міндеттеген. Осылайша, ертеңгі күні адам баласының жасаған әрбір әрекеті мен сөздерінің тіркелуі өзіне дәлел болмақ.

Қалмахан Ержан

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Қаф, 50/17

[2]    Инфитар, 82/10-12

[3]    Зұхрұф, 43/80

[4]    Бухари, Риқақ, 31; Таухид, 35; Муслим, Иман, 203-204

[5]    әл-Алуси, Рухул Мәани, Бейрут, ХІІІ, 2/179

[6]    Бәйхаки, Шуабул-Иман, №5008

Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дінде анаға ерекше құрмет көрсетудің мәні неде?

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121066 бөлісті
    Бөлісу 48426 Твитерге 30267
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00